«Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 442 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдістеме монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әдістеме келесі ұғымдарды қолданады:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға келісімі;
2) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу – монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының
1) - 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салуы;
3) өнім берушілер – қаржы қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын нарық субъектілері;
4) қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі;
5) нұсқама – монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмілелердің күшін жою қажеттігі туралы шешім шығаруы;
6) өтiнiш берушi – қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхат немесе қаржы нарықтарында жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама берген тұлға;
7) экономикалық шоғырлануға қатысушы – қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға.
Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодексте және Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу саласындағы басқа да заңнамалық актілерде айқындалған.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу негіздері монополияға қарсы органға:
1) Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттың (бұдан әрі – өтінішхат);
2) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларыңда көзделген қаржы нарықтарында жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) келіп түсуі болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтінішхатты қарау кезінде монополияға қарсы органның күнтізбелік қырық күн ішінде (Кодекстің 205-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес мерзімдерді тоқтата тұру құқығымен) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізуі мынандай кезеңдерді қамтиды:
1) Кодекстің 204-бабыңда көзделген өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеру;
2) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу;
3) бәсекелестiктi шектеу белгілері анықталған кезде, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі кезінде қаржы нарығында бәсекелестікті шектеу көрсеткiштерiн есептеу;
4) монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдауы.
Бұл ретте экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру кезінде қаржылық тұрақтылық және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғаумен байланысты мәмілелер жасау бәсекелестікті шектеу болып табылмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Монополияға қарсы органға қаржы нарығында жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаны қарау барысында экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Кодекстің 207-бабыңда көзделген хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеру;
2) қаржы нарықтарында экономикалық шоғырланудың жасалғанын растайтын шартты немесе өзге де құжатты қарау;
3) экономикалық шоғырлануды бәсекелестiктi, оның iшiнде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюi арқылы шектеу тұрғысынан қарау;
4) монополияға қарсы органның Кодекстің 209-бабына сәйкес хабарлама бойынша шешім қабылдауы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау кезінде ақпарат ретінде қажеттілігіне қарай:
1) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға қатысушылардан;
2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған мәліметтер пайдаланылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) көрсететін қаржылық қызметтері ішінде ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтер болмаған, сондай-ақ бәсекелестікті шектеу белгілері болмаған жағдайда, монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14927 болып тіркелген Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемеге (бұдан әрі - № 85 Әдістеме) сәйкес қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Монополияға қарсы орган қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша:
тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестін көп бөлігі тиесілі ең көбі екі қаржы ұйымының жиынтық үлесі елу пайыздан аз болған;
бәсекелестікті шектеу белгілері болмаған жағдайда қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасауға келісім береді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша қаржы нарығындағы экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі:
тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестің көп бөлігі тиесілі ең көбі екі қаржы ұйымында елу және одан көп пайыз;
тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестің көп бөлігі тиесілі ең көбі үш қаржы ұйымында жетпіс немесе одан көп пайыз болса,
монополияға қарсы орган № 85 Әдістемеге сәйкес экономикалық шоғырлануды жасау кезінде бәсекелестік жай-күйінің көрсеткіштерін есептейді.
Экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, оған тыйым салынады.»;
12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын::
«12. Бәсекелестікті шектеудің болуын, туындауын немесе күшейтілуін анықтау үшін монополияға қарсы орган бәсекелестікті шектеудің мынадай көрсеткіштерін пайдаланады:
1) экономикалық шоғырлану кезінде тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы мәмілеге қатысушылардың жиынтық үлесі 50 және одан көп пайызды құрайды;
2) нарықтық шоғырлану көрсеткіштерінің өзгеруі: мәміле жасалған жағдайда тиісті қаржы нарығындағы Герфиндаль - Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (HHI) өзгереді:
қалыпты шоғырландырылған нарық үшін 250-ден артық мөлшерге (1000 < HHI < 2000);
жоғары шоғырландырылған нарық үшін 100-ден артық мөлшерге (2000 <HHI < 10000);
төмен шоғырландырылған нарықтарда нарық субъектілерінің бірігуі нәтижесіндегі нарыққа (HHI < 1000) кері әсері екіталай;
3) экономикалық шоғырлану кезінде нарыққа кірудің ықтимал кедергілерінің туындауы.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоятын қорытынды қалыптастырылады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қорытындыны қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;
2) уәжді қорытынды бере отырып, қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы.
Монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген тұлғаға, сондай-ақ мәлімет үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
Хабарламаны қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
хабарлама монополияға қарсы органға келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң өтініш берушіге мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі;
қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасау бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде қаржы нарықтарда үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгi анықталса, монополияға қарсы орган мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама шығарады.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Төраға |
|
С. Жумангарин |