Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
2021 жылғы 17 ақпанда Мәскеуде жасалған 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Жоба
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі
«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына
ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖАЗБА
«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 12 қарашадағы бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауапкершілік туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) келтіру қажеттігіне байланысты әзірленді.
Заң жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді және мемлекеттік кірістердің азаюына немесе мемлекеттік кірістердің көбеюіне әкеліп соқпайды.
Заң жобасын қабылдау 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында келісімге өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы
2-тармағына сәйкес Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
«2014 жылғы 12 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия өткізілетін Бірыңғай бәсекелестік ережелеріне сәйкестікті бақылау жөніндегі өкілеттігін жүзеге асырған кезде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария ету бойынша жауапкершілік туралы келісімге қатысты кейбір мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы 3 наурыздағы № 18 өкімі.
Жобаны іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Жобаны қабылдау Келісім мәтінін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) ережелеріне сәйкестендіру мақсатында Келісімге өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінде белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидаларын толықтай іске асыруға мүмкіндік береді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 416 Жарлығы.
Талап етілмейді.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады.
Рұқсат етіледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің және интернет-ресурсында, сондай-ақ 2021 жылғы 20 сәуірдегі ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Байт саны: 1 332 891 байт
Талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің төрағасы С.Жұманғарин
Жоба
2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның
бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) атауындағы «бірыңғай» деген сөз «ортақ» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:»;
3) 1-бапта:
1-тармақтағы «Бәсекелестік туралы келісімді» деген сөздер «Шартты» деген сөзбен ауыстырылсын, «Тараптардың мемлекеттік» деген сөздер «мүше мемлекеттердің мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын, «Тараптардың заңды» деген сөздер «мүше мемлекеттердің заңды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Тараптардың» деген сөз «мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-бапта:
үшінші абзацтағы «Тараптардың» деген сөз «мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын, «актілерімен қорғалатын» деген сөздер «актілеріне сәйкес оған қол жеткізу шектелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «Бәсекелестік туралы келісімде және Комиссия туралы шартта» деген сөздер «Шартта» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 3-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Тараптың» деген сөз «мүше мемлекеттің» деген сөздермен ауыстырылсын, «бірыңғай» деген сөз «ортақ» деген сөзбен ауыстырылсын, «Бәсекелестік туралы келісімнің IV бөліміне (бұдан әрі – бәсекелестік қағидалары) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлеріне» деген сөздер «Шарттың XVIII бөліміне (бұдан әрі – бәсекелестік қағидалары) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес белгілеген нарықты трансшекаралыққа жатқызу өлшемшарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Комиссия туралы шартқа сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
«Таратылуы шектеулі құжаттармен» деген сөздер «таратылуы шектеулі (құпия және қызмет бабында пайдалану үшін) құжаттармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссия бәсекелестік қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру кіретін мүше мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларынан, мүше мемлекеттердің билік органдарынан (бұдан әрі – уәкілетті органдар) және мүше мемлекеттердің өзге де мемлекеттік билік органдарынан алған құпия ақпаратты Комиссия осындай ақпарат ұсынылған мақсатта ғана қолдана алады.»;
екінші абзацтағы «Тараптардың заңды» деген сөздер «мүше мемлекеттердің заңды» деген сөздермен ауыстырылсын, «Тараптардың мемлекеттік» деген сөздер «мүше мемлекеттердің мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын, «Бәсекелестік туралы келісімге» деген сөздер «Шартқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «бір Тараптың» деген сөздер «бір мүше мемлекеттің» деген сөздермен ауыстырылсын, «басқа Тараптың» деген сөздер «екінші мүше мемлекеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «Комиссия қызметкерлері» деген сөздер «Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Комиссия қызметкерлерін» деген сөздер «Комиссияның лауазымды адамдарын және қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын және 3-тармақтың екінші абзацындағы «Комиссия қызметкерлері» деген сөздер «Комиссияның лауазымды адамдары және қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 5-баптың мәтіні бойынша тиісті түрдегі және септіктегі «Тарап» деген сөз тиісті түрдегі және септіктегі «мүше мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 6-бапта:
1-тармақтағы «Комиссия туралы шартқа» деген сөздер «Шартқа» деген сөзбен ауыстырылсын, «қызметкерлерін» деген сөз «лауазымды адамдарын және қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
екінші абзацтағы «Комиссия туралы шартта» деген сөздер «Шартта» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Комиссия қызметкерін» деген сөздер «Комиссияның лауазымды адамын немесе қызметкерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «мен Комиссия қызметкерлері» деген сөздер
«, Комиссияның лауазымды адамдары және қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші абзацтардағы «Тараптың заңнамасына» деген сөздер «мүше мемлекеттің заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын, «осы Тараптың» деген сөздер «осы мүше мемлекеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «Тараптармен» деген сөз «мүше мемлекеттермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «Тараптар» деген сөз «Мүше мемлекеттер» деген сөздермен ауыстырылсын, «тараптар мемлекеттерінде» деген сөздер «мүше мемлекеттерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 7-бапта:
7-баптың бірінші абзацтағы 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган өзі Комиссиядан алған құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді және мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес оны жария еткені үшін жауаптылықта болады.»;
2-тармақтағы «Бәсекелестік туралы келісімге» деген сөздер «Шартқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 8-бапта:
1-тармақтағы «Тараптардың» деген сөз «мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты мүше мемлекеттер арасындағы даулар Шартқа сәйкес шешіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіреді.»;
11) 9-баптағы «Тараптардың» деген сөз «мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) қорытынды бөліктің екінші абзацындағы «әрбір Тарапқа» деген сөздер «әрбір мүше мемлекетке» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді, бірақ ол 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 20 жылғы қол қойылған Хаттама күшіне енген күнінен бұрын енбейді.
20__ жылғы ___ __________ _______________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
|
Армения Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін |
Қазақстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін |
Осымен 2021 ж. 17 ақпанда қол қойылған 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі Мәскеу қаласында болып табылатынын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Вице-Премьер-Министрі М.Г. Григорян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.В. Петришенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары - Ә.А. Смайылов;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Бірінші вице-премьер-министрі А.Э. Новиков;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Л. Оверчук.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Көшірменің барлық 5 парағы
тігілген, бекітілген
қол қойылған және мөр басылған
Еуразиялық экономикалық комиссияның
Құқықтық департаментінің
директоры В. И. Тараскин