«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағдарының басты қағидаттарының бірі әділ бəсекелестік, кəсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашуға негізделуі тиіс деп атап өтті. Әрбір кәсіпкер үшін тең мүмкіндіктер жасау және нарықтарды монополияландыруды тоқтату қажет. Барлық жерде, көмір, электр энергиясы, мұнай өнімдері, байланыс, фармацевтика, әуежай қызметтері, ТКШ қызметтері, логистика нарықтарында бәсекелестікке қарсы көріністер сақталады.
Осыған орай, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 484 Жарлықпен (бұдан әрі – Президент Жарлығы) Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындады.
Бұл нарықтық шоғырлану деңгейін төмендету, тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту, мемлекеттік бағалық реттеу құралдарын жою, нарықтың жаңа қатысушыларының пайда болуына бағытталған кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, биржалық сауданы кеңейту, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына кәсіпкерлік субъектілерінің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, үстем немесе монополиялық жағдайға ие тауар нарығы субъектілерінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету және олардың бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесін іске асыруы.
Президенттің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу және проактивті бәсекелестік саясатты енгізу Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің басым бағыты деп жарияланды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілген негізгі тауар нарықтарын талдау қорытындысы бойынша бәсекелестікті негізгі бұрмалаулар анықталды. Бұл еліміздің экономикасы үшін базалық: отын-энергетика кешені, көлік және байланыс нарықтарында шоғырланудың жоғары деңгейі, мемлекеттің қатысуының жоғары деңгейі, шамадан тыс мемлекеттік реттеу, бағалық реттеу шараларын қолдану, мемлекеттік қолдау шараларын ірі бизнес субъектілеріне бағдарлау, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық кешен қызметтерін жеткізушілердің ауыспауы, жер және өзге ресурстардың шектеулі болуы.
Осыған орай, Президент Жарлығына сәйкес Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу басталды, онда мемлекеттік активтерді сату, биржалық сауда көлемін ұлғайту, нарық субъектілеріне әкімшілік талаптарды азайту, шектеулі ресурстарды бірлесіп пайдалану тетіктерін енгізу, пайдаланылмайтын ресурстарды алып қою, бағалық реттеуді монополияға қарсы бақылау құралдарымен ауыстыру, қызметтерді жеткізушілерді ауыстыру тетіктерін айқындау, және оларға шағын және орта бизнестің, нарыққа жаңа қатысушылардың қол жеткізуін ұлғайту үшін субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдауды көрсету кезінде шекті мәндерді азайту сияқты бағыттар бойынша өлшенетін көрсеткіштер айқындалды.
2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Республика Президенті Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін адал бәсекелестікке кедергі келтіретін негізгі проблемаларды шешуге бағытталған заң жобасын қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Осылайша, ұсынылып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының (бұдан әрі – Заң жобасы) мақсаты Президенттің Жарлығында және Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобада айқындалған бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.
Осыған орай, Заң жобасы мыналарға бағытталған нормаларды көздейді:
1) цифрлық экономиканы реттеудің жаңа құралдарын енгізу;
2) мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін шектеу;
3) мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқарту
4) мемлекеттік сатып алуда бәсекелестікті дамыту;
5) негізгі қуаттарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
6) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
7) монополияға қарсы комплаенс институтын жетілдіру;
8) нормативтік құқықтық актілер жобаларының бәсекелестікке әсерін бағалауды енгізу;
9) сенім білдірілген адам институтын енгізу;
10) сұранысты қайта бағдарлау тетігі ретінде салыстырмалы ресурстарды енгізу;
11) электр энергетикасы, байланыс, қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету қызметтері, медициналық, зертханалық қызметтер нарықтарында және өзге тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту.
2.1. Цифрлық экономиканы реттеудің жаңа құралдарын енгізу.
«2019 Цифрлық экономика туралы баяндамада» Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы «цифрлық экономика» жедел дамыр жатқанын және оның қозғаушы күші цифрлық деректер мен цифрлық платформалар болып табылатынын атап өтті.
Цифрлық деректерді пайдаланумен нарыққа қатысушылар «үлкен деректерді» («big data») (цифрлық деректер) көрсетілетін сервистің сапасын жақсарту, өз бағалық моделдерін түзету және пайда алу мақсатында ғана емес, сонымен қатар нарық үрдістерін болжау, сондай-ақ бағалармен айла-шарғы жасау, кемсітусіз қолжетімділікті құру немесе тиімсіз шарттарды күштеп таңу арқылы бәсекелестерді ығыстырып шығару үшін талдауға мүмкіндік беретін технологияларға ие болады.
Нарыққа қатысушылардың онлайн режимде өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық платформалар олардың иелеріне тауар нарықтарына, баға белгілеуге әсерін арттыруға, сондай-ақ ақпараттың жасанды ассиметриясын құру есебінен сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына әсер етуге мүмкіндік береді.
Цифрлық платформалардың ерекше белгісі әсер етумен байланысты желілік әсердің болуы, тауарды бір пайдаланушы басқа пайдаланушылар үшін осы өнімнің құндылығын көрсетеді.
Мақсатты аудиторияны жарнама және өз қызметтерін монеталандыру үшін оңтайлы таңдау мақсатында пайдаланушылардың деректерін зерделей келе, компаниялар қызмет көрсету сапасына инвестициялау үшін және көбірек пайдаланушыларды тарта отырып қосымша қаражат алады. Бұл түпсіз циклдар клиент базасы аз кез келген жаңа компанияның нарыққа кіруін шектейді.
Осылайша, «желілік әсерлер» нарыққа жаңа қатысушылардың кіруі үшін жоғары кедергілер құрады. Егер стартаптар осы нарыққа кірсе, бәсекелестік қысымша ұшырып, соңында үстем платформалар оларды сатып алуы мүмкін.
Бұл ретте, «желілік әсерлер» тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей өнімді пайдаланушылар бір-бірімен өзара іс-қимыл жасағанда туындайды, сондықтан пайдаланушылар санының көп болуы өнімді пайдалырақ және бағалырақ етеді. Жанама әсерлер пайдаланушылардың бір тобының өнімді пайдалануының жоғары деңгейі басқа топ үшін оның тартымдылығын ұлғайтқан кезде туындайды, бұл өз кезегінде өнімді бастапқы пайдаланушылар үшін жанама пайдаға әкеледі.
Бәсекелестіктің тең және адал шарттарын қамтамасыз ету, нарыққа қатысушылардың, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін, Қазақстанның бәсекелестік ведомствосы үшін негізгі басымдықтардың бірі «цифрлық бұзушылықтар» шеңберінде монополияға қарсы реттеудің өзінің дәстүрлі тетіктерін трансформациялау қажеттілігі болып табылады.
Бұл ең алдымен нарыққа талдау жүргізуге дәстүрлі тәсілдерді қайта қарауға (оның географиялық және азық-түліктік шекараларын, тауар нарығының көлемін, нарыққа қатысушылардың нарықтық билігін (үлесін), нарықтың шоғырлануын және т.б.), сондай-ақ «цифрлық экономика» жағдайында жұмыс істейтін нарықтың жосықсыз қатысушылар тарапынан бәсекелестікке қарсы әрекеттірді анықтау және жолын кесу тетігін анықтауға жатады.
Қазақстандық монополияға қарсы органның практикасында цифрлық қызметтерді көрсету кезінде бәсекелестікке теріс ықпалмен байланысты мысалдар бар.
Қазіргі кезде Агенттіктің қарауында шетелдік компаниясыныі әрекеттеріне шағыммен «Яндекс» АҚБ-ның өтініші жатыр. Яндекстің пікірінше, шетелдік компаниясы ОС Android үшін өз ұялы қосымшалары мен сервистері үшін басым жағдайлар жасау арқылы, осылайша нарыққа бәсекелестердің – ОС Android үшін ұялы қосымшалар мен сервисті басқа әзірлеушілердің кіруіне мүмкіндік бермей Қазақстан аумағында ОС Android базасында ұялы құрылғылар үшін қосымшаларды алдын ала орнататын нарықта өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланады.
Мұндай компаниялардың қызметін экономикалық талдау мен бақылаудың тиімді құралының болмауы бәсекелестікті шектеуге, ұлттық нарықтың жекелеген сегменттерін монополиялау және мемлекеттің экономикалық егемендігін бәсеңдетуге қауіп төндіреді.
Жоғарыда айтылғаның негізінде, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың негізінде технологиялар (бірінші кезекте цифрлық технологиялар), ақпарат, цифрлық және ақпараттық платформалар, зияткерлік меншік шешуші рөл атқаратынын ескере отырып, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада «желілік әсер», «цифрлық платформа» деген жаңа ұғымдар және цифрлық қызметтер нарықтарына талдау жүргізудің жеке тәртібі пайда болуы тиіс.
2.2. Мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін шектеу.
Кәсіпкерлік кодекстің 193-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекет тауарды өндіруге, сатуға айрықша құқығын оған бекіту жолымен бәсекелестікті шектеуге құқылы. Бұл ретте, айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік кәсіпорын түрінде мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен ғана жүзеге асырылады (осы жағдайда айрықша құқық кәсіпорынға емес, мемлекетке тиесілі).
Сонымен қатар, мемлекеттік монополия субъектілері болып табылмайтын нарық субъектілеріне тауарды өндіруге, сатуға айрықша құқықтарды заңнамалық түрде бекіту практикасы қалыптасты.
мемлекет қатысатын нарық субъектілеріне – КЕГОК, ҚТЖ, Еңбек ресурстарын дамыту қоры, ҚазМұнайГаз-Аэро, Электрондық коммерция орталығы және көлік, байланыс, IT қызметтері, отын-энергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология нарықтарында және өзге нарықтарда 40-тан астам субъект;
жеке меншік нысанындағы нарық субъектілері – «Оператор РОП» ЖШС, «Сәтті Жұлдыз» АҚ, «SILK WAY MONITORING» ЖШС.
Айрықша құқықтарды белгілі бір нарық субъектілеріне бекітетін нормалардың болуы тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті шектейді және әдетте тауарларды сатып алушылардың шығындарын ұлғайтуға әкеп соғады.
Айталық, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-ның Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, ҰҚК-нің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі айрықша құқығы көзделген.
Мұнай өнімдерін жеткізу нарығында қызметті 4 мыңнан астам компания жүзеге асырады. Бұл ретте, өзінің май құю желісі болмауынан осы нарық субъектісі бөлшек саудада жеткізуші мен Республиканың күштік ведомстволары арасында делдал болады, бұл мұнай өнімдерін сатып алуға бюджет шығыстарын ұлғайтады.
Сонымен қатар, нарық субъектілеріне айрықша құқықтар беру Кодексте айқындалған конституциялық құрылысты, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың денсаулығын сақтау сияқты бәсекелестікті шектеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.
Бұдан басқа, мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметіне тауарларды реттелетін бағалар бойынша өткізу, өзге қызмет түрлерін жүзеге асыруға (аралас нарықтарға қатысуға) тыйым салу, олардың қызметін заңнамалық реттеу сияқты бірқатар шектеулер қолданылады. Осы талаптардың болуы монополиялық құқықтық болуына және оны теріс пайдаланудың жоғары қаупіне негізделеді.
Айтылғанды ескере отырып, мемлекеттік және жекеше операторларға мемлекеттік монополияның құқықтық режимін қолдану, сондай-ақ жекеше операторларды іріктеудің конкурстық тәртібін енгізу ұсынылады.
Бұдан басқа, операторлардың есеп беруін қамтамасыз ету үшін оларды жария мүдделі ұйымдар деп тану ұсынылады.
