«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 154891 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

3-тармақтың 5-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)»;

4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацының бірінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш;»;

4-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацының үшінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін Көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының                                             2-тармағына сәйкес:

мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін Көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПРК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-нің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.»;

бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 1-қосымшадағы 2-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын

_______________________________________________________________

(Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)»;

бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініш»;

бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 2-қосымшадағы 1-Бөліктің 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын

№__________ бастап "___" _________ 20___ жыл,

берілген______________________________________________________

_______________________________________________________________

(лицензияның нөмірі, Берілген күні, атауы)

лицензия берген лицензиардың)

жүзеге асыруға ___________________________________________________________________»

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшада:

реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)».

реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына Лицензия (қызметтің кіші түрінің атауы), қайта ресімделген лицензия (қызметтің кіші түрінің атауы) не осы Стандартта көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап.».

  1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

аты-жөні

 

приказ
Дата публикации
10 февраля 2022