Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасының С.М. Жұманғариннің БАЯНДАМАСЫ/Презентациясы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасының С.М. Жұманғариннің

БАЯНДАМАСЫ

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

 

Слайд 1.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құрылғаннан бері елімізде бәсекелестікті дамытудағы аса маңызды кезең Мемлекет басшысының бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы Жарлығының қабылдануы болды. Онда Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамытуға алғаш рет жәрдемдесу және проактивті бәсекелестік саясатты енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің басым бағыты болып жарияланды.

Бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттары, тауар нарықтарына кіру кедергілері мен тосқауылдарын қысқарту, тауарлардың жаңа түрлерінің нарықтарын қалыптастыру, мемлекет қатысатын субъектілердің үлесін қысқарту, биржалық сауданы кеңейту, нарық субъектілерінің мемлекеттік қолдау және мемлекеттік сатып алу шараларына тең қол жеткізуі, доминанттардың ашықтығы және олардың бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесін іске асыруы айқындалды.

Сонымен қатар, Үкімет пен мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

 

Слайд 2.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Агенттік «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында краудсорсингтік алаңдар ашты.

Ең алдымен, бұл Open Space пікір алмасудың ашық диалог алаңы, онда қоғамды толғандыратын ең өзекті және көкейкесті мәселелер бойынша 211-ден астам сессия өтті, сондай-ақ елдің 17 өңірінде тосқауылдар бойынша кеңестер құрылды, оларға 216 сарапшы қатысады.

Осы уақыт ішінде 80-нен астам кедергілер анықталды, олардың 13-іне шаралар қабылданды.

 

Слайд 3.

Бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлін айқындау.

Негізгі тауар нарықтарындағы шоғырланудың жоғары деңгейі және экономикаға мемлекеттің қатысуының жоғары деңгейі бүгінгі күні бәсекелі экономиканы дамыту жолындағы негізгі кедергі болып табылады.

Бұл ретте, бәсекелестікті дамыту бойынша 3 негізгі реттеуші кедергі анықталды.

Біріншіден, бұл негізгі қуатқа қол жеткізу, бағаны бұрмалау, сондай-ақ жебеушісі немесе фаворитизм.

 

Слайд 4.

Негізгі қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады. Бұл инфрақұрылым немесе объект, оған бәсекелестер тұтынушыларға өз қызметтерін ұсына алмайды.

Бұған магистральдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, әрі қарай өңдеуге арналған бастапқы металдар, теңіз порттары, дәрі-дәрмек өндіруге арналған заттар, өндіріс технологиялары жатады.

Біз негізгі қуатқа қол жеткізу принциптерін айқындадық: ақылылық, транспаренттілік, жеделділік, мүмкіндік, басым жағдайға ие болу.

 

Слайд 5.

Бәсекелестікті дамытудың одан әрі бағыты – биржалық сауданы дамыту. Биржалық сауда дұрыс жолға қойылды.

Бүгінгі таңда бензин, битум, көмір, сұйытылған газ сауда-саттығы іске қосылды.

Осы жылдың соңына дейін авиакеросин, дизель отыны, бидайдың  есебінен сауда кеңейетін болады.

Алғаш рет көмірмен биржалық сауда-саттық өткізілді, онда карьерлердің өздері жеткізу базисі болып табылады. Қаражыра мен Шұбаркөлдің алғашқы сауда-саттығы тұтынушы үшін үнемділігі  20% - ға дейін  құрайтынын көрсетті.

 

Слайд 6.

Келесі маңызды қадам, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы болды - мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін  реттеу.

Біз 51 монополиялық операторды анықтадық, оның ішінде 47-сі мемлекеттік қатысумен.

Біз не ұсындық.

Олардың 24-і бойынша арнайы құқық институты енгізіледі - олар қатаң реттеуге, бағалық, өзге қызметті шектеуге, басқа компанияларға қатысуға тыйым салуға, жариялылыққа, бизнес құру кезінде  залал келтірген жағдайда  шығындардың орнын толтыруға жататын болады.

18 реттеу бойынша операторлар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырып, және табыс таппағандықтан, олар бұл тізімге кірмейді. 

9-ы бойынша түбегейлі шаралар қабылданады: 4-уі жойылады немесе жекешелендіріледі, 5-уі операторлықтан айырылады, олардың жай ғана ведомстволық бағынысты ұйымдар мәртебесі сақталып қалады.

Бұл жұмыс келешекте өз жалғасын табатын  болады.

 

Слайд 7.

Маңызды аспект – кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын қысқарту.

Мемлекеттің экономикаға қатысуы бүгінгі күні 14,8% - ды, 2 мыңнан астам квазимемлекеттік сектор субъектілерін құрайды.

Біз мемлекеттік меншікті секторлық талдауды ұсындық.

Яғни, қызмет түрлеріне қарамастан, егер сектор Шағын және орта бизнес субъектілерінің санын, мемлекеттік қолдау деңгейін ескере отырып жетілсе, оны толық жекешелендіру қажет.

Мысал ретінде стоматология, қауіпсіздік, көлік қызметтері, абаттандыру кәсіпорындары жатады. Әрине, Қазақстанның өңірлерін ескеру қажет.

Маңызды аспект - мемлекеттік тапсырыстар санын қысқарту.

Біз келесі жылы оларды 27-ге, ал жалпы 2025 жылға қарай шамамен 2 есеге қысқартуды жоспарлап отырмыз.

Экономикалық тиімділік 30 миллиард теңгеден асады.