2.3. Мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқарту.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының жоғары деңгейі тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуын тежейтін фактор болып табылады.
Талдау қорытындысы бойынша ел экономикасы үшін базалық электр энергиясын өндіру, тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізу, жүк, жолаушылар теміржол тасымалы, байланыс, азаматтық авиация, медициналық, білім беру қызметтеріне мемлекеттің 50 %-дан астам қатысуы анықталды.
Мемлекет иелігінен алу ұлттық экономиканы орталықсыздандырудың, жеке бизнесті нығайтудың, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен толықтырудың, олардың сапасын арттырудың, мемлекеттік кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты деп қаралады.
Осыған орай, Мемлекет басшысына есеп беретін монополияға қарсы органды құруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемдекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) бекітуі ұсынылады.
Бүгінгі күні мемлекеттік кәсіпорындарға 157, акционерлік қоғамдар мен мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге – 242 қызмет түріне рұқсат берілді, сонымен қатар, қызмет түрлерінің үштен бірінің (347-ден 242-ге) қысқарғанына қарамастан, осы реттеу қызметі мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысу деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, себебі негізгі қызмет түрлерін қозғамайды.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқартудың басқа себебі ведомстволық бағынысты кәсіпорындарды қаржыландырудың және тауарларды бәсекелестік емес сатып алудың кең таралған түрі ретінде мемлекеттік тапсырмаларды бөлу негіздерінің толық тізбесін айқындау ұсынылады.
Сонымен бірге, бірыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында сондай-ақ мемлекеттік тапсырмаларды монополияға қарсы орган бекітетін қағидаларға сәйкес келісу рәсімін жүзеге асыру ұсынылады.
Yellow Pagers қағидаттарын бұзудың елеулі салдарлары мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілерінің дара кәсіпкерлерді мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алудан ығыстырып шығару фактілері болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуының қолданыстағы негіздері мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бәсекелес тауар нарықтарында жүзеге асыруына тыйым салуды білдіреді.
Осыған орай, осы сатып алуға дара кәсіпкерлік субъектісі қатысқан кезде мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің тауарларды конкурстық сатып алуға қатысуын жою ұсынылады.
2.4. Мемлекеттік сатып алуда бәсекелестікті дамыту.
Аралас экономика жағдайында сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекет сатып алуды кәсіпкерлікті қолдаудың қуатты құралына айналдырып, экономика салаларының тұтас қатарын ірі тұтынушы ретінде болады. Пандемияға байланысты оның маңызы айтарлықтай артады.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесінің негізгі қағидаты болып ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаты айқындалды. Отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейтін бөлікте ғана «Мемлекетік сатып алу туралы» Заңда іске асырылған.
Сатып алуды реттеу және салықтық бақылау функцияларының бір реттеуіштің қолында бірігу фактісі қол жеткізу және тапсырысты орындаушыларды іріктеу рәсімдерінен көрініс тапты. Осыған орай, салық көрсеткіштерін қолдану жаңа, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін сатып алуға қол жеткізуді шектеді.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, нарыққа жаңа қатысушылардың пайда болуы мақсатында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету Президент Жарлығында мемлекеттің кәсіпкерлік саясатының негізгі бағыттары ретінде айқындалды.
Осыған орай, Заңның бірқатар негізгі нормаларын Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан қайта қарау ұсынылады.
Атап айтқанда:
- бір көзден сатып алу негіздерінің кең тізбесі (52), осыған орай бәсекелестік емес сатып алудың көлемі мемлекеттің сатып алуының жалпы көлемінің 70 %-ынан асты;
- лоттарды тауарлар орны мен жеткізу көлемі бойынша ірілендіру;
- жұмыс тәжірибесі мен мемлекет бюджетіне аударымдарға қарай шартты жеңілдіктерді қолдану;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне преференциялардың болмауы.
Бір көзден мемлекеттік сатып алу.
Бүгінгі күні бір көзден мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 2020 жылы 2 трлн. 320 млрд. теңгеден асты немесе 49,8 %.
Мына негіздер ең көп қолданылды:
- конкурстар тәсілімен өтпеген сатып алу 484 млрд. теңге немесе 8,3 %;
- бағалық сөз байласу тәсілімен өтпеген сатып алу 83,1 млрд. теңге немесе 1,4 %;
- Заңда тікелей көзделген жағдайларда бір көзден сатып алу, 2,2 трлн млрд. теңге немесе 40,1 %.
Бұл ретте, соңғы 5 жылда серпін бір көзден сатып алу көлемінде қандай да бір айтарлықтай өзгерістердің жоқ екенін көрсетеді: 2016 жылы 51,7 % және 2020 жылы 49,8 %.
Сонымен қатар, бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алу үлесін қысқарту арқылы сатып алу саласында бәсекелестікті арттыруға бағытталған нормаларды қабылдау бюджет қаражатын үнемдеуді қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік жеткізушілердің сатып алуға қатысу үлесін азайту есебінен нарықтарға жаңа қатысушылардың пайда болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыған орай, бір көзден мемлекеттік сатып алудың 19 негізін жою ұсынылады. Оның ішінде электр энергиясын және бағалық реттеуге жаттын басқа тауарларды, қаржы ұйымдарының қызметтері, өкілдік шығыстар, мерзімді баспасөз басылымдары және дамыған бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін өзге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Сондай-ақ тауар нарықтарында дамыған бәсекелестіктің жоқтығы туралы оң қорытындының болуы туралы талаппен бір көзден сатып алудың бірқатар негіздерін қолдануды шектеу ұсынылады.
Тұтастай алғанда, бұл мемлекеттік оргшандар өткізетін бір көзден сатып алудың көлемін шамамен 27 %-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2020 жылы 127,8 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде 83,1 млрд. теңгеге сатып алу (немесе 65 %) өткізілген рәсімнің қорытындысы бойынша өтпеді деп танылды және кейін бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылды.
Қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң хабарландыру жарияланған күннен бастап бағалық ұсынысты беру үшін бес күндік мерзімді айқындайды. Бұл ретте, бір ғана баға ұсынысы берілген жағдайда бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға жол беріледі.
Хабарландырумен танысу және өтінім дайындау үшін тығыз бес күндік мерзімге байланысты, тауарларды сатып алудың осы бәсекелестік емес тәсілін қолдану ықтималдығы ұлғаяды.
Бір көзден сатып алу көлемін азайту мақсатында мемлекеттік органдарға сатып алу өтпеген кезде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен конкурс тәртібін қолдану мүмкіндігін ұсынып, бір көзден сатып алуды жою ұсынылады.
Тауарларды жеткізу орны мен көлемі бойынша лоттарды ірілендіру.
Мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қол жеткізуді басқа тікелей шектеу лоттарды ірілендіру (40 км.-нан астам автожолдар салу, дәрілік заттарды бірнеше өңірде сақтау қызметтерін сатып алу), түрлі тауарларды бір лотқа біріктіру (автожолдар мен көпірлер салу, дәрілік заттарды тасымалдау мен сақтау қызметтерін бір лотпен сатып алу) практикасы болып табылады.
Айталық, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда тізбесін қаржы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарларды біртексті немесе жеткізу орны бойынша бөлместен бір лотпен сатып алуға жол беріледі. Оның ішінде мемлекеттік органда талап етілетін кеңсе, шаруашлық тауарлары, жиһаз, барлық ғимараттарға қызмет көрсету қызметтері, бұл тауарларды жеткізушілердің бағалық бәсекелестігін төмендетіп, мемлекеттік органдарға лоттарды ірілендіруге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ол бестен астам тауарларды жеткізу орны болған кезде, тауарларды жеткізудің бірнеше орнын бір лотқа біріктіруге рұқсат береді, бұл тауарларды сатып алуды негізсіз ірілендіру мүмкіндігін шектейтін Заң нормаларының талаптары логикасына қайшы келеді.
Сонымен бірге, квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларында тауарларды сатып алуды ірілендіру бойынша осы шектеулер мүлде көзделмеген, бұл оларға шағын кәсіпорындардың қол жеткізуін қиындатады.
Мұндай практиканы жою үшін біртекті тауарларды бір лотпен сатып алудың ең жоғары мөлшерін құндық мәнде шектеу (8000 АЕК-тен аспайтын) және тауарларды жеткізудің бірнеше орнын бір лотқа біріктіруді жою ұсынылады.
2.5. Негізгі қуаттарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Табиғи монополиялар салаларын реттеуді жетілдіру және бағалық реттеуге жататын тауар нарықтарын қысқарту жағдайында негізгі қуаттар нарықтарымен аралас нарықтарда бәсекелестікті шектеу проблемалары ерекше назар аударуды талап етеді.
Компаниялардың негізгі қуаты оларды тұтынушылар болып табылатын аралас тауар нарықтарына қатысушылар үшін алмастырмайтын болып табылатын шектеулі немесе капитал шығынды ресурстармен негізделеді. Желілік әсер етіп, негізгі қуат аралас тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне тікелей ықпал етеді.
Негізгі қуат иелерінің бәсекелестікке теріс ықпалының мысалы жүк теміржол тасымалдары нарығына шектеулі қол жеткізу саясаты болып табылады.
1999 жылы осы қызметтердің табиғи монополиялардан шығарылғанына қарамастан, магистральдық желілер ұлттық операторының теміржол жүк тасымалдары нарығында (аралас нарық) үстемдік етуі (негізгі қуат) 98 %-дан асады, ал қолжетімділік бұрын айқындалған учаскелер бойынша үш жеке тасымалдаушыға ғана рұқсат етілген.
Ұқсас жағдай электр энергиясымен жабдықтау нарықтарында қалыптасты, онда облыс шекараларында үстемдікке негізгі қуат иелерімен – станциялармен және өңірлік электр желілерімен үлестес компаниялар ие.
Құрамында негізгі қуат бар тіке ықпалдасқан осындау компаниялардың болуы бәсекелестік мен кәсіпкерліктің дамуын шектейді, баға белгілеудің ашық емес жүйесін және монополиялық жоғары бағалар қаупін қалыптастырады.
Осы аралас тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту биржалық сауданы және (немесе) негізгі қуаттарға қол жеткізу шарттарын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні негізгі қуаттарға қол жеткізу шарттары реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидалары, табиғи монополиялар қызметтерін ұсыну шарттарын айқындайтын табиғи монополиялар туралы заңнаманың және тауар нарықтарында үстем, монополиялық жағдайды теріс пайдалануға тыйым салатын монополияға қарсы заңнама шеңберінде салалық заңнаманың нормаларымен реттеледі.
Сонымен бірге, бүгінде қолданылатын заңнамада тиісті тауар нарығына кірудің нақты қағидалары жоқ, осыны монополистер мен доминанттар тауарды өткізуден бас тарту кезінде, оның ішінде тұрақты тұлғалар тобымен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттарға сілтеме жасай отырып пайдаланады.
Осы проблеманың шешімдерінің бірі 2021 жылдан бастап шектеулі ресурстарды: бензин, авиакеросин, дизель отыны, битум, электр энергиясы, бидай, метал сынықтары және т.б. тауар биржаларына шығару болып табылады. Алайда, жоспарланған биржалық тауарлар тізбесін кеңейтуге қарамастан, тауарларды толық (100 %) биржалық сауда-саттыққа ауыстыру орынсыз не кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Теріс теңгерімге және тауар нарықтары құрылымының жетілмеуіне байланысты, бірқатар тауарларды сауда-саттыққа ауыстыру мүмкін емес.
