«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6 –бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг (бұдан әрі-Мониторинг) жүргізу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу тәртібі.»;
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы Аты-жөні |