Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
бұйрықпен
бекітілді
Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 90-6-бабының 20-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жоспар-кесте - мониторинг объектілерінің тізбесін және мониторинг жүргізу кезеңдерін қамтитын құжат;
2) мониторинг объектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар;
3) мониторинг - монополияға қарсы органның келісімін алмастан мониторинг объектілерінің құру жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
4) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
- Мониторингті монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
- Мониторинг мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы мониторинг;
2) жоспардан тыс мониторинг.
- Жоспарлы мониторинг осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен (республикалық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) және монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері басшыларының (коммуналдық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) бұйрықтарымен жыл сайын бекітілетін жоспар-кестелерге сәйкес жүргізіледі.
- Жоспардан тыс мониторингтің негіздері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары;
2) мемлекеттік органдардан түскен материалдар;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдары;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары.
- Жоспардан тыс мониторингті тағайындау монополияға қарсы орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен жүзеге асырылады.
- Жоспар-кестеге енгізілген мониторинг объектісіне қатысты жоспардан тыс мониторинг жүргізілген жағдайда, мұндай мониторинг объектісі жоспар-кестеден шығарылады.
2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу тәртібі
- Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен ақпарат жинау және өңдеу;
2) алынған ақпаратқа монополияға қарсы органның келісімін алмай мониторинг объектілерінің құру, жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау тұрғысынан талдау жүргізу;
- Монополияға қарсы орган ақпарат жинауды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мониторинг объектілерінің атына тиісті сұрау салулар жіберу арқылы, сондай-ақ ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы жүзеге асырады.
- Алынған ақпарат мониторинг объектісін құру, мониторинг объектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау үшін өңделеді және жүйеленеді.
- Мониторинг жүргізу кезінде монополияға қарсы орган мониторинг объектісінің құрылтай құжаттарын, статистикалық және қаржылық-экономикалық есептерді зерделейді, мониторинг объектісіінің қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарымен салыстырады.
- Мониторинг объектілерін құру, жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілері, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдайды.
Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру, олардың жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Жоспар-кесте
|
№
|
Мониторинг объектісінің атауы
|
Мониторинг жүргізу кезеңі
|
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
|