Осыған орай, мыналарды айқындау арқылы биржалық сауда-саттық арқылы өткізуді жүзеге асырмайтын компаниялардың шектеулі ресурстарына қол жеткізу шарттарын нақтылау қажет:
- үстем, монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің негізгі қуатқа қолжетімділікті беру бойынша міндеттері;
- «негізгі қуат» ұғымы және негізгі қуатты иелену белгілері;
- монополияға қарсы органның негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту құзыреті;
- негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларының мазмұны;
- тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен негізгі қуатқа қолжетімділікті ұсынбау.
Осы шараларды іске асыру жоғары шоғырланған тауар нарықтарының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді және олармен аралас нарықтарға кіру кедергілерін азайтады.
2.6. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Елдің экономикалық дамуы кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамытуға тәуелді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының проблемаларын шешу мақсатында мемлекет жеңілдікті кредиттеу, субсидиялауға, негізгі активтерді жаңартуға, отандық тауарларды өндіруді қолдауға бағытталған және басқа мемлекеььік қолдаудың түрлі тетіктерін қабылдайды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағдарлану мемлекеттік қолдаудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, іс жүзінде ірі бизнесті қолдауға қаражат он есе көп бөлінеді.
Негізсіз жоғары талаптар, қол жеткізудің ашық емес жүйесі, тиісті бақылаудың болмауы шектеулі тұлғалар тобына мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын құруға әкеледі.
Айталық, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау қаражаты ірі бизнесті қолдауға бағытталған, ал ауыл щаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі.
Бірқатар бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары квазимемлекеттік сектордың ірі компанияларына негізгі қаражатты жаңғырту үшін айрықша шарттарды көздейді, осылайша нарықтың монополиялануын және қалған нарыққа қатысушылардың бәсекелестік емес жағдайын күшейтуге жәрдемдесетін кемсітусіз шартар құрылды.
Мемлекеттік қолдауды ұсынуда фаворитизм немесе жекелеген компанияларды іріктеп қолдау практикасы экономиканың түрлі секторларында бәсекелестікті дамытудың тежеуші факторы болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақтар шеңберінде мемлекеттік қолдауды ұсынудың орындылығы және бақылау маңызды мәселе болады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында жобаларды іске асыру шеңберінде артықшылықтар ұсынудың жол берілмейтін мысалы астананың сол жағалауында көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салуды жүзеге асыратын жекелеген құрылыс компанияларына салықтық және өзге де преференциялар беру болады.
Осылайша, тұрғын үй объектілерін салу нарығында бәсекелестікті шектеу ғана емес, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтың өзін құрудың негізділігі мәселесі туындайды.
Бизнесті қолдаудың жоғарыда аталған шаралары бәсекелестікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қайшы келеді.
Осыға орай, мыналарды көздейтін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің құқықтық тетігін айқындау ұсынылады:
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде тыйым салынған әрекеттердің тізбесі;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізуді және оларды көрсету қағидаларын бекітуді монополияға қарсы органмен келісу;
- тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін ескере отырып мемлекеттік қолдаудың сол немесе өзге шараларының басымдығын айқындайтын мән-жайлар, олар келісу рәсімдерінде ескеріледі;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптар;
- тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қызметінің мониторингі.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шараларына тең қолжетімділікті ұсыну жөніндегі міндеттерді сақтамауды мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету функциялары берілген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері деп тану ұсынылады.
2.7. Сауда желілеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Бөлшек сауда нақты сектордың ең дамыған салаларының бірі, ол ел экономикасы мен өндірушілерге ықпалды айтарлықтай күшейтті. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында бөлшек сауда көлемінің ұлғаю қарқыны ел ІЖӨ-нің және экономиканың ірі салалары - өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуынан айтарлықтай асып түсті.
Бөлшек сауданың дәстүрлі құрылымдарын белсенді дамып келе жатқан желілік ритейлдің ығыстырып шығаруы - бұл үрдіс Қазақстанда бірнеше жыл бойы байқалады. Базарлар мен жәрмеңкелерде сату үлесінің қысқару үрдісі қалыптасты.
Халықаралық ойыншылар тарапынан қазақстандық бөлшек сауда нарығына қызығушылықтың артуын және Қазақстандағы тұтынушылықтың белсенділігін ескере отырып, қазақстандық бөлшек сауда ритейлін біртіндеп дамыту болжанады.
Сонымен бірге, бірқатар сауда желілеріне өзекті мәселелер бар.
Азық-түлік ритейлерімен келісімшарт - өндіруші үшін өнімді тұрақты өткізу кепілі. Алайда, ритейлер ірі болған сайын өндірушілер мен тауарларды жеткізушілерге талаптарын күшейтеді.
Бүгінде көптеген тамақ өнімдерін өндірушілерде айналым қаражатымен, оның ішінде күштеп таңылатын бағалармен өнімді сатумен және ірі сауда желілеріне төлемді ұзақ мерзімді бөліп төлеуді ұсынумен байланысты проблемалар бар. Өнімдердің ірі сауда желілерінің дүкен сөрелерінде тұруына да ақы төлеу қажет. Бұл сөре кеңістігіне қол жеткізу, сауда желілеріне өнімдерді жеткізудің тиімсіз логистикалық схемасын күштеп таңу және т.б. мәселелер. Бұдан басқа, өндірушіден жиі ретте үлкен жеңілдіктер талап етіледі, бұл желілерге үлкен сауда үстемеақысыны қалыптасыруына мүмкіндік береді.
Осыған орай, мемлекеттің желілер мен тауар өндірушілердің мүдделер теңгерімі мен өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етіп, реттеу тетігін қалыптастыруы қажет. «Өндіруші - сауда - түпкі тұтынушы» тізбегінде теңгерімсіздік туындамау үшін практикадан сөреге ақы төлеу, тестілеу, негізсіз жеңілдіктер мен бонустарды алып тастау қажет.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында негізсіз сауда практикасының бірқатар тыйымдары көзделген. Оның ішінде шарт жасасудан не кемсітусіз сипаттағы шарт жасасудан негізсіз бас тарту.
Сонымен бірге, сауда желілері мен тауарларды өндірушілер үшін мемлекеттік реттеуіштің назарын талап ететін жаңа практика пайда болады.
Осыған орай, сауда желілеріне тең қол жеткізу талабын белгілейтін нормаларды имплементациялау ұсынылады, бұл қолданыстағы заңнамада көзделмеген сауда желілерінің жосықсыз іс-әрекеттерінің бірқатар жаңа практикаларына тыйым салуға мүмкіндік береді.
2.8. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының бәсекелестікке ықпалын бағалауды енгізу.
Фаворитизм көрінісінің бір түрі бәсекелестік қағидатын бұзу «Effet utile» (пайдалы іс-қимыл). Осы қағидат мемлекеттік органдардың нарыққа қатысушыларға нарықтық билікті негізсіз беретін және оларға арналған бәсекелестік қағидаларының болуын жоққа шығаратын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауын шектейді.
Аталған «Effet utile» қағидаты мемлекетті экономикалық реттеуді мынадай шеңберге қояды:
- мемлекеттік реттеу нарық субъектісінен ол үшін монополияға қарсы заңнамада белгіленген нормаларды бұзатын осындай әрекеттерді, іс-қимылды күшейтуге, жәрдемдесуге немесе талап етуге тиіс емес;
- нарық субъектілеріне оларға нарықта тауарлар айналымының жалпы шарттарына, оның ішінде нарыққа кірумен немесе баға белгілеу жүйесімен байланысты нарық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер ету мүмкіндігін беретін өкілеттіктер беруге жол берілмейді.
Практикда түрлі нормативтік құқықтық актілер нарықтағы бәсекелестікті шектейді. Олардың көбі ммлекеттік саясаттың тиісті шаралары алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін талап етілетіннен асып түседі.
Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, соңғы жылдар үрдісінде дамыған елдерде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде бәсекелестікке ықпалына міндетті бағалау жүргізу талабын енгізу үрдіс болғанын байқауға болады.
Осыған орай, «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 484 Жарлығында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларының бәсекелестікке әсерін бағалау тетігі мен әдіснамасын заңнамалық түрде енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Бәсекелестікке әсерін бағалау деп екі негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған нормативтік актілерді талдау процесі түсініледі. Біріншіден, қажетсіз бәсекелестікке кедергі келтірілетін нормалар анықталады. Екіншіден, ерекше қажет болмағанда осындай кедергі жасамауы үшін оларды қайта қарауға көмек көрсетіледі.
Бәсекелестікке әсерді бағалау қағидаттары деп мыналарды айқындау болжанады:
- жеткізушілер де, сатып алушылар арасында да бәсекелестік деңгейін арттыру;
- қоғамдық әл-ауқатты күшейту;
- мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу;
- шамадан тыс мемлекеттік реттеуді қысқарту.
Бәсекелестікке әсерді бағалауды мемлекеттік органдар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді де (нақты салаларда), әзірленетін нормативтік құқықтық актілер жобаларын бағалау үшін де қолдануы мүмкін.
Бұл мемлекеттік органдарға оның бәсекелестікке ықтимал әсерін ескере отырып, салалық саясатты түзетуге мүмкіндік береді.
Егер бағалау нәтижелері тауар нарығында бәсекелес ортаның жай-күйін төмендету мүмкіндігін көрсетсе, нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеуші реттеудің бағаланатын нормалары сияқты сол мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін ең аз бәсекелестік баламаны табуы тиіс.
Осылайша, мемлекеттік органдар ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес әзірленген бәсекелестікке әсерін бағалау әдіснамасын қолданып, негізсіз шектеулер санын азайта алады.
Айтылғанды ескере отырып, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу процесіне бәсекелестікке әсерді бағалауды қосу нарықтың жұмыс істеуі шектелетін салаларды көрсетіп және қойылған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін балама нормаларды ұсынып, сонымен қатар, мүмкіндігінше бәсекелестікті дамытуға бағдарланып айтарлықтай экономикалық пайда әкеледі.
2.9. Сенім білдірілген адам институтын енгізу.
Қосылу мен бірігулерді бақылау нарық құрылымын монополияға қарсы реттеудің нарықтық биліктің бір қолға шоғырлануының алдын алуға бағытталған маңызды құрамдауыштарының бірі болып табылады. Мәмілелерді бақылауды жүзеге асыру барысында монополияға қарсы орган мәмілелерді жасауға рұқсат алуға негізделген белгілі бар талаптарды нұсқауы мүмкін.
Мәмілені жасасу нәтижелерінің бәсекелестікке теріс әсері анықталған жағдайда, бірақ ықтимал синергетикалық әсер болған кезде, монополияға қарсы ведомство мәмілені жасасудан оң әсерді сақтауды және оның теріс ықпалын жоюды (мінез-құлықтың белгілі бір қағидаларын сақтауға міндеттейтін мінез-құлықтық, немесе шоғырлануға қатысушының сол немесе өзге мүлкін иеліктен айыру туралы талапты орындауға негізделген құрылымдық) қамтамасыз етуі тиіс түзету талаптарын қолдану арқылы бәсекелестікке қарсы көріністерді құруды нивелирлеуі мүмкін.
ЭЫДҰ көптеген елдердің монополияға қарсы органдары орган орындауға нұсқама ететін талаптар мінез-құлықтық және (немесе) құрылымдық болып табылатынынына қарамастан мәмілелер бойынша шешімдер мен тәуелсіз мониторингті орындауға тиімді жәрдемдесу үшін сенім білдірілген адамдарды тартады. Сенім білдіріген адам институты Еуропалық одақ, АҚШ, Канаде, Австралия, Израиль, Корея, Сингапур, Жаңа Зеландия, Мексика, Түркия елдерінде, БРҮКС елдерінде белсенді пайдаланылады.
