Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасының С.М. Жұманғариннің
БАЯНДАМАСЫ
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Бағаны төмендету және тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарының қорытындысы. 1-слайд. Ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 9,9 (тоғызда тоғыз) пайызға өсті, бұл 2020 жылғы өсу қарқынынан (4,6%) екі есе жоғары. Нәтижесінде, бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер және үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша бағаларды төмендету туралы 60 хабарлама шығарылды. Оның ішінде, 50-і азық-түлік тауарларына бағаларды 5 пайыздан 10 %-ға дейін төмендетті. 8 тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларының өсуінің апта сайынғы серпіні 0,6 пайыздан (ағымдағы жылғы сәуірге) минус 0,2 пайызға дейін (ағымдағы жылғы 31 тамызға) төмендеді. Анықтама үшін: өсудің негізгі факторлары баға келісімі емес, объективті экономикалық себептер - азық -түлікке сұраныстың артуы, кірістіліктің төмендеуі; экспорт көлемінің күрт өсуі; тұтыну мен өндірістің теңгерімсіздігі; дайын өнімнің ғана емес, шикізаттың да импортының жоғары үлесі; өндіріс көлемінің төмендеуі; алқаптардың азаюы, жем мен шикізатқа айналым қаражатының болмауы; төмендетілген және тұрақсыз субсидиялар, әлемдік азық - түлік бағасының өсуі; тарифтердің көтерілуі. Мемлекет басшысының көтерме сауда нарығына басты назар аудара отырып, азық - түлік тауарларының барлық бағалары бойынша делдалдық схемаларды тексеру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде 13 тауарлық позиция бойынша жұмыс жүргізілуде. 2-слайд. Екінші мәселе, сауда желілер қызметі. Ритейл нарығын талдау шеңберінде сауда үстемеақысының негізділігін кешенді түрде тексерілуі басталды. Сауда желілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 152 пайыздан асырғандығы бойынша 25 факті анықталды, осыған орай жергілікті атқарушы органдарға жауапкершілікке тарту үшін материалдар жіберілді. Бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 10 сауда желісіне («Фиркан» ЖШС, «Грамад Ретейл» ЖШС, «Магнум Кэш энд Керри» ЖШС (ШҚО), «Ярмарка» ЖШС, «Идеал Маркет» ЖШС (Атырау обл.), «Дина Маркет» ЖШС, «Идеал Маркет» ЖШС (Цивильск), «Дина Маркет» ЖШС, «Анвар» ЖШС (Ақтөбе обл.)) қатысты шаралар қабылданды. Сауда желілеріне қатысты жұмыс жалғасуда. Ең ірі республикалық желі Магнум («Magnum Cash@Carry» ЖШС) өзіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15-тен 10 пайызға дейін төмендету туралы міндеттеме алды. 3-слайд. Агенттік ай сайын қауымдастық өкілдерімен және азық-түлік тауарларының ірі өндірушілерімен кездесу өткізуде. Кездесу барысында осы жылдың соңына дейін бағаларды өсіруге себептердің жоқ екендігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ал тауық жұмыртқасына бағалар маусымаралық кезеңнен кейін жыл басындағы деңгейде болады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер бірқатар мәселелерді шешуге көмек сұрап отыр. Бірінші кезекте, бұл жаңа өнім үшін қолданыстағы төмен бағада шикізат пен жемшөпке қаражат бөлу, бұл жылдық шығындарын азайтады. Өндірушілер ұсынған деректер бойынша қажетті қаржыландырудың жалпы сомасы 212,-де 3 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде сатып алу үшін (күнбағыс - 27 млрд.тг.; қант қызылшасы - 6 млрд. тг., қант құрағы – 8 млрд.тг.; қарақұмық – 9 млрд. тг.; құс фабрикалары үшін – 162,3 млрд. тг. жұмыртқа бағытындағы – 96,3 млрд.тг.). Жанар-жағармай нарықтары бойынша ағымдағы жұмыс 4-слайд.
Бензин (АИ-92 маркалы)
Бүгінгі таңда АИ-92 маркалы бензинді сату нарығында тұрақтылық байқалады. Ірі желілердің сату бағасы 175 тг/л аспайды.
3
Агенттік өңірлік бензин сатушыларға және "Petro retail", "Синоил" және "Гелиос" 3 ірі желілеріне 14 хабарлама жолдады. Барлық хабарламалар орындалды. Жалпы, республикада бензин бағасының төмендеуі орта есеппен 3% - ды құрады.
Дизель отыны
Бүгінгі күні ірі желілердің сату бағасы 200 тг/л-ден аспайды (Нұр-сұлтан қаласында "Газпромнефть-Қазақстан" ЖШС 201 тг/л және Қостанай облысында "Гелиос" ЖШС 207 тг/л қоспағанда, осы фактілер бойынша ағымдағы бағалардың көтерілуінің негізділігіне талдау жүргізіледі).
Агенттік өңірлік дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге 19 хабарлама және 4 ірі желіге: "Газпромнефть-Қазақстан" ЖШС, "Petro retail" ЖШС, "Синоил" ЖШС және "Гелиос"ЖШС шығарды. Барлық хабарламалар орындалды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап дизель отынына акциз 540-тан 9 300 тг/т дейін өскенін атап өткен жөн, бұл бағаға орта есеппен литріне 8 теңгеге дейін әсерін тигізеді. Тұрғын үй құрылысы нарығындағы ағымдағы жұмыс: 5-слайд.
