Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 41-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру.
Лауазымы Аты-жөні
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Төрағасының 2022 жылғы 20 ... № ...
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1) монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын «Елбасы академиясы» корпоративтік қорына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған;
4) мемлекеттік тапсырманы орындаушы-мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты нарық субъектісі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының Кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
2 тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру тәртібі
Мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде монополияға қарсы орган ұсынысты қарау мерзімін тоқтата тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарланады.
1) ресми статистикалық ақпарат деректері;
2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өз зерттеулерінің деректері;
3) қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері;
4) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулердің, іріктеп сауалнамалардың және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға сауалнама жүргізу деректері;
5) орталық мемлекеттік органдардан, жеке, заңды тұлғалардан, жергілікті атқарушы және өкілді органдардан алынған мәліметтер;
6) қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының деректері»;
7) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулердің, іріктемелі пікіртерімдердің және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға сауалнама жүргізу деректері.
1) мемлекеттік тапсырманың нысанасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне айқындау;
2) мемлекеттік тапсырманы іске асырудың орындылығын бағалау;
3) қорытынды дайындау.
1) Кодекстің 41-бабының 4-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар тізбесін салыстыру;
2) Кодекстің 41-бабының 4-2-тармағында көрсетілген критерийлердің біріне сәйкестікті белгілеу.
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігінің болмауы, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің ерекшелігі және (немесе) бірегейлігі Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның актісі негізінде белгіленеді.
Мемлекеттік тапсырманы іске асырудың орындылығын бағалау кезінде, оның ішінде:
1) мемлекеттік сатып алу веб-порталын талдау нәтижесінде алынған ұқсас не бірін-бірі алмастыратын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық негізде сатып алу туралы мәліметтер;
2) ұқсас қызмет түрін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің саны түріндегі әлеуетті бәсекелестер туралы Мемлекеттік статистика органдарының мәліметтері;
3) Кодекстің 41-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қосалқы мердігерге (орындаушыға) орындау үшін беруге ұсынатын қызметтердің түрі мен көлемі;
4) мәлімделген жұмыс түріне рұқсат құжаттары (лицензиялары) бар кәсіпкерлік субъектілерінің деректері.
3 тарау. Қорытынды ереже
1) мемлекеттік тапсырманың қысқаша сипаттамасы;
2) мемлекеттік тапсырманы орындаушы туралы ақпарат;
3) Кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тапсырманың көрсетілетін қызметтерінің көлемін қосалқы мердігерге (бірлесіп Орындаушыға) беруге негіздер болған кезде мемлекеттік тапсырманы келісудің орындылығы не орынсыздығы туралы тұжырымдар.