Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің

тізбесін бекіту туралы

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының             4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі бекітілсін.

  1. «Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының монополияға қарсы органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 65-НК және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 137 бірлескен бұйрығы жойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

 

_________ С. Жұманғарин

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

 

__________ Е. Жамаубаев

 

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігі төрағасының

2021 жылғы « ____    »  _______ 

                        № ___  

және Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2021 жылғы «  ___   »  ______                № ___

бірлескен бұйрығына

1-қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін белгілейді.
  2. Мәліметтер Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацына сәйкес бекітілген лауазымды тұлғалардың тізбесіне қосылған, мәліметтерге қол жеткізе алатын монополияға қарсы органының лауазымды тұлғаларына ұсынылады.

 

 

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

 

  1. Мемлекеттік кірістер органдары монополияға қарсы органның сұрау салуында көрсетілген тұлғалар бойынша Мәліметтерді ұсынады.
  2. Монополияға қарсы органның мемлекеттік кірістер органдарына Мәліметтерді алу туралы сұрау салуы электрондық құжат айналымы жүйесін пайдаланумен жолданады.
  3. Монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік кірістер органы Мәліметтерді «Қызметте пайдалану үшін» деген белгімен қолма-қол жолдайды.

 

 

3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету

 

  1. Мәліметтерге қол жеткізе алатын монополияға қарсы органның лауазымды адамдары алынатын ақпаратты тікелей мақсаты бойынша ғана және оны берген тарап үшін зиян келтірмей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз пайдалануды қамтамасыз етеді және Мәліметтерді заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікте болады.

 

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігі төрағасының

2021 жылғы « ___    »  ________ 

                  №    ___   

және Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2021 жылғы «   ___  »   ______           №    ___

бірлескен бұйрығына

2-қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі

 

р/с

№

Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің атауы

1.

Жылдық жиынтық кіріс

2.

Өткізуден түсетін кіріс

 

 

Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Дата публикации
11 июня 2021