Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы отырысында Агенттік төрағасы С. М. Жұманғариннің баяндамасына Презентация

а.ж. 10 маусымда сағат 09-00-де

ҚР Үкіметі отырысында 4 мәселе бойынша

БҚДА Төрағасының сөз сөйлеуі

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 «Құрылыс материалдары мен тұрғын үй құрылысы нарықтарындағы баға жағдайы»  слайдтарға баяндама

Слайд 1.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында бастапқы тұрғын үй бағасының өсуі 8%-ды құрады. Екінші қайталама тұрғын үй бағасының өсуі – 13%-ды құрады.

Отандық құрылыс материалдарының бағасына келетін болсақ, биылғы қаңтар-сәуірде  өсім 16% - ды құрады.

 

Слайд 2.

Егер тұрғын үйдің шаршы метрінің өзіндік құнының құрылымын қарайтын болсақ, онда 49%-ы құрылыс материалдарынан тұрады, олардың негізгілері кірпіш, темірбетон бұйымдары, металл конструкциялар болып отыр.

 

Слайд 3.

Бұл ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  (ҚазҚСҒЗИ) деректері бойынша жыл басынан бері металл өнімдеріне (профлист 93%, арматура 45%), керамикалық кірпішке (30%), силикатты кірпішке (6%), бетонға (12%), цементке (5%), темірбетон бұйымдарына (26%) бағаның өсуі байқалып отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚазҚСҒЗИ) деректері бойынша жыл басынан бері бағаның өсуі бетонға (12%), цементке (5%), бұл ретте ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 100%; полиэтиленді құбырларға (10%), нарықтың қамтамасыз етілуі - 86%; силикатты кірпішке (6%),

Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі кезінде 50% - дың өзінде, арматура, шыны сияқты импортқа тәуелді материалдар бағасының ең көп өсуі байқалады.

Құрылыс материалдар нарықтары қатысушыларының өздері хабарлағандай, көтерілудің негізгі себептері электр энергиясының, магистральдық теміржол желісі мен жанар-жағармай материалдары қызметінің қымбаттауы болған (2021 жылғы қаңтардан бастап).

 

Слайд 4.

Құрылыс материалдарының жекелеген түрлеріне тоқталып өтсем.

Агенттік жүргізген баға мониторингіне сәйкес зауыттан тұтынушыға дейінгі цемент құнының өсуі 25% - ды құрайды.

Бұл ретте, алдын ала ақпарат бойынша бағаның негізгі өсуі көтерме-бөлшек бөлімінде байқалады. Бірқатар ірі өндірушілер цемент сатуды тек өздерінің сауда және сату компаниялары арқылы жүзеге асырады. («Central Asia Cement» АҚ, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС).

Қазақстан темір жол ақпараты бойынша, цемент тасығыштардың жұмыс істеп тұрған паркі оны тасымалдау қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Бұл ретте, ағымдағы жылдың мамыр айында өткен жылмен салыстырғанда цемент тасымалдау көлемінің 14% - дан астам (900 мың тонна) өскені байқалады.

Бұл ретте магистральдық теміржол желісі тарифінің ұлғаюы цемент бағасының өсуі 5% - дан аспайтынына әсер етті.

Цемент бағасының нақты өсуінің  себептері байқалып отырған жоқ, Сондықтан, бағаның өсуіне байланысты басты назар көтерме-бөлшек сауда бөлігіне аударылатын болады.

 

Слайд 5.

Өз кезегінде цемент нарығы жоғары шоғырланған. 10 негізгі өндіруші жұмыс істейді.

Алайда нарық теңгерімі жақсы, өйткені Қазақстан өзін 100% қамтамасыз етеді. Цементтің 20% - дан астамы экспортталады.

Цемент құнының өсу себептері айқын байқалмайды, осыған байланысты, аса назар баға өсіп жатқан көтерме-бөлшек бөлігіне  аударылатын болады.

 

Слайд 6.