Бүгінгі таңда кезде бастапқы тұрғын үйге бағалар 3 пайыздан (ағымдағы жылғы қаңтар) 0,4 пайызға дейін (ағымдағы жылғы шілде), сондай-ақ қайталама тұрғын үйге 5 пайыздан (ағымдағы жылғы қаңтар) 1,1 пайызға дейін (ағымдағы жылғы шілде) төмендегені байқалды.
Хабарламаны орындау шеңберінде «РАМС-Казахстан» компаниялар тобы бағаларды Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінен шаршы метр үшін 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін, «BAZIS-A» компаниясы Алматы қаласында тұрғын үй кешендеріне шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, «BI Group» Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үйінде бастапқы тұрғын үйге орта есеппен 8 пайызға, Алматы қ.- 11 %-ға, Шымкент қ. - 3 %-ға, Атырау қ. - 4 %-ға төмендетті. Басқа құрылыс салушылар да хабарламаларды орындап, бағаларды орта есеппен 15-
4
20%-ға төмендетті. Бағалардың төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды, төмендеу серпіні – шаршы метрге 10 000-ден 125 000 теңгеге дейін.
Сондай-ақ бүгінгі күні құрылыс компанияларымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың нормаларын сақтау туралы 7 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды. Құрылыс материалдары нарығындағы ағымдағы жұмыс 6-слайд.
Жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсуі 25% - ды құрады. (ағымдағы жылғы қаңтар-шілде). Бұл ретте, құрылыс материалдары бағаларының өсу қарқыны сәуір - 10,9 %; мамыр - 3,4%; маусым - 4,2 %; шілде - 1,7 %-ға дейін өзгеру үрдісі байқалады.
Құрылыс материалдары бағасының негізгі өсуі сыртқы нарықтардағы (алюминий, мыс, болат прокаты, кен, сынық, ағаш және т.б.) баға жағдайымен негізделген. Бұл өзгерістер арматура (өсім 45%), кабель (20%), профлист (70%), шыны (35%) және т. б. құнына әсер етті.
Бағаның өсуінің негізінде электр энергиясына тарифтердің орташа - 12%-ға, Жанар жағар май - 15%-ға, энергетикалық көмірге-10%-ға, теміржол тасымалдарына - 18%-ға өсуі сияқты объективті факторлар бар, олар отандық өндірістің құрылыс материалдары бағасының өсуіне тікелей әсер етті. Құрылыс материалдарының өзіндік құнындағы осы шығындардың үлесі 15-тен 30% - ға дейін құрайды.
Құрылыс материалдары шығындарының құрылымында шаршы метрдің құнына әсер ететін негізгі топ кірпіш – 18%, темірбетон бұйымдары – 17%, металлургиялық конструкциялар мен бұйымдар – 10%, құрғақ қоспалар – 6%, бетон – 3% және т. б.
Бағаны көтерудің негізділігін қарау және сөз байласу белгілерін белгілеу мақсатында құрылыс материалдарының 25 түрі (кірпіш, бетон, арматура, цемент және т.б.) бойынша құрылыс материалдары нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілуде.
Бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 75 хабарлама жолданды. (цемент – 21; арматура – 20; кірпіш – 12; бетон – 10;
5
полиэтилен құбырлар – 3; қиыршық тас – 3; швеллер – 2; бетоннан жасалған қабырға блогы – 1; кәбіл – 1; шыны – 1; паркет тақтайлар – 1)
Бүгінгі таңда 42 компания хабарламаны орындады, оның ішінде 35 компания бағаның төмендеуімен: арматураға – 25%, цементке – 10%, бетонға – 10%, полиэтиленді құбырларға – 6%, кабельге – 5-тен 14% - ға дейін, кірпішке - 3%. және (3 - арматура; 3 - цемент; 1 - бетон; 2 -кірпіш, қиыршық тас – 3) 10 тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Монополияға қарсы бақылау шараларының нәтижесінде республика бойынша баға өсуінің ай сайынғы тренді маусым айындағы 4,2% - дан шілде айында 1,7% - ға дейін төмендетілді.
Цемент, кірпіш, қиыршық тас, бетон және темір бетон бұйымдарын өндірушілермен және жеткізушілермен 10 монополияға қарсы комплаенс жасалды.
7-слайд.
Агенттік барлық әлеуметтік маңызы бар тауар нарықтары бойынша тексеру іс-шараларының жаңа кешені басталғанын хабарлайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай және құрылыс материалдары нарықтарынан басқа, бұл ұялы байланыс, интернет қызметтері, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, зертхана қызметтері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, домофондар, лифт, басқарушы компаниялар, биллингтік қызметтер нарықтары. Төлем ұйымдары қызметтерінің бағаларын, әсіресе коммуналдық қызметтерге, мемлекеттік монополиялар қызметтеріне, мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметтеріне ақша аудару кезінде төмендету бойынша шаралар қабылданатын болады.
Шағымдардың көптігіне байланысты, мұнай өнімдерін, сұйытылған газ, электр энергиясын өткізу кезінде тауар биржаларын қоса алғанда, барлық маңызды жұмыс істеп тұрған сауда алаңдары бағалық сөз байласу және сауда-саттыққа қол жеткізуді шектеу тұрғысынан тексеріледі.
Осылайша, халық үшін барлық маңызды тауар нарықтарында бағаларды кешенді төмендету жұмыстары жалғастырылатын болады.
6
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рақмет.