БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақтың 1), 2), 3), 4) 5) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) болмашы бұзушылықтар – интернет-ресурстың арнайы бөлімінде белгіленген есептілік нысанына сәйкес тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесін, тізбе өзгерген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде орналастырмауына; басшылық лауазымындағы және басшылық лауазымдағы емес тауар биржасы қызметкерлерінің қажетті біліктілігінің болмауына; сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болмауына; мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болмауына байланысты бұзушылықтар;
2) елеулі бұзушылықтар – тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындамауына; өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша ай сайынғы есептілікті ұсынылмауына; тауар биржаның бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған, арнайы бөлімдерді (тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі; биржалық сауда-саттықтар нәтижелері; биржалық тауарларға баға белгілеу; бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған, арнайы бөлімдерді (тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі; биржалық сауда-саттықтар нәтижелері; биржалық тауарларға баға белгілеу; уәкілетті органға ұсынылатын есептік ақпарат) көздейтін және тауар биржасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастыруын (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) қамтамасыз ететін тауар биржасының өз интернет-ресурсының болмауына; клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болмауына; тауар биржасында биржалық төреліктің болмауына; тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындамауына; құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған екі және одан артық шағымдар мен өтініштердің болуына байланысты бұзушылықтар;
3) өрескел бұзушылықтар – тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болмауына; құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болмауына; кепілдік және сақтандыру қорларының болмауына; тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастыруға байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтамауына; тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануға тыйым салу туралы талапты сақтамауына; тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтамауына; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламасының болмауына; тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талапты сақтамауына байланысты бұзушылықтар;
4) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және қадағалауды белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;»;
«9) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.»;
7-тарамақтың екінші бөлігінде:
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
2) бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері пайдаланылады;
3) бақылау және қадағалау субъектісі кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы. Қолайсыз жағдайларға инфекциялық аурулар және (немесе) паразиттік және топтық инфекциялық аурулар мен уланулар жағдайларының тіркелуі, оның ішінде тағам, өрт, өндірістік жарақаттар мен апаттар, оқиғалар, қираулар, жағдайлар, аса қауіпті зиянды ағзаларды және карантиндік объектілерді, олардың таралу ошақтарын анықтау, жануарлар әлемі объектілерінің санының азаюы және олардың мекен ету ортасының нашарлауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болуы және басқалар жатады;»;
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
5) тәуелсіз ұйымдар аудитінің (сараптамасының) нәтижелері (энергия аудиті, энергия сараптамасы, жою кезіндегі тәуелсіз аудит, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы және аудиттің (сараптамалардың) басқа түрлері);
6) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқа);
7) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, бар болған жағдайда "бұзушылар" рейтингтерін, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізбесін талдау;
8) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.»;
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
|
|
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
тауар биржалары туралы
заңнамасының сақталуының
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
|
№ |
Субъективті өлшемшарттар |
Бұзушылық дәрежесі |
|
1. Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және салалық ұйымдардың бақылау субъектісі ұсынатын есептілікке және мәліметтерге жүргізген мониторингілеу нәтижелері |
||
|
1 |
Өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша ай сайынғы есептіліктің ұсынылмауы |
Елеулі |
|
2 |
Интернет-ресурстың арнайы бөлімінде осы белгіленген есептілік нысанына сәйкес тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесін, тізбе өзгерген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде орналастырмауы |
Болмашы |
|
3 |
Бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған, арнайы бөлімдерді (тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі; биржалық сауда-саттықтар нәтижелері; биржалық тауарларға баға белгілеу; уәкілетті органға ұсынылатын есептік ақпарат) көздейтін және тауар биржасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастыруын (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) қамтамасыз ететін тауар биржасының өз интернет-ресурсы болмауы |
Елеулі |
|
2. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде анықталады) |
||
|
1 |
Тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындау |
Елеулі |
|
2 |
Тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы |
Өрескел |
|
3 |
Құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болуы |
Өрескел |
|
4 |
Тауар биржасының басшылық лауазымдағы қызметкерлерінде мыналардың: жоғары білімнің; тауар биржасы саласында және (немесе ) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің. Тауар биржасының басшылық лауазымды атқармайтын қызметкерлерінде жоғары немесе ортадан кейінгі білімінің болуы |
Болмашы |
|
5 |
Сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болуы |
Болмашы |
|
6 |
Клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болуы |
Елеулі |
|
7 |
Тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талаптың болуы |
Өрескел |
|
8 |
Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы |
Елеулі |
|
9 |
Кепілдік және сақтандыру қорының болуы |
Өрескел |
|
10 |
Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтау |
Өрескел |
|
11 |
Тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануына тыйым салу туралы талапты сақтау |
Өрескел |
|
12 |
Тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтау |
Өрескел |
|
13 |
Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындауы |
Елеулі |
|
14 |
Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау және оны жүзеге асыру қағидаларының болуы |
Өрескел |
|
15 |
Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы |
Болмашы |
|
3. Шағымдар мен өтініштердің болуы және саны |
||
|
1 |
Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған екі және одан артық шағымдар мен өтініштердің болуы |
Елеулі |
Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес _______________________________________________________________________________________________________________________саласында/аясында
____________________________________________тауар биржаларына қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
____________________________________________________________________
|
№ |
Қойылатын талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
|
1 |
Тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындау |
|
|
|
|
|
2 |
Тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы |
|
|
|
|
|
3 |
Құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болуы |
|
|
|
|
|
4 |
Тауар биржасының басшылық лауазымдағы қызметкерлерінде мыналардың: жоғары білімнің; тауар биржасы саласында және (немесе ) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің. Тауар биржасының басшылық лауазымды атқармайтын қызметкерлерінде жоғары немесе ортадан кейінгі білімінің болуы |
|
|
|
|
|
5 |
Сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болуы |
|
|
|
|
|
6 |
Клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болуы |
|
|
|
|
|
7 |
Тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талаптың болуы |
|
|
|
|
|
8 |
Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы |
|
|
|
|
|
9 |
Кепілдік және сақтандыру қорының болуы |
|
|
|
|
|
10 |
Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтау |
|
|
|
|
|
11 |
Тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануына тыйым салу туралы талапты сақтау |
|
|
|
|
|
12 |
Тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтау |
|
|
|
|
|
13 |
Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындауы |
|
|
|
|
|
14 |
Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау және оны жүзеге асыру қағидаларының болуы |
|
|
|
|
|
15 |
Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы |
|
|
|
|