Кірпіш нарығында республика бойынша негізгі өндірушілердің саны 88 субъектіні құрайды. Жергілікті нарықтарда, облыстардың шекараларында бірқатар қатысушылардың басмыдығы орын алуда.

Сонымен қатар, ішкі нарықтың 50% - ы керамикалық кірпішті импорттау арқылы жабылуда, ал біз өзімізді силикат кірпішпен қамтамасыз етеміз.

Импорттың жоғары үлесін ескере отырып, керамикалық кірпішке бағаның ең жоғары өсуі байқалып отыр (30%), дегенмен Ресей Федерациясында керамикалық кірпіштің өсуі 5-10% құрайды.

 

Слайд 7.

Республика бойынша арматура нарығында 5 өндіруші жұмыс істейді, олардың негізгілері өндіріс қуаты 400 мың тонна «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы (Қарағанды) және «ЕвразКаспиан Сталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қостанай) - 450 мың тонна.

Нарық олигополиялық болып табылады және келісудің жоғары тәуекелдері бар.

Сонымен қатар, импорт 65% болғандықтан, нарық импортқа тәуелді болып отыр.  Арматураның әлемдік бағасы 70% - дан жоғары болып отыр.

 

Слайд 8.

Сондай-ақ, полиэтилен құбырларына бағаның өсуі байқалады. Қазақстан бойынша орташа өсім 10% – ды құрады, оның ішінде Ақмола облысында – 62%, Шымкент қаласында және Ақтөбе облысында – 19%, Қарағанды облысында-14% .

Бұл ретте, Ақмола облысында «Қазинжиниринг» АҚ еншілес кәсіпорны болып табылатын «Тыныс»  АҚ бағаны 62% - ға көтерді, ал шикізат бағасы 10% - дан аспады.

Аталған факті бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылды.

Сонымен қатар, полиэтилен құбырларын өндіруге арналған шикізат толығымен импортталғанын атап өткен жөн (РФ). Сонымен қатар, Ресей Федерациясында полиэтилен үгіндісі (шикізат) бағасының өсуі 10-15% құрады.

 

Слайд 9.

Осылайша, бүгінгі таңда біз, ең алдымен, құрылыс материалдары бағасының алыпсатарлық өсуін көріп отырмыз.

Осыған байланысты, Агенттік бағалық сөз байласудың анықталған белгілері бойынша әрекет ету шараларының кешенін қабылдайды.

Қазіргі уақытта құрылыс материалдары нарықтарының субъектілеріне бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 26 хабарлама жіберілді:

-Нұр-Сұлтан қаласы. (4), Түркістан (3), Ақмола облыстарында (3) кірпіш өндірушілерге 10 хабарлама жолданды;

- Ақмола (2), Түркістан (2), Жамбыл (1) облыстарында цемент өндірушілерге 5 хабарлама жолданды;

- (3) Павлодар арматурасын өндірушілер мен жеткізушілерге 8 хабарлама жолданды. ("KSP Steel" ЖШС, "Фирма стальной союз" ЖШС, "стальная двор Астана" ЖШС), Шығыс Қазақстан (3) ("Беакрис-Металл" ЖШС, гр. "ПКФ Титан" ЖШС және "Титан-Восток" ЖШС), Қостанай облыстары (1) ("ЕвразКаспиан Сталь" ЖШС) және Алматы қаласы – 1 ("Мечел-Сервис Казахстан" ЖШС»);

- Алматы облысы бойынша қиыршық тас өндірушілеріне 2 хабарлама жолданды.

- Ақмола облысындағы полиэтилен құбырларын өндірушіге 1 хабарлама жолданды («Тыныс»АҚ).

Сондай-ақ, монополияға қарсы қызметтің заңды талаптарына қарамастан, ақпарат беруден бас тарту фактілері орын алуда. Қазіргі уақытта осы негіз бойынша «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Нарық қатысушыларына баға әсерін көрсету мақсатында 10 құрылыс материалдарын өндірушілермен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы комплаенс жасалды.

