«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2), 62-1) және 63-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«45-1) жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу тәртібін бекіту;
45-2) өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту;
62-1) тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан, монополиялық жоғары (төмен) деп танылмайтын биржалық тауарлардың бағасын айқындау тәртібін бекіту;
63-1) «тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту;»;
21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Агенттіктің аппарат басшысы:
«1) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Төрағамен келісім бойынша Төраға немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Агенттік департаменттерінің және дербес басқармаларының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Төрағамен келісім бойынша аумақтық бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғаларды қоспағанда, Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлерін, сондай-ақ еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) Агенттіктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) Агенттіктің мемлекеттік сатып алу саласына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;
11) Агенттікке жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
12) өз құзыреті шегінде Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;
13) Төрағамен келісілгеннен кейін Агенттіктің штат санын тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Агенттіктің штат санының лимиті шегінде бекітеді;
14) Агенттіктің стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
15) қажет болған жағдайда Агенттіктің перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекітеді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
16) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік өтінімді Төрағаға ұсынады, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;
17) Агенттіктің мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады;
18) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін аппарат басшысы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.»;
31-тармақтың екінші бөлігінің 8) тармақшасында орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымында:
«Стратегиялық талдау департаменті» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегия және жобалық басқару департаменті»;
«Экономикалық интеграция басқармасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық ынтымақтастық басқармасы»;
«Ішкі әкімшілендіру департаменті» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік-қаржы департаменті»;
«Адами ресурстармен жұмыс басқармасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Персоналды басқару департаменті»;
«Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық реттеу департаменті».
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы
№