Қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпарат «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпарат

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының

заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 97-ө Өкімі

 

№ р/с

Құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Президент тапсырмасының №, күні (егер заңға тәуелді актіні қабылдау мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру үшін жүзеге асырылған жағдайда)

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Орындау кезеңі (күні көрсетілген толық ақпарат, шығыс №)

Заңға тәуелді актінің қабылданған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

15.

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БҚДА

2026 жыл

тамыз

Президент Әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 15 шілдедегі № 26-3606-1 қарарымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру үшін әзірленетін жарлықтардың барлық жