«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қарашадағы № 12-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереженің 21-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агенттіктің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Төраға Жұманғарин