Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 210-1-бабының 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1.   Қоса беріліп отырған сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті (бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2.   Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-1-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу (енгізу және алып тастау) тәртібін айқындайды.
  2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімінде көзделген талаптар мен міндеттемелердің орындалуына сараптамалық бағалау жүргізу үшін нарық субъектісі Кодекстің 210-1-бабының талаптарына сәйкес айқындалатын сенім білдірілген адамды тартуға құқылы.
  3. Сенім білдірілген адам – экономикалық шоғырланудың нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар адам.
  4. Хабарлама – сенімді тұлға мен нарық субъектісі арасында шарт жасасу туралы жазбаша хабарлама.

 

 

  1. Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу тәртібі

 

  1. Сенім білдірілген адамдар тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімді қалыптастырады және жүргізеді.
  2. Тізілімге кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері ұсынатын кандидаттар енгізіледі.
  3. Тізілімге енгізу үшін Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының Ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органнан алынған сенім білдірілген тұлғаны аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.
  4. Сенім білдірілген тұлғаны тізілімнен шығару үшін оның Кодекстің 210-1-бабының талаптарын бұзуы негіз болып табылады.
  5. Сенім білдірілген тұлғаларды Тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) туралы шешім монополияға қарсы органға хабарлама келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей монополияға қарсы орган басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
  6. Сенім білдірілген адамды Тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) туралы ақпарат шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей осы тұлғаға жолданады.
  7. Тізілім монополияға қарсы органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

 

 

Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидасына

Қосымша

 

 

Нысан

 

Сенім білдірілген адамдардың тізілімі

 

 

№

Тегі, Аты, Әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы (БСН)

Уәкілетті органның жеке не заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті ресми танығанын растайтын құжат

Сенім білдірілген тұлғаның жұмыс орны (жеке тұлға үшін)

Сенім білдірілген тұлғаның заңды мекенжайы (заңды тұлға үшін)

Сенім білдірілген тұлғаны сенім білдірілген тұлғалар тізіліміне енгізу (Алып тастау) туралы шешім

1

2

3

4

5









 

 

 

приказ
Дата публикации
11 февраля 2022