Экономикалық шоғырлануды бақылау шеңберінде сенім білдірілген адамның бірнеше түрі бар. Мониторинг (monitoring trustee) тапсырылатын сенім білдірілген адам әдетте оларды келісу іс-әрекет шарттарын орындауды болжайтын мәмілелерде тағайындалады. Мониторинг жөніндегі функция міндеттемелерді орындауды, орындау нәтижелерін, сондай-ақ монополияға қарсы орган қойған мақсатқа қол жеткізу үшін нұсқаманың тиімділігін бағалауды қамтиды.
Іс-әрекет шарттарын орындау мониторингінен басқа, сенім білдірілген адамға жиі ретте бизнесті бөлу шарттарын орындаудың жекелеген аспектілерін бақылау да жиі жүктеледі. Егер мәміле тараптары активтерді сатуды монополияға қарсы органның шешімімен белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, активтерді бөлу және бизнестің бөлігін біріктірілген компанияға сату міндетін орындайтын арнайы сенім білдіріген адамды (divestiture trustee) тағайындайды.
Бизнестің бөлігін кейіннен сату жағдайында мәміле келісілген жағдайда, монополияға қарсы орган оның біріктірілген компаниядан тәуелсіздігін және бәсекеге қабілеттілігін сақтау және шешімдерді тиімді орындауды қамтамасыз ету үшін сатылуы тиіс бизнесті басқару үшін сенім білдірілген адамды (independent manager, hold separate manager) тағайындайды.
Сенім білдірілген адам анықтамасы бойынша тәуелсіз болуы тиіс және бизнесті ірілендіру бойынша күрделі операцияларды жүргізу, сондай-ақ мінез-құлықтық сипаттағы шарттарды орындауды қадағалау қажеттілігі жағдайында монополияға қарсы орган тағайындайды және мақұлданады.
Сенім білдірілген адамдар институтын қалыптастыруда АҚШ-ты мысалға келтіруге болады. Бастапқыда бұл институт жаңа технологияларды әзірлеумен тығыз байланысты фармацевтика саласында экономикалық шоғырлану бойынаш мәмілелерде қолданылды.
Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін АҚШ Федералдық сауда комиссиясы (бұдан әрі – ФСК) бірігуші компанияларға белгілі бір дәрілік препараттарды сату туралы талап қойды, бұл технологияларды беруді қамтамасыз етуді және техникалық көмек көрсету қажеттігін білдірді.
Мысалы, 2013 жылы ФСК «Mylan» және «Agila» фармацевтикалық компанияларын біріктіруді қарады. ФСК қорытындысына сәйкес әрбір нарықта бұл компаниялар ойыншылардың шектеулі санының екеуі болды. ФСК төрт бәсекелеске 11 дәрілік препарат-дженериктерді сату шартымен мәмілені келісті (бағалар әдетте олардың санның ұлғаюы бойынша төмендейді) және үшінші тұлға (interim monitor) тарапынан шешімнің орындалуын бақылады.
Осыған орай, АҚШ-тың монополияға қарсы органдары үшін фармацевтика нарықтарында бірігуге қатысты шешімдерде мониторингті жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаны тағайындау стандартты практика болып табылады.
Цифрлық нарықтарда экономикалық шоғырлану жөніндегі мәмілелерге сенім білдірілген адамды тартудың мысалы 2010 жылы Cisco және Tandberg компанияларын біріктіру болды. Еуропалық комиссия мәмілені белгілі бір шарттармен мақұлдады. Cisco компаниясы өзінің бейнебайланыс өнімдері және өз бәсекелестері өнімдері арасында үйлесімділікті қамтамасыз ету міндетін алды. Бұл міндеттемелер, Еурокомиссияның пікірінше, ашық стандарттарды әзірлеуге жәрдемдесуі және телеқатысу жүйелерін өндірушілер арасындағы бәсекелестікті күшейтуі тиіс.
Cisco-ның Еуропалық комиссия алдындағы міндеттері Telepresence Interoperability Protocol (TIP) және тәуелсіз салалық ұйымның ашық шығыс кодымен бағдарламалық қамтамасыз ету кітапханасына құқықтар беруді қамтыды. Cisco TIP енгізу үшін қажет барлық басқа құқықтарды салалық ұйымға беруі және кез келген мүдделі тұлғаға өтеусіз лицензиялар беруге рұқсат етуге тиіс. Бұдан басқа, Cisco хаттаманы өзі енгізгені туралы ақпаратты өтеусіз негізде ұсынуға міндетті болды. Сенім білдірілген адам (monitoring trustee) Еурокомиссияның талаптарына сәйкес АТ саласында стандарттарды әзірлеу мен қабылдаудың қажетті рәсімдеріне ие болуы және салалық ұйымның тәуелсіздігін бақылауы және Cisco компаниясы өзіне алған басқа міндеттемелерді орындауы тиіс.
Сенім білдірілген адамның міндеттері мен өкілеттіктері мыналарды қамтыды, атап айтқанда:
1) міндеттемелердің орындалу мониторингі;
2) шағымдарды қарау;
3) тәуелсіз салалық ұйымды құруды бақылау;
4) сенім білдірігне адам шешімдердегі шарттар мен міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін қажет деп есептейтін Cisco компаниясының ұсынымдары мен ұсыныстары;
5) консультация беру Еурокомиссияға Cisco-ның шешімдегі шарттар мен міндетемелерді орындауы туралы жазбаша ұсынымдар беру;
6) міндеттемелерді орындаумен байланысты кез келген келіспеушіліктер медиациясы.
Сенім білдірілген адамға кез келген жазбаларға, құжаттарға, жабдыққа, үй-жайға, сондай-ақ өзінің функцияларын іске асыру үшін қажет техникалық ақпаратқа толық қолжетімділік ұсынылуы тиіс.
Сенім білдірілген адам институтының бәсекелестікке қарсы практикалармен байланысты өзекті мәселелерге тікелей қатысы бар, мысалы, Microsoft ісі. 2002 жылғы 12 қарашадағы шешіммен сот Microsoft компаниясының операциялық жүйелер мен веб-браузерлер нарығында үстем жағдайды теріс пайдаланды деп таныды және 2001 жылы АҚШ Әділет министрлігі және 18 штат компаниямен жасақан келісімді азғана өзгерістермен бекітті.
Шешімнің маңызды бөлігі іс тараптарының (талапкерлер және Microsoft) сот шешімін сақтау мен орындауға көмектесуі тиіс техникалық комитетті (technical committee) құру туралы нұсқамасы болып табылады. Техникалық комитеттің мүшелері Microsoft-тан да, оның бәсекелестерінен де тәуелсіз, сот келісуі және тағайындауы, оның қызметіне жауапкер ақы төлеуі тиіс.
Техникалық комитетке Microsoft-тың сот шешімі нәтижесінде туындаған өзінің міндеттемелерін сақтауының мониторингі бойынша, сондай-ақ талапкерлерден, үшінші тұлғалардан және компанияның комплаенс жөніндегі ішкі бөлімшесінен түсуі мүмкін шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілді.
Осылайша, сенім білдірілген адам институты шет елдердің монополияға қарсы органдары практикасында кеңінен таралды, себебі бизнеспен бірлесіп оңтайлы шешімдер әзірлеп және монополияға қарсы органмен сындарлы өзара іс-қиымлды жүзеге асырып, монополияға қарсы органның шешімдерін орындауға кәсіби, сараптамалық тәсілді қамтамасыз етеді.
Сенім білдірілген адам (тәуелсіз сараптама ұйымы немесе қажетті өкілеттіктері бар сарапшылар тобы) тарапынан мониторинг цифрлық экономика жағдайында ерекше өзекті. Технологиялық трансфердің технология беретін және қабылдайтын субъектілері арасындағы ұзақ қатынас монополияға қарсы орган мінез-құлық шарттары бар тиісті шешімдер шығарған кезде мониторинг және бақылау тетігін көздеуі қажет екенін білдіреді.
Монополияға қарсы орган белгілеген шарттардың мониторингі және орындалуын бақылау практикасын қалыптастыру кезінде сенім білдірілген адамдар институтына (trustee) қатысты шетелдік тәжірибені ескеру ұсынылады.
Тәжірибе көрсеткендей, осы институтты монополияға қарсы реттеу практикасына енгізу сенім білдірілген адамды тағайындау рәсімін, оның функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, төлем көздерін, монополияға қарсы органның, сенім білдірілген адамның және мәмілеге қатысушылардың өзара іс-қимыл қағидаларын айқындайтын әдістемелік құжаттарды, ішкі нормативтік актілер мен түсіндірулерді әзірлеуді қамтитын кешенді және жүйелі тәсілді талап етеді.
Осыған орай, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мониторингті және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру туралы монополияға қарсы органның шешімдерін орындауға жәрдемесу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына понятия доверенного лица сенім білдірілген адам (шешімді орындауға қатысты мәселелер бойынша арнайы білімі бар адам), базалық қағидаттар мен оларды айқындау мен тағайындау қағидаларын (тәуелсіздік, жауапкершілік), сондай-ақ оларға монополияға қарсы органның, сенім білдірілген адамның және монополияға қарсы органның өзінің щешімі берілген тұлғалардың өзара іс-қимылы ұғымын енгізу мүмкіндігін қарау ұсынылады.
2.10. Сұранысты қайта бағдарлау тетігі ретінде салыстырмалы ресурстарды енгізу.
Бірқатар тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытудың проблемалық аспектісі кызметтерді берушілердің ауыспауы болды.
Бұл нарық субъектілерінің өзі, мемлекет те ұсынатын сұранысты қайта бағдарлау бар тауар нарықтарына тән: басқарушы компаниялардың, қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету қызметтері нарықтары, домофон ұйымдары, қаржы қызметтері (банктер, сақтандыру ұйымдары), электрмен-, газбен жабдықтау, ұялы қызметтер нарықтары және т.б.
Домофонға қызмет көрсету қызметтерін күштеп таңуға осы жабдықты орнату мысал бола алады. Бұл ретте, жабдықтың өзі тұрғындар меншігіне берілмейді, бұл басқа қызмет көрсететін домофон компаниясына өтуді күрделендіреді. Басқа мысал басқарушы компанияның объектінің құрылыс салушысын күштеп таңуы болады.
Сонымен бірге, домофон қызметтері, лифтілік қызмет көрсету, басқарушы компаниялар нарықтарындағы бәсекелестіктің ағымдағы деңгейі Нұр-Сұлтан және Алматы ірі қалаларын қоспағанда, жергілікті нарықтардың көпшілігінде жоғары шоғырлануды көрсетеді, негізгі нарықтық үлес (90%) ірі субъектілерге тиесілі.
Қызметтерді жеткізушіні ауыстыру мәселесін шешу тұтынушыларды хабардар етуше және тиімдірек мәмілелер іздеуге тұтынушыларды ынталандыруға бағытталған тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында салыстырмалы ресурстарды енгізу арқылы мүмкін.
Ұқсас жағдай шетелдік практикада «тарихи жеткізушілер» деп аталатын жеткізушілердің сол бір тобы тарапынан монополияландырылған бөлшек саудада электрмен жабдықтау нарығында орын алды.
Сонымен бірге, жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың пайда болу санында оң серпін атап өтіледі (2015 жылы - 70, 2019 жылы - 110).
Алайда жаңа ойыншылар нарығының үлесі аз өзгереді, бұл тұтынушылардың өздерінің электр энергиясын жеткізушіні ауыстыруға белсенділігінің болмауына негізделеді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды ауыстырудың құқықтық тетігі енгізілгеннен кейін олардың ауыспау себептерінің бірі тұтынушыда балама жеткізушілердің қызметтері туралы ақпараттың болмауы болды (атауы, байланыстар, бағалар, қызмет көрсету аймақтары және басқа).