 

Слайд 8.

Мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдауды дербестендіру жүріп жатыр. Көбіне ірі бизнеске қолдау көрсетіліп жатады.

Біз Шағын және орта бизнес үлесін, мемлекеттік қатысу деңгейін, кедергілердің болуын, нарықтық шоғырлану деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің бәсекелестік принциптерін  әзірлейтін боламыз.

Цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін енгізу.

Біз қазірдің өзінде цифрлық экономика дәуіріне аяқ бастық.

Әрине, реттеудің бүгінгі әдістері біршама ескірген, сондықтан цифрлық платформаның түсініктерін, желілік тиімділікті және цифрлық  нарықтарды талдаудың жаңа әдіснамасын анықтау қажет.

 

Слайд 9.

Электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік маңызды болып табылады.

Бүгінгі таңда ұйымдастырылған сауда-саттықта электр энергиясының тек 1% сатылады. Қалғанының бәрі ашық емес тікелей келісімшарттар бойынша сатылуда. Осыған байланысты, 2025 жылға дейін ұйымдастырылған электр энергиясы саудасы кем дегенде 30% - ға дейін артады. Сонымен қатар, біз электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы саралауды жоюды жоспарлап отырмыз.

Мұның бәрі жыл сайын 20 миллиард бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, 31 миллиард шағын және орта бизнес үшін шығын бөлігі  үнемделіп,  біздің есебіміз бойынша тұрғын үйге көмек ретінде 720 миллионға артады.

 

Слайд 10.

Келесі маңызды мәселе – көлік нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту.

Ең бастысы, жүк темір жол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту.

Бізде осы мәселе бойынша 40-тан астам лицензия берілген.             3 тасымалдаушы бар, олардың 2-і пилоттық режимде жұмыс істейтін жеке меншік болып табылады.

Басты міндет - осы қызметті кеңейту.

Яғни, 2025 жылға қарай кемінде 10 тасымалдаушы болуды жоспарлап отырмыз.

Сондай – ақ, біз үшін үлкен жабық нарық - бұл әуежай қызметі нарығы.

Терминалдық қызмет көрсетуге кем дегенде 2 оператор, оның біреуі тәуелсіз болу үшін перрондық қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу жоспарланып отыр және жолаушылар ағыны көп әуежай  нарықтарында 2 миллион адам кем дегенде жерүсті 3 қызмет көрсету түріне  қол жеткізе алады.

Жолаушылар тасымалы нарығы.

Мемлекеттік автобус парктерінің белгілі бір саны бар. Біз оларды толығымен жекешелендіруді жоспарлап отырмыз.

 

Слайд 11.

Дәрілік заттарды өткізу нарықтарында бәсекелестікті дамыту.

Нарық қатаң реттелген.

Халықаралық патенттелмеген атауы бойынша өзара алмасушылығы болған кезде мемлекеттік бағалық реттеуге жататын дәрілік заттарды қысқарту болжанып отыр.

Трастқа қарсы реттеу шеңберінде 2020 жылы түрлі аспектілер бойынша 109 тергеу аяқталды. Бүгінгі таңда 29 тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Слайд 12.

Өзін дұрыс жағынан жұмсақ құқықтың тиімді институты ретінде көрсетті.

Осы уақыт ішінде 210 хабарлама, 6 ескерту берілді, монополияға қарсы комплаенстің 138 актісі жасалды.

Осының барлығы Мемлекет басшысының түрлі тапсырмаларын орындауға, медициналық маскалар мен ПЦР тестілеу бағасын төмендетуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні құрылыс материалдары нарығында жұмыс жүргізіліп жатыр, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  және тұрғын үй құрылысы нарықтарында бағаның өсу тренді төмендеді.

 

Слайд 13.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында – адал бәсекелестікке кедергі келтіретін негізгі проблемаларды шешуге бағытталған заң жобасын әзірлеу туралы тапсырған болатын.

Заң жобасы бүгін Үкімет отырысына шығарылады.

Заң жобасында 8 негізгі бағыт бойынша баяндалған, сондықтан бүгін осы заң жобасын қолдауларыңызды сұраймыз.

 

Слайд 14.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды іске асырудың әсері.

Біз мұнай өнімдерінің биржалық саудасын 2025 жылға қарай 20% - ға дейін, сұйытылған газбен алмасуды келесі жылы 100% - ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.

Экономикалық тиімділік 1,9 триллион теңгеден асады.

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық көлемін 2025 жылға қарай 350 миллиард теңгеден астам сомаға 30% - ға дейін ұлғайту.

Бюджет қаражатын жыл сайын 20 миллиардқа үнемдеп,  және шағын және орта бизнестің шығыны 31 миллиард теңгеге дейін азаяды.

Маркет плейстерінің дамуы - электр энергиясын жеткізушіні ауыстыру уақытын 10 есе қысқарту.

2025 жылға қарай әуежайлар аумағында кемінде 7 қызмет көрсету түріне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Байланыс саласындағы кабельдік кәрізге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы муниципалды автобус парктерінің санын 0-ге дейін қысқарту.

2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырыстар санын 50% - ға қысқарту.

2025 жылға қарай 20 бірыңғай операторды оңтайландыру.

Осының барлығы Қазақстандағы бәсекелестік ортаны жақсартуға және дамытуға мүмкіндік береді.

 

Назарларыңызға рақмет!

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасының С.М. Жұманғариннің БАЯНДАМАСЫ
Дата публикации
22 июня 2021