Қосымша ақпарат беру қорытындылары бойынша құрылыс материалдарын басқа өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты әрекет ету шараларына бастама жасалатын болады.

Агенттік аталған тауар нарықтарындағы жағдайды қатаң бақылауға алды. Жақын арада баға тұрақтанатын болады.

 

Слайд 10.

Тұрғын үй құрылысы нарығына келетін болсақ, мұнда бірқатар факторлар (кедергілер) оның құнын арттыру жағына да әсер етті.

2020 жылы 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, оның ішінде мемлекетпен – 16% (2,4 млн. шаршы метр), халық – 42% (6,4 млн.шаршы метр), шетелдік субъектілер – 1% (0,1 млн. шаршы метр) және жеке құрылыс компаниялары – 41% (6,3 млн. шаршы метр).

Жеке құрылыс компаниялары салған 6,3 млн. шаршы метрдің 26% - ы үлескерлердің қаражатын тарту есебінен үлестік құрылыс туралы заңнама шеңберінде, 24% - ы өз қаражаты есебінен, 3% - ы  тұрғын үй құрылыс кооперативтері есебінен және қалғаны  47% өзге де көздер есебінен салынды.

Тұрғын үй нарығындағы баға жағдайына нарық қатысушыларының алыпсатарлығы да әсер етті.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жыл басынан бері келісімдер саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артқан.

Бүгінгі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректері бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 1,4 трлн. теңге, бұл қол жетімді зейнетақы қаражатының жалпы көлемінің 60% - ын құрайды (2,4 трл. теңге).

 

Слайд 11.

Осылайша, тұрғын үй бағасының өсуіне, құрылыс материалдары қымбаттауы ғана емес, сондай-ақ дүрлікпе сұраныс та әсер етті.

Мемлекет басшысының тұрғын үй нарығындағы дүрлікпе мен бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 14 құрылыс компаниясына бағаның төмендегені туралы хабарлама жіберілді.

Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Қостанай қалаларының құрылысшылары осы хабарламаларды орындап, бағаларды орта есеппен 15-20% - ға төмендетті:

- Шымкент қаласында («DOSTYK INVEST GROUP» ЖШС) бағаны 330 мың теңгеден 270 мың теңгеге дейін («Отау групп» ЖШС) бір шаршы метр үшін 300-ден 270 мың теңгеге дейін төмендетті;

- Қарағанды қаласында («PROF INVEST» ЖШС) 300 мың теңгеден 279 мың теңгеге дейін;

-Өскемен қаласында («Достар май» ЖШС) тұрғын үй объектісінің жайлылығы мен қабаттылығына байланысты шаршы метрі 350 мың теңгеден 220 - 280 мың теңгеге дейін;

- Қостанай қаласында («БК-Строй» ЖШС) 245-230 мың теңгеге дейін төмендетті.

Сонымен қатар, монополияға қарсы органның ақпаратты талап ету жөніндегі заңды іс-қимылдарына белгілі ірі құрылыс ұйымдары барынша қарсылық көрсетті.

Бұл Базис-А, Bi Group, Rams Qazaqstan, олар бас тартты және толық емес ақпарат берді.  Сондай-ақ соттардағы әрекеттерімізге шағым жасады.

Ақпаратты ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы 21 хаттама жасалды, ал соттар салған айыппұлдардың жалпы сомасы 9,6 млн.теңгеден асты.

Негізгі құрылыс салушының тауар белгісін пайдалана отырып, тұрғын үйді сатуды жүзеге асыратын уәкілетті компаниялардың үлестестігін мойындаудан бас тартқан «Орда Строй Групп» компаниясына қатысты жосықсыз бәсекелестік белгілері бойынша тергеу басталды.

Бастапқы тұрғын үй бағасының өсуін тежеу мәселесі де тұрақты бақылауда.

Баяндама аяқталды.

 

________________________________

«Құрылыс материалдары мен тұрғын үй құрылысы нарықтарындағы баға жағдайы» слайдтарға баяндама
Дата публикации
14 июня 2021