Басқа жағынан, жаңадан құрылған энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда да тұтынушылар туралы мәлімет жоқ (олардың саны, тұтынылатын электр энергиясының көлемі, жеткізушіні ауыстыру ниеті және т.б.).
Осылайша, сұраныс пен ұсыныс тарапынан аталған ақпараттық кедергілерді еңсеру үшін жағдайлар жасау қажеттігі туындайды.
Бүгінгі күні негізгі ақпарат көзі Интернет болып табылатынын ескере отырып, түрлі энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың ұсыныстарын біріктіруге мүмкіндік беретін салыстырма ресурсты құру қажет.
Осыған орай, тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыу және тұтынушылардың тауарларды жеткізушілердің еркін таңдауын қамтамасыз ету мақсатында нарық субъектілерін ақпаратқа қол жеткізумен қамтамасыз етуге және салыстырма ресурстарды қалыптастыру кезінде оны пайдалануға қойылатын талаптарды айқындау ұсынылады.
Айталық, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін нарық субъектілерінің ақпаратты жария орналастыру және (немесе) ұсыну міндеттері белгіленеді, орналастырылуы және (немесе) ұсынылуы тиіс ақпараттың тізбесі айқындалады.
Бұл ретт, ақпаратты пайдалану шарттары тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз ететін салыстырма ресурсты жүргізу, шарттарды жасасу, бұзу, пікірлер мен тауарларды жеткізушілердің рейтингін орналастыру болады.
2.11. Электр энергетикасы, байланыс, қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету қызметтері, медициналық, зертханалық қызметтер нарықтарында және өзге тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту шаралары.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету саласында.
Шамадан тыс мемлекеттік реттеу бар қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) әкету нарығын атап өтуге болады.
Бағалық бәсекелестіктің болмауы жағдайында ҚТҚ әкету нарығы көп жылдар бойы жоғары шоғырланған болып қалады. Жеке және заңды тұлғалар үшін бір жергілікті қызметтерді жеткізушінің болуы тән (мысалы: Нұр-Сұлтан қаласында «Clean City» ЖШС).
Проблемалардың бірі ҚТҚ нарығын бөлу және қызметтерді алушыларда қоқыс жинайтын компанияларды таңдау құқығының болмауы.
ҚТҚ жергілікті нарығында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, өңдеу мен көмуге бірыңғай тариф қолданылады, осылайша бағалық бәсекелестік толық жойылады.
ҚТҚ нарығында мемлекеттік қатысу да бар. Жекелеген өңірлерде тіке ықпалдасқан құрылымдар бар.
Айталық, қазіргі кезде нарықта ҚТҚ жинау мен әкету, сондай-ақ көму қызметтері нарығында қатар жұмыс істейтін компаниялар бар, осылайша нарықта басым жағдайға ие, бұл полигондарды сенімгерлік басқаруға беруге негізделеді.
Полигондар жергілікті атқарушы органдардың қарамағында тұр, осыған орай мемлекеттік кәсіпорындар қызмет көрсетеді, ҚТҚ көму үшін полигондарға шектеулі қол жеткізу мәселесі бар.
2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 367-бабының 4-тармағына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушылар жергілікті атқарушы орган өткізетін конкурс (тендер) арқылы айқындалады.
Айтылғанды ескере келе, ҚТҚ нарығында бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың қызметтерді жеткізушіні оның конкурстық басымдықтарынан шыға келе дербес айқындау құқығын қамтамасыз ету мақсатында аталған норманы Экологиялық кодекстен алып тастау ұсынылады.
Электр энергетикасы саласында.
Электр энергетикасы саласында тарифтерді бәсекелестік қалыптастыруға біртіндеп өту, оның ішінде инвесторлар үшін бағдар болуы мүмкін салада объективті нарықтық бағаларды айқындау мақсатында электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта еркін бағалар бойынша өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады.
Көтерме сауда нарығы субъектілерінің орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуының міндетті нормаларын бекіту электр энергиясы нарығының қолданыстағы моделі үшін тән проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:
- электр энергиясының көтерме сауда нарығында олигополия іс-қимылын шектеу;
- энергияның көтерме сауда тұтынушылары үшін барлық энергия өндіруші ұйымдарға тең және еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- электр энергиясының көтерме сауда нарығында жосықсыз бәсекелестік факторларын және сыбайлас жемқорлықты шектеу;
- мемлекеттік органдар мен жұртшылық тарапынан генерация секторында нарықта баға белгілеуді бақылау мүмкіндігі.
Бұдан басқа, бұл бақылаушы органдарға электр энергиясын өндірушілер де, тұтынушылар да тарапынан бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жолын кесу мақсатында электр энергиясы нарығында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын сақтауды тиімді қадағалауға мүмкіндік береді.
Осылайша, электр энергиясы көтерме сауда нарығы сегменттерінің бірі ретінде орталықтандырылған сауда нарығының жұмыс істеуі нарықта объективті бағаларды қалыптастыруда маңызды буын және нарық субъектілері арасында мәмілелерді еркін жасасу үшін алаңды қамтамасыз ететін тетік болып табылады.
Осыған орай, орталықтандырылған сауда нарығын дамыту қажет, осы жағдайда нарықта орталықтандырылған сауда секторында электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің қатысуының міндетті нормаларын енгізу кезінде ғана мүмкін болады.
Электр энергиясын өткізуді талдау нарықта көтерме нарық субъектілері болып табылатын, тұтынушыларға электр энергиясын қайта сатумен айналысатын көптеген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (бұдан әрі – ЭЖҰ) пайда болғанын көрсетеді.
Айталық, 2019 жылы ЭЖҰ арқылы сатылған электр энергиясының жалпы көлемі (114 субъект) – 47 млрд. квт. с. құрады.
Оның ішінде шамамен 9 млрд. квт. с. (19 %) 28 ЭЖҰ-ның көтерме сауда нарығында жеткізу көлемі құрайды.
Бұл ретте, өндіру және тұтыну теңгерімі ЭЖҰ-ның аталған көлемдерді электр энергиясының ең «арзан» көздерінен (ең төмен шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар) сатып алатынын көрсетеді, бұл оларға «делдалдықта» жоғары маржа алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, аталған ЭЖҰ тұтынушыларының сол электр энергиясын энергия өндірушілерден тікелей сатып алуға техникалық мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ монополияға қарсы органға электр энергиясын өндірушіден тікелей сатып алғысы келетін кәсіпкерлік субъектілерінен шағымдар ұдайы түседі. Бірақ электр энергиясының шығарылатын көлемдерінің, оның ішінде аталған ЭЖҰ-мен келісімшарт жасалатынына байланысты, кәсіпкерлік субъектілері делдал құрылымдардың қызметіне жүгінуге мәжбүр.
Сонымен қатар, кәспікрлік субъектілерінің өздерінің пікірінше, кәсіпорынның энергия сыйымдылығына қарай электр энергиясына шығыстар шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметердің өзіндік құнының айтарлықтай бөлігін иеленуі мүмкін.
Осыған орай, ұқсас практиканы жою үшін ЭЖҰ-ға электр энергиясын көтерме саудада тұтынушыларға өткізуге тыйым салуды заңнамалық түрде бекіту ұсынылады.
Тиісті көтерме саудада тұтынушылардың тізбесі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қалыптастырылатын Бірыңғай сатып алушының тізбесінде айқындалады.
Осылайша, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысатын және бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан тұтынушы (оның ішінде энергия беруші ұйым) электр энергиясын, делдал ұйымдарды айналып өтіп, өндірушіден ғана сатып алатын жағдай болады.
Бірыңғай сатып алушымен шарттың болу қажеттілігі тиісті шарт болмаған (бұзылған) жағдайда, көтерме саудада тұтынушы энергиямен жабдықтауды тоқтатуды болдырмау үшін ЭЖҰ-дан электр энергиясын сатып алуға мүмкіндік алатынына негізделеді.
Осы заңнамалық бастама жұмыс істеп тұрған энергияны қажет ететін кәсіпорындардың өндірістік шығындарын азайтуға, сондай-ақ көтерме нарыққа жаңа субъектілердің кіруіне мүмкіндік береді, бұл олардың түпкі өнімінің құнына оң әсерін тигізеді.
Байланыс қызметтері саласында.
Ұялы байланыс нарығы шоғырлану деңгейі жоғары олигополиялық болып табылады, нарықта 3 оператор бар: «Kcell» және «Activ» сауда белгілерімен «Kcell» акционерлік қоғамы, «Кар-Тел» – «Beeline» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мобайл Телеком-Сервис» – «Tele 2» және «Алтел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның екеуі «Қазақстелеком» акционерлік қоғамы арқылы өзара үлестес болып табылады. Бұл ретте «Қазақстелеком» акционерлік қоғамының мемлекет қатысатын ұлттық компаниясының үлесіне ұялы байланыс нарығының 60%-дан астамы тиесілі.
Нарықтың монополиялануы негізгі ойыншыларға нарықта өзінің жағдайын теріс пайдалануға мүмкіндік береді, осыны ұялы байланыс операторларының әрекеттеріне келіп түскен шағымдар және оларға қатысты жүргізілген монополияға қарсы тергеп-тексерулер куәландырады.
Талдау қорытындысы бойынша ұялы байланыс нарығында бәсекелестіктің дамуын тежейтін мынадай жүйелі проблемалар анықталды: радиожиілік спектрі ресурсының шектеулілігі, жаңа радиожиіліктерді бөлудің тең емес шарттары, телекоммуникациялар инфрақұрылымына тең қол жеткізу проблемалары, нарықтың шамадан тыс экономикалық шоғырлануы, мемлекеттің ұялы байланыстың бәсекелес нарықтарына қатысуы.
Әлемдік практика ұялы байланысты дамытудағы негізгі тренд желілерді бірлесіп пайдалану (NetworkSharing (шеринг) – шығындаржы үнемдеу және желілерд іске қосуды жеделдету мақсатында ұялы байланыс желілерін бірлесіп жоспарлау, салу және пайдалануға беру екенін көрсетеді. Шерингтің екі түрі бар: пассив шеринг (PassiveSharing) желілік инфрақұрылымның енжар элементтерін бірлесіп пайдалану (діңгектер, сайттар, кабинет, қуат) деп айқындалады; актив шеринг (ActiveSharing) радио қол жеткізу желісі және көліктік желілердің белсенді элементтерін бірлесіп пайдалану, оның ішінде жиілік спектрін бірлесіп пайдалану деп айқындалады.
Тұтастай алғанда, әлем бойынша бұл процесс белсенді жүріп жатыр және реттелетін органдар қолдайды. Бұл ретте операторлар қызметтерді, сервистерді ұсыну саласында және бағалық саясатта бәсекелесуді жалғастырады.
ActiveSharing-тен мынадай пайданы атап өту қажет: желіге инвестицияларды қайталауды азайту (антенналар мен базалық станциялар азырақ, электр энергиясын тұтынуды, жалдау шығыстарын қысқарту); операторлар үшін шығындарды азайту және жаңа желілерді пайдалануға енгізуді жеделдету; алыс/халқы аз өңірлерде сервис ұсыну мүмкіндігі; жаңа өнімдер мен технологиялық инновацияларды енгізуді жеделдету; абоненттер үшін сервис сапасын арттыру; халқы аз өңірлерде желілерді өрістету рентабельділігі; өте тапшылық жағдайында жиілік спектрін тиімді пайдалану.
Осыған орай, радиожиіліктерге (ұялы операторлар пайдаланатын) кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа ұялы компанияларға уәкілетті орган бекітетін радиожиіліктерді бірлесп пайдалану қағидаларын көздеу ұсынылады.
