БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну қағидалары;
2) Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
____________С. Жұманғарин |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
_____________ Е. Жамаубаев |