«Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 «Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16916 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемеде:

1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы орган мен монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) белгілейтін монополиялық жоғары (монополиялық төмен) бағаны анықтау кезінде қолданады.»;

3 тармақта:

бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

«3. Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер бұл баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайданың сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайларында қалыптасқан, оның ішінде белгіленген бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы деп түсініледі:";

6 тармақта:

1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«1) Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауарға тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығындағы басқа нарық субъектілерінің нақ осындай тауарына бағадан асатын бағаны белгілеген;";

2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«2) Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауарға бағалардың өсу қарқынының тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығындағы бағалар өсуінің тиісті қарқынымен салыстырғанда асып кетуі;»;

12-тармақ келесі мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

«Егер Субъект тауарлардың бірнеше түрін өндірсе (өткізсе), тауарды өндіруге (өткізуге) байланысты қажетті шығыстар мен пайда тауардың әрбір түрі бойынша шығыстар мен пайданы бөлек есепке алуға сәйкес айқындалады.

Субъектіде шығыстар мен пайданы бөлек есепке алу болмаған жағдайда, қажетті шығыстар тауардың әрбір түрі бойынша табысқа бара-бар айқындалады".

  1. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Тергеп-тексерулер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
17 января 2022