БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Тауар биржалары үшін Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысандарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Заң қызметіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
________ С. Жұманғарин
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
__________ А. Иргалиев |
|
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы ___ желтоқсандағы № ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы ___ қарашадағы № ___ бірлескен бұйрығына 1 қосымша |
Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына тауар биржалары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бақылау субъектілері – тауар биржалары;
2) болмашы бұзушылықтар – бақылау субъектілері әзірлеген мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шаралардың сақталмауына, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауына байланысты бұзушылықтар;
3) елеулі бұзушылықтар – бақылау субъектілерінің қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты, қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауына, уақытылы ұсынбауына, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шаралардың қолданбауына, бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамауына, бұзушылық фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен бір өтініштің немесе шағымның болуына байланысты бұзушылықтар;
4) өрескел бұзушылықтар – бақылау субъектілерінің қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбауына, уақытылы ұсынбауына, ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралардың қолданбауына, уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұрмауына, өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарлау жөніндегі талаптарын бұзуына, ішкі бақылау қағидаларының болмауына, қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келмеуіне, уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жібермеуіне, бұзушылық фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен екі және одан да көп өтініштердің немесе шағымдардың болуына, мемлекеттік органдардан және ұйымдардан бұзушылық фактілерімен келіп түскен расталған мәліметтердің болуына байланысты бұзушылықтар;
5) тәуекел – бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) ішкі бақылау – кірістерді жылыстатуды заңдастыруды және терроризмді қаржыландыруды болдырмау мақсатында бақылау субъектісі қабылдайтын ұйымдастыру, саясат, рәсімдер мен әдістер жүйесі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары
1) тәуекелді анықтау;
2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу.
3-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) шағымдар мен өтініштердің болуы;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
4-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
1) бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі;
2) елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;
3) болмашы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұндағы:
SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны;
4) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша анықталады:
SР = SРз + SРн, мұндағы:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатқызылады:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ге дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;
2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.
|
|
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
|
№ |
Өлшемшарттар |
Бұзушылық дәрежесі |
|
1-бөлім. Бақылау субъектісі, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылатын мәліметтер мониторингінің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) |
||
|
1 |
Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) |
елеулі |
|
2 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау) |
өрескел |
|
3 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) |
өрескел |
|
4 |
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну |
өрескел |
|
5 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақытылы ұсыну |
елеулі |
|
6 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақытылы ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті) |
елеулі |
|
2-бөлім. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) |
||
|
7 |
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау |
болмашы |
|
8 |
Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы |
болмашы |
|
9 |
Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) |
елеулі |
|
10 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау) |
өрескел |
|
11 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) |
өрескел |
|
12 |
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну |
өрескел |
|
13 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну |
елеулі |
|
14 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті) |
елеулі |
|
15 |
Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану |
елеулі |
|
16 |
Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы |
елеулі |
|
17 |
Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану |
өрескел |
|
18 |
Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру |
өрескел |
|
19 |
Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау |
өрескел |
|
20 |
Ішкі бақылау ережелерінің болуы |
өрескел |
|
21 |
Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы) |
өрескел |
|
22 |
Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу |
өрескел |
|
3-бөлім. Шағымдар мен өтініштердің болуы |
||
|
23 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен бір өтініштің немесе шағымның болуы |
елеулі |
|
24 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен екі және одан да көп өтініштердің немесе шағымдардың болуы |
өрескел |
|
4-бөлім. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері |
||
|
25 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактілерімен мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған мәліметтердің болуы |
өрескел |
|
|
Қазақстан Республикасының 20__жылғы ________ № _____ және |
|
|
|
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының тауар биржаларына қатысты сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабына сәйкес____________________________________________________________
___________________________________________________________қатысты
бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
_____________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган______________________________________________________________
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы Акті______________________________________________________________
__________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы____________________________________
__________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
|
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау |
||||
|
2 |
Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы |
||||
|
3 |
Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) |
||||
|
4 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау) |
||||
|
5 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) |
||||
|
6 |
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну |
||||
|
7 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну |
||||
|
8 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті) |
||||
|
9 |
Клиенттер-ді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану |
||||
|
10 |
Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы |
||||
|
11 |
Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану |
||||
|
12 |
Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру |
||||
|
13 |
Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау |
||||
|
14 |
Ішкі бақылау ережелерінің болуы |
||||
|
15 |
Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы) |
||||
|
16 |
Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу |
Лауазымды тұлға(лар) ______________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)