Дәрілік заттарды сату нарығында.
2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 245-бабының 1-тармағына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасында тіркелген және айналыстағы дәрілік заттарға (бұдан әрі – ДЗ) жүзеге асырылады.
Яғни, қазіргі кезде мемлекет барлық ДЗ-ға бағаларды реттейді.
Әрқашан мұндай болған жоқ, 2019 жылға дейін ДЗ бағаларын реттеу мемлекеттік сатып алу үшін ғана жүзеге асырылды, сонымен қатар бөлшек сауда бағалары реттелген жоқ.
Практика көрсеткендей, көтерме және бөлшек саудада сатуға бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген сәттен бастап нәтиже аз болды, әсіресе халықтың әлеуметтік осал тобының сұранысқа ие бірқатар ДЗ-ны нарықтан алып қоюы. Бірқатар ДЗ көтерме сауда бағалары бөлшек сауда бағаларымен теңесті.
Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, түрлі елдерде бағаларды реттеу нысанасы мыналар болып табылатынын атап өту қажет:
- өндірушілердің бағалары;
- өндірушілер бағаларының жекелеген құрамдауыштары (маркетингке шығындар);
- фармацевтикалық компаниялардың кірістері;
- жаңа дәрілерге бағалар;
- көтерме және бөлшек сауданың сауда үстемеақылары.
Еуропа елдерінде фврмацевтикалық өнім бағаларын мемлекеттік бақыоаудың түрлі жүйелері бар, әрбір елде санамаланған құралдардың бөлігі ғана пайдаланылады. Бұл сол бір препараттарға бағалар айырмасына және ЕО ішінде кері импорттың өсуіне әкеледі.
«Шығындар қосу» әдісі.
1950-жылдардан бастап он жылдар бойы Еуропада шығындар бойынша баға белгілеу тұжырымдамасы пайдаланылады. Осы әдіс шеңберінде орташа және шекті шығыстар бойынша есеп озық деп есептелді. Яғни осы әдісьі пайдалану кезінде дәрілерге рұқсат етілген баға маркетинг пен ғылыми зерттеулерге шығыстарды ескере отырып, оны өндіру шығыстарының негізінде белгіленеді. Осы әдістің жетілмеуіне қарамастан, кейбір елдерде өндірудің жалпы шығыстарын жабуға бағдарланған, заңнамалық түрде реттелетін баға белгілеудің жүйесі бар - размер государственных өндірушілерге мемлекеттік дотация мөлшері соңғылардың шығындары құрылымына қарай қойылады және оларға пайдадан біршама пайызды қамтамасыз етеді.
«Ішкі» және «сыртқы салыстыру» әдістері – референтті баға белгілеу.
Ішкі салыстыру әдісін пайдалану кезінде жаңа препараттардың құны ішкі нарықта бар ұқсас өнімдерге бағаларды ескере отырып белгіленеді. Баға белгілеудің мұндай әдісі Италияда, Ирландия мен Францияда қолданылады. Нәтижесінде түрлі өндірушілердің ұқсас өнімдеріне бағалар бірдей дерлік болады, бұл іс жүзінде бағалық бәсекелестікті жояды. Жаңа дәрі бағасын жоғары, бірақ нарықтағы ұқсас терапевтикалық әрекеті бар препарат бағасымен салыстырғанда X%-дан аспайтын етіп бекітуге рұқсат етіледі. Ең жоғары үстемеақы деңгейі (X%) әдетте 30-50% аралығында белгіленеді. Сөзсіз басымдыққа ие жаңа препараттар пайда болған жағдайда, бағалар тиісінше түзетіледі. Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеттері өндірушілердің нарықта жаңа препараттарды жылжыту және орналастыру мүмкіндігін төмендетеді. Басқа тараптан, ұқсас препараттардың бағасында азғана айырмашылық болған кезде дәрілерді тағайындау кезінде дәрігер үшін таңдау құқығының сақталуы оң әсер етеді.
Ұлттық нарықта эквиваленттері жоқ жаңа ДЗ бағалары басқа елдердегі (Испания, Люксембург және Португалия) тиісті бағалардың негізінде белгіленуі мүмкін.
Сыртқы баға әдістері пайдаланылған жағдайда, басқа елдерде нақты препараттарға баға ішкі нарықта баға белгілеу үшін айқындаушы фактор болып табылады. Түрлі мемлекеттерде баға белгілеудің осы әдісінің әртүрлі түрленуі қолданылады. Айталық, мысалы, бағалар бес елдің (Ирландия) және төрт елдің (Италия) формуласы негізінде есептелетін сыртқы салыстыру әдісі пайдаланылады, бұл ретте Ирландия солтүстік еуропалық бағаны, ал Италия – еуропалық бағаны белгілейді.
«Өндірушілердің пайдасын бақылау» әдісі.
Осы жүйені Ұлыбритания қолданады, ал оның жекелеген элементтері бірқатар басқа елдерде, мысалы Испанияда пайдаланылады. Әдістің мәні өндірушілер белгілейтін баға белгілеу осы күнге дейін өндірушілер пайданың ең жоғары коэффициентін асырмаса, еркін деп есептеледі. Осылайша, бағалар жанама - алынатын пайда мөлшері туралы уағдаластық арқылы реттеледі. Бұл ретте компанияның пайда деңгейі инвестицияланған капиталға пайдадан шыға келе өлшенеді. Ұлыбританияла капиталдың қандай бір елеулі салымдары жоқ компаниялар үшін бағалау сатудан кірістің негізінде жүргізіледі.
Пайданы мемлекеттік бақылау жүйесінің негізгі басымдығы ол ғылыми зерттеуге шығыстарды ескереді. Бірақ бұл ретте мемлекеттік органдар фармацевтік кәсіпорындар үшін рентабельділіктің нормативтік көрсеткіштерін айқындау мәселесімен ұшырасады.
«Шығындар мен тұтыну пайдасын талдау» әдісі.
Тұтыну пайдасы фармацевтикалық өнімге қатысты түрлі елдерде әртүрлі түсініледі. Айталық, Францияда бірнеше жылдар бойы тиісті комиссия жаңа препараттың терапевтикалық қасиеттерін тексереді және оларды қолда бар дәрілердің қасиетімен салыстырады. Егер жаңа препарат тиімді әрекет етсе, комиссия тиісті инстанцияларға оған баға белгілеу бойынша ұсынымдар береді. Бұл ретте, пайдалылығы алты дәрежеде шартты шәкіл бойынша бағаланады және фирма шығыстар есебін ұсынуға міндетті.
Ұлыбританияда фармациялық өнімнің өзіндік құнының есебін ұсыну міндетті емес. Швецияда өзіндік құн туралы міндетті есепте дотацияларды есептеудің жеткілікті икемді қағидалары пайдаланылады. Жапонияда жаңа препараттарды зерделеу стандартты құрал арқылы жүргізіледі. Егер жаңа препарат сатылымға шыққанға дейін стандартты аналогқа баға төмендесе, онда жаңа препаратты өндіруші дотациядан айырылады. Австралияда және Канаданың бірқатар провинцияларында шығындарға және тұтыну пайдасына дербес жүргізілген талдауды ұсыну міндетті.
Сауда үстемеақысының шекті мөлшерін белгілеу, регрессивті үстемеақыларды пайдалану.
ЕО-ға мүше елдердің көпшілігінде бағаларды мемлекеттік реттеу бар, оның шеңберінде фармацевтикалық компанияларға белгілі бір үстемеақылар (бөлшек сауда үшін - 25-30%, көтерме қоймаларға – 8-15%) белгіленеді. Үстемеақы елдің экономикалық мүмкіндіктеріне және фармацевт үшін әрбір рецептіге қызмет көрсету үшін сыйақы (төлем) мөлшеріне байланысты. Дәріханалар үшін сатып алу бағасына тұрақты үстемеақылар Бельгияда, Люксембургте, Испанияда, Италияда, Грецияда және Португалияда айқындалды. Сарапшылардың пікірінше, стандартты үстемеақылар бағалардың біркелкілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ирландия мен Нидерландыда фармацевт пациентке әрбір босатылған бума үшін қолақы ретінде тіркелген сыйақы алады.
Дәрілік заттардың «позитивті» тізбелері.
«Позитивті» тізбе - бұл тегін немесе жеңілдікті бағалар бойынша босатылатын ДЗ тізімі. Германияда үлкен сұранысқа ие және міндетті сақтандырудың аурухана кассалары арқылы төленетін тіркелген бағасы бар (неміс фармацевтика нарығының төрттен бірге жуығын құрайтын) ДЗ тізбесі бар, осыған орай, өндірушілер бағаларды тіркелген және төмен бағамен белгілеуге мәжбүр. Ұқсас жүйе Швейцарияда бар.
Германияда 2002 жылы дәрі-дәрмек шығыстарын шектеу туралы заңның негізінде Aut-idem реттеу қолданысқа енгізілген болатын. Рецептуралық бланк нысаны бекітіліп, «дәрілік затты ауыстыруға тыйым салынады» деген баған енгізілді. Егер рецептіде «ауыстыруға тыйым салынады» деген белгі болса, дәріханада түпнұсқа препарат беріледі, бірақ дәрігер неге оны ұсынатынын түсіндіруі тиіс. Қалған жағдайларда дәрігер кез келген, оның ішінде қымбат та препаратты жазып беруі мүмкін, бірақ фармацевт оны осындай әсер ететін заты бар және бекітілген тізімнің сондай нысанындағы препаратпен ауыстыруы тиіс. Тізімге төменгі бағадан үштен бірі не бірдей әсер ететін заты бар бес ең қымбат препарат кіреді. Бұл тізімдерді дәрігерлердің федералдық комитеті ауруханалық кассалар басшыларымен бірге тоқсан басталғанға дейін бір ай ішінде жасайды.
Көптеген елдерде жеңілдікті дәрілердің тізімдеріне басым тәртіппен отандық дәрі-дәрмен енгізілетінін атап өту қажет. Бұл ұлттық өнеркәсіпті қолдау саясаты ретінде қаралады.
«Базистік» (анықтамалық, реферативтік, салыстыру үшін, тірек) бағалар әдісі.
Фармацевтикалық өнімге бағаларды реттеудің осы әдісі әдетте денсаулық сақтауды қаржыландырудың сақтандыру жүйесі бар мемлекеттерде қолданылады. Ол сақтандырылған азаматтарға ДЗ үшін қосымша ақыны көздейді. Осы әдісі қолдану кезінде ұқсас немесе эквивалентті дәрі-дәрмек тобы үшін шығыстарды өтеудің шекті деңгейі белгіленеді. Практикада бұл егер құны базалықтан асып түссе, пациент препараттың базалық және нақты бағасы арасындғы айырманы жеке жабуына туралы келетінін білдіреді.
Эталонды баға белгілеу.
Тіркелген бағалармен қатар ДЗ-ға бағаларды жанама реттеу тетігі болып табылатын және медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істеп тұрған елдерде (мысалы, Германияда, Испанияда, Швецияда) белгілі бір (әдетте, рецептуралық) препараттардың құнын өтеуше арналған эталдндық баға белгілеу қолданылады. Егер тіркелген баға эталондықтан асып түссе, айырманы пациент төлейді.
Эталондық бағалар белгілеу тәртібінің әр елде өз ерекшелігі бар, бірақ ортақ заңдылықтары да бар. Әдетте нарықта ұсынылған ДЗ-ны аналог препараттарды біріктіретін топтар бойынша жіктейді және әрбір топ үшін эталондық баға айқындалады. Әдетте, эталондық баға белгілеу үшін босату нүктесі ретінде осы топтағы ең арзан генериктің құнын таңдайды (мысалы, Швецияда эталондық баға ең арзан генерик бағасының негізінде қосу 10% белгіленеді және жылына 4 рет қаралады). Осы топтың сақтандырылған пациент сатып алатын немесе алатын әрбір ДЗ құны белгіленген эталондық баға шегінде сақтандыру ұйымдары қаражатының есебінен өтеледі.
Медициналық сақтандыру жүйелері бар Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде эталондық бағалар белгілеу үшін мыналар пайдаланылады:
- АТС жіктеу жүйесіне сәйкес препараттар тобындағы ең кіші баға (Чехия, Словакия);
- отандық препараттың бағасы (Польша);
- бірдей халықаралық патенттелмеген атауы бар препараттың бірінің ең кіші бағасы (Румыния).
ДЗ тұтыну көлемімен байланысты бағаларды төмендету.
Бұл әдіс өте қымбат дәрілер дәрі-дәрмек шығыстарын өтеу кезінде мемлекеттік бюджет үшін үлкен жүктеме болғанда Францияда ғана қолданылады. Әдісте оларға баға тиісті органдар мен өндірушілер арасында келіссөздер арқылы төмендетілуі тиіс. Өндірушілерді зерттеу жүргізуге ынталандыру және фармацевтика нарығында отандық дәрілерді жылжыту үшін компаниялар өз капиталын Францияда инвестициялау мен көбірек генериктер шығаруды жоспарласа, көп артықшылыққа ие болады.
Нарықта дәрілік заттарды жылжыту үшін қажет шығыстарды бақылау.
Жарнама сату көлемін ұлғайтуға жәрдемдесетіндіктен, бұл әдіс фармацевтика индустриясы кәсіпорындарының шамадан тыс белсенді жарнама қызметін шектеуге бағытталған. Францияда нарықта фармацевтикалық препараттарды жылжыту үшін шығындардың жалпы сомасына салық алынады.
Бағаларды тіркеу.
Реттеу әдісі ретінде бағаларды тіркеу препаратты жан-жақты бағалауға және белгілі бір мерзімде - тіркелген уақыт аралығында (мысалы, 1 жыл) не құзыретті уәкілетті органмен бағаларды өзгерту туралы өндірушінің тиісті өтінішін келіскенге дейін осы препаратқа бағаның ең жоғары деңгейін белгілеуге негізделген.
Отандық және шетелдік өндірістің препараттарына бөлшек те, көтерме сауда да бағалары тіркелуі мүмкін. Айталық, Швецияда бағалар сатып алу деңгейінде, ЕО елдерінде - жиі ретте бөлшек сауда деңгейінде, ал Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде - өндірушілер бағалары деңгейінде тіркеледі.
ДЗ-ға тіркелетін (ең жоғары немесе шекті) бағаларды белгілеу жүзеге асырылуы мүмкін:
- мемлекеттік басқару органдары мен өндірушілер арасында келіссөздер жүргізу процесінде (Франция, Швеция);
- мемлекеттік басқару органдары дербес – өндірушілерге ұсынылған құжаттар және өз ақпаратының негізінде (Испания, Бельгия, Қытай). Бұл ретте түпнұсқа препараттың бағасына қатысты генерик бағасының төмендеу мөлшері де белгіленеді.
Тіркелетін бағаны белгілеу үшін жөнелту нүстесі ретінде ішкі нарықта немесе басқа елдердің нарықтарында ұсынылған ұқсас фармокологиялық әсер ететін немесе бір фармакотерапевтикалық топтағы үұсас химиялық құрылым препараттарына бағалар пайдалануы мүмкін.
Қытайда импорт ДЗ-ға бағалар белгілеу кезінде салыстыру үшін отандық аналог препараттарға бағалар немесе экономикалық деңгейі бірдей дерлік елдердегі олардың бағалары пайдаланылады.
Белгіленген бағалар арнайы прейскуранттарға қосылады: ДЗ прейскуранттарының жүйесі в экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде - Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Жапонияда және т.б. кеңінен таралды.
Инновациялық ДЗ-ға еркін баға белгілеу және бағаларды белгілеуде халықаралық саудаға бағдарлану ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және инновациялық препараттарды құру үшін қуатты ынталандыру болып табылады және бұл дамыған елдерде ДЗ-ға баға белгілеудің ұлттық жүйелерінде ескеріледі. Айталық, Ұлыбританияда және Жапонияда баға белгелу жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі дамыған рентабельді фармацевтикалық өнеркәсіпті қолдау және барынша тиімді және экономикалық емдеуді қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті инновациялық ДЗ әзірлеуді көтермелеу болып табылады.
Айтылғанды ескере отырып, ДЗ нарығында бәсекелестікті дамыту және кедергілерді қысқарту мақсатында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде өткізілетін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі ДЗ-ны реттеуді сақтай отырып, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ-ға мемлекеттік бағалық реттеуді жою ұсынылады.
Медициналық, зертханалық қызметтер саласында.
АИТВ-инфекциясының диагностикасы.
АИТВ-инфекциясына зертханалық диагностикалау жүргізу нарығы жоғары шоғырланған деп сипатталады. Нарықта осы қызметті мемлекеттік ұйымдар Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК және аумақтық ЖҚТБ-орталықтары көрсетеді.
Денсаулық туралы кодекстің 162-бабында о здоровье тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарауға АИТВ профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ғана шектеу белгіленген, бұл мынаны:
- АИТВ-инфекциясына зертханалық диагностикалау жүргізу нарығына жеке зертханалардың қол жеткізуін шектеуді;
- АИТВ профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жоғары, тиімсіз шығыстарын және өзге де білдіреді.
АИТВ жұқтырған және ЖҚТБ ауруларын емдеу шығыстары, млрд. теңге
|
2015 |
2016 |
2017 жыл |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
|
1,9 |
1,8 |
1,9 |
10 |
9,5 |
14,7 |
АИТВ-инфекциясын диагностикалау нарығында мемлекеттік монополиялық құрылымның болуы мемлекеттік практикаға сәйкес келмейді.
Әлемнің 189 елі, оның ішінде Қазақстан да 2030 жылы АИТВ және ЖҚТБ-ға қарсы күш-жігерді жұмылдыру және жою үшін БҰҰ-ның АИТВ/ЖҚТБ бойынша Саяси декларациясын мақұлдады. 2020 жылға дейінгі кезеңде жаңа жаһандық нысаналы бағдарлар 90-90-90 - диагноз АИТВ-инфекциясы бар барлық адамдар үшін 90% белгіленуі тиіс, оның 90 %-ы ретровирустыққа қарсы терапия алуы тиіс және соңғыларының 90%-ында вирустық жүктемені азайтуға қол жеткізілуі тиіс, бұл процесті жақсартады және АИТВ берудің алдын алады.
ДСҰ ұсынымдарына сәйкес АИТВ-ға тестілеу денсаулық сақтаудың кез келген деңгейінде жүргізуге болады (амбулаторлық-емханалық, жекеменшікті қоса алғанда, аудандық, облыстық ауруханалар стационарында және жергілікті қоғамдастықтар (МЕҰ) деңгейінде.
ДСҰ деректері бойынша денсаулық сақтаудың барлық деңгейінің, жекеменшік сектор мен жергілікті қоғамдастықтың медициналық ұйымдарының қатысуымен АИТВ-ға скрининг есебінен тестілеу мен консультация берудің ауқымын кеңейткен елдер АИТВ-ның жаңа жағдайларын тіркеуді азайтуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Тестілеу пункттерін ұйымдастыру ДСҰ ұсынымдарының бірі болып табылады, себебі
«АИТВ-ге тестілеу профилактика, емдеу, көмек және АИТВ-инфекциясымен байланысты қолдаудың барлық басқа шараларының бастапқы кезеңі болып табылады».
АИТВ-инфекциясына зерттеу жүргізу қызметтерін бәсекелес ортаға беру:
- АИТВ-диагностикасын жүргізуде тұрғындарды қамтуды ұлғайтуға;
- АИТВ-инфекцияға зерттеу жүргізуде балама және тиісінше пациентке медициналық ұйымды таңдауды жүзеге асыру құқығын беруге мүмкіндік береді (пациент өз талдамаларын басқа денсаулық сақтау ұйымдарында қайта тексеруге құқығы бар
Айтылғанның негізінде, АИТВ-инфекциясын диагностикалау нарығында әкімшілік кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту мақсатында Денсаулық туарлы кодекске жеке медициналық ұйымларға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде АИТВ-инфекциясына зерханалық диагностикалау жүргізуге қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.
Сонымен қатар, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан подвид лицензируемой медицинской деятельности - «адамның иммун тапшылығы вирусын зертханалық диагностикалау (АИТВ-диагностика)» лицензияланатын медициналық қызметтің кіші түрін алып тастау ұсынылады, себебі рұқсат беру құжатын беру белгілі бір инфекцияға ғана қолданылмауы тиіс, ал зертханалық зерттеулер түрлері ғана, атап айтқанда иммунологиялық, лицензиялануға тиіс.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 484 Жарлығында айқындалған бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады, атап айтқанда:
1) тауар нарықтарында нарықтық шоғырлану деңгейін төмендету;
2) тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін, мемлекеттік бағалық реттеу құралдарын қысқарту;
3) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және нарықтың жаңа қатысушыларының пайда болуына немесе кәсіпкерлік субъектілері арасындағы бәсекелестікті күшейтуге бағытталған инвестицияларды іске асыру;
4) тауарлардың жаңа түрлерінің нарықтарын қалыптастыру, отандық өндірушілер өнімдерінің айналысы, олардың әлемдік нарықтарға шығуы саласын кеңейту;
5) мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту және мемлекеттің экономикалық активтерін басқару тиімділігін арттыру;
6) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, оның ел экономикасына үлесін ұлғайту;
7) биржалық сауданы кеңейту;
8) мемлекеттік қолдау шараларына және мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына кәсіпкерлік субъектілерінің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
9) үстем немесе монополиялық жағдайға ие тауар нарығы субъектілерінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесін олардың іске асыруы.
Заңды реттеудің нысанасы цифрлық экономиканы дамыту және оның жаһандану жағдайында монополияға қарсы реттеуді жетілдіру, жекелеген экономикалық функцияларды іске асыруға және қызметтерді монополиялық көрсетуге уәкілетті мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін реттеу, экономиканы мемлекет иелігінен алу, мемлекеттік органдардың бір көзден алу сатып алу негіздерін қысқарту, шағын және орта бизнес үшін сатып алуға қол жеткізуді шектеулерді жою, мемлекеттік қолдау шараларына және негізгі қуаттарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің комплеанс-жүйелерді енгізуін ынталандыру, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бәсекелестікке әсерін бағалауды енгізу сияқты өзекті мәселелер болып табылады.
Заң жобасы екі баптан тұрады.
1-бап мынадай заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырула енгізуді көздейді:
1) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасның Бюджет кодексі;
2) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексі;
4) 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
5) 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
6) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
7) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
8) 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
10) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
11) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
2-бап Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін көздейді.
Жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша заңнамалық актілерге қайшы келетін нормалар анықталған жоқ.
Заң жобасын іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою;
тауар нарықтарының жұмыс істеуінің жүйелі проблемаларын шешу;
цифрлық экономика саласында ұлттық және шетелдік ұйымдар бизнес жүргізген кезде монополияға қарсы заңнаманың талаптарын сақтау.
Сонымен бірге, Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды.
Әзірленетін заң жобасы осы Тұжырымдаманың 5-бөлімінде санамаланған заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
Қазіргі кезде Заң жобасын реттеу нысанасына кіретін мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Кодексте реттеледі.
Экономикалық процестердің жаһандануы және инновациялық экономика жағдайында бәсекелестік сапалы жаңа нысанға ие болады: нарықтың жеке агенттердің қарама-қайшылығының классикалық үлгісі ірі компаниялар - нарық көшбасшылары маңында қалыптасатын бизнес-жүйелерге, тұтынушылар үшін құндылықты құру бойынша бірлескен инновациялық қызметті ұйымдастырушыларға жол береді. Нарықтардың дамуының экономикалық парадигмаларының өзгеруі салдарынан бәсекелестік реттеудің өлшемшарттары, нормалары мен стандарттары жаңғыртылады, оларды қолдану тетктері мен әдістері өзгереді.
Цифрлық экономиканы реттеудің жаңа құралдарын енгізу тәжірибесі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) өзінің «2019 цифрлық экономика туралы баяндамада» (бұдан әрі - Баяндама) атап өткендей цифрлық экономика жылдам дамып келеді және оның қозғаушы күші цифрлық деректер мен цифрлық платформалар болып табылады. Айталық, цифрлық нарықтар ойыншыларының көпшілігі көрсетілетін сервис сапасын жақсарту, өзінің бағалық модельдерін түзету және пайда алу мақсатында ғана емес, сонымен қатар нарық үдерістерін болжамдау, сондай-ақ бәсекелестерді ығыстырып шығару мақсатында «үлкен деректерді» («big data») (цифрлық деректер) талдауға мүмкіндік беретін технологияларды қолданады. «Үлкен деректерді» пайдаланып бәсекелестікті шектеу бағалармен айла-шарғы жасау, цифрлық картельдер құру, қосылу мен бірігу түрінде де, кемсітушілік қол жеткізу немесе пайдаланушы үшін тиімсіз жағдайлар жасау түрінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Цифрлық платформаларға қатысты Баяндамада олар түрлі тараптарға онлайн режимде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін тетіктер ретінде болатыны атап өтілді және операциялық платформалар және инновациялық платформалар арасында айырма болуы мүмкін. Операциялық платформалар онлайн режимде жұмыс істейтін және түрлі тараптар арасында операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін инфрақұрылыммен екітарапты/көптарапты нарықтарды білдіреді. Олар стали основой бизнес моделью для крупных ірі цифрлық корпорациялар үшін («Амазон», «Алибаба», «Фейсбук» сияқты және басқа), сондай-ақ цифрлық технологиялар кеңінен пайдаланылатын секторлардағы корпорациялар үшін де («Убер» сияқты) негізгі бизнес үлгі болды.
Инновациялық платформалар кодтар мен контентті әзірлеушілер мысалы, операциялық жүйелер («Андроид» сияқты) немесе технологиялық стандарттар нысанында (мысалы, бейнефайлдар үшін MPEG форматы) қосымшалар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді құрайтын ортаны білдіреді. Бұл ретте, нарықтардың бизнес-үлгілеріне өтіп, цифрлық платформалар иелері өз ықпалын күшейтеді және жеткізу тізбегін бақылай бастайды, баға белгілеуді бақылаудың қосымша тұтқасына ие болады және ақпараттың жасанды асимметриясын құру есебінен сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына әсерін тигізе алады.
Мысалы, соңғы он жылда Microsoft компаниясы өз қызметін информациялық технологиялар саласында жүзеге асыратын бірқатар кәсіпорындарды бақылады. Бұл іздеу жүйелері, коммуникациялық қызметтер, интернет-жарнама, кәсіби әлеуметтік желілер және т.б.
Мемлекетік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету тәжірибесі.
Ресей Федерациясында мемлекеттік немесе муниципалдық преференция монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен ұсынылады.
Украинада шаруашылық субъектілеріне мемлекеттік көмек мониторингі жүргізіледі, бәсекелестікті қорғау мен дамытуды қамтамасыз етуге, мемлекеттік көмек жүйесінің жұмысының ашықтығын арттыруға және Украинаның мемлекеттік көмек саласындағы халықаралық міндеттемелерді сақтауына бағытталған мұндай көмектің жол берілуіне бақылау жүзеге асырылады.
Молдова Республикасында мемлекеттік көмек беру бастамасына рұқсат алу үшін монополияға қарсы органға өтініш (жеткізушінің және (немесе) бастамашының) өтінішхаты) жіберіледі.
Беларусь Республикасында заңнамалық актілерді, өзге де құқықтық актілерді қабылдайтын (шығаратын) мемлекеттік органның әрекеттерді (әрекетсіздікті), келісілген әрекеттерді жасауға, келісімдер жасасуға, егер мұндай заңнамалық актілерді, өзге де құқықтық актілер, әрекеттер (әрекетсіздік), келісілген әрекеттер, келісімдер бәсекелестікке жол бермеуге, шектеуге немесе жоюға және (немесе) мемлекеттік преференциялар ұсыну кезінде заңды немесе жеке тұлғалардың құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса, жауапкершілігі көзделген.
Нарық субъектілерінің комплаенс-жүйелерді енгізу тәжірибесі.
Франция мен Италияда компанияда монополияға қарсы комплаенса болса және ол сақталса, санкцияларды төмендету мүмкіндігі ұлттық деңгейде қаралады. Айталық, Францияда айыппұлды 10%-ға, ал Италияда – 15%-ға азайтуға мүмкіндік бар.
Франция Коммерциялық кодексінің L464-2-бабында егер комплаенс-бағдарлама көмегімен бұзушылық анықталса және жойылса, ол жеңілдететін мән-жай деп қаралуы мүмкін екені белгіленген. Жауапкершілікті жеңілдететін фактор ретінде компанияның өзіне бәсекелестік ведомство бұзушылықты анықтағаннан кейін комплеанс-бағдарламаларды енгізу міндеттемелерін алуы да қаралуы мүмкін.
АҚШ-та 2019 жылы монополияға қарсы органның құқықтық тәсілінде монополияға қарсы комплеансқа қатысты маңызды өзгерістер болды. АҚШ Әділет министрлігі монополияға қарсы комплаенс жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай деп ескерілуі тиіс екенін таныды.
Осы Министрлік санкция мөлшерін айқындау кезінде монополияға қарсы комплеанстың корпоративтік бағдарламаларын бағалау жөнінде нұсқаулық шығарды. Өзгерістер корпорацияларда монополияға қарсы комплеансті ынталандыруға және корпорацияларға (маркерлер деп атадатын жүйеден басқа) бұзушылық туралы өз еркімен хабарлау фактісі жаза тағайындау кезінде назарға алынатыны туралы қосымша кепілдіктер беруга арналған.
Ұлыбританияда әйгілі мысалдардың бірі 2003 жылы ағылшын жария билік органы (Office of Fair Trading) Ұлыбритания шекараларында бірқатар ойыншықтармен және ойындармен сауда жасауға ықпал еткен, бағаларды тіркеу туралы келісім жасасу нәтижесінде 1998 жылы Competition Act 2-бөлімін бұзды деп таныған Hasbro U.K. Ltd компаниясына (ойыншықтар мен ойындарды ірі жеткізуші), Agros Ltd және Littlewoods Ltd қатысты іс болды. Hasbro U.K. Ltd компаниясының айыппұлы 15,59 млн. фунт стерлингті құрады. Оған комплаенс-жүйелерді жаңарту мен жетілдіру, проведение среди компания менеджменті арасында тренингтер өткізу кірген жеңілдететін мән-жайлар нәтижесінде айыппұл 10%-ға азайтылды.
Нормативтік құқықтық актілер жобаларының бәсекелестікке әсерін бағалауды енгізу тәжірибесі.
ЭЫДҰ елдерінің көпшілігі мемлекеттік басқару практикасында бәсекелестікке әсерді бағалауды пайдаланады. Бәсекелестікке әсерді бағалаудың оң ықпалы барлық жағдайда дерлік көрінеді, осы бағалау түрін қолдану нарықтарда бәсекелестіккті айтарлықтай арттыруға, және демек, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бәсекелестікке әсерді бағалаудың оң нәтижесі барлық НҚА бағалауға жататынынан көрінеді, бағалау және қайта рәсімінен өтеді.
Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу мәселесінде Ұлыбритания көш басында тұр. Нормативтік актілер биліктің барлық деңгейінде, оның ішінде муниципиальдық деңгейде де бағаланады. Бәсекелестікке әсерді бағалау, Ұлыбритания Әділ сауда жөніндегі басқармасының ұсынымдарына сәйкес реттеушілік әсерді бағалау шеңберінде жүргізіледі (реттеудің үш балама нұсқасы, оның ішінде «статус-кво» нұсқасы қаралады) және бәсекелестік фильтр қолданылады.
Биліктің барлық деңгейінде және барлық аумақта барлық НҚА-ның бәсекелестікке әсеріне «толық» бағалау жүргізу мысалдарының бірі Австралия Ұлттық бәсекелестік саясатының іс-шаралары болды.
1995 жылы Хилмердің баяндамасында Австралияда экономикалық реформаның негізгі міндеті елеулі оң әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, бәсекелестікті шектейтін заңнамалық нормалардың күшін жою деп белгіленді.
Бәсекелестікті шектейтін заңнаманы қайта қарау және тексеру 1996 жылдан бастап жүзеге асырылды. Ұлттық бәсекелестік саясаттың шарттары бойынша, бәсекелестікті шектейтін заңнамалық реттеу 2 жағдайда ғана сақталуы мүмкін: егер бәсекелестікті шектеуден жергілікті қоғамдастықтың пайдасы ысыраптан асып түссе және заңнамалық реттеудің мақсаты бәсекелестік шектелген жағдайда ғана қол жеткізілсе.
Байланыс нарығында бәсекелестікті шектеу тәжірибесі.
Белсенді шеринг 2G/3G жабынын жақсартуға, 4G жедел өркендетуге әкелген Австрия, Болгария, Хорватия, Дания, Франция, Германия, Черногория, Норвегия, Польша, Румыния, Испания, Швеция, Швейцария, Түркия сияқты елдерде, сондай-ақ бөлшек сауда бағаларының төмендеуі байқалған елдерде (Испания, Румыния, Польша) байланыс желілерін бірлесіп пайдаланудың оң тәжірибесі бар. Network Sharing бизнес үлгісін табысты дамытуға жәрдемдескен қолайлы реттеушілік орта қалыптастырылған Швеция ұжымдық желінің саны бойынша алда келеді. Швецияда желінің белсенді инфрақұрылымын бірлесіп пайдалану қағидалары алғаш рет үшінші буын қызметтерін көрсетуге арналған лицензияларда көрініс тапты.
Медициналық, зертханалық қызметтер саласында бәсекелестікті дамыту тәжірибесі.
Бүгінгі күні, АИТВ тестілеу медициналық ұйымдарда/зертханаларда, оның ішінде 24 елден Еуропаның 17 елінде жекеменшік зертханалардардың қатысуымен өткізіледі: Франция, Германия, Израиль, Польша, Австрия, Канада, АҚШ және т.б., Балтық жағалауы елдері: Литва, Латвия, Эстония, Молдова, сондай-ақ Грузия, РФ, Қытай, Сингапур, Шри Ланка және басқа 77 елден астам.
АИТВ/ЖҚТБ мамандандырылған қызметтері ешқашан болмаған елдер табысқа жетті. Айталық бірнеше ел, Австрия, Бельгия, Дания, Испания, Нидерланды, Норвегия, Құрама Корольдігі мен Эстонияны қоса алғанда, соңғы жылдары АИТВ алғашқы диагностикаланған жағдайларының жиілігі төмендегенін хабарлады.
Заң жобасын іске асыру бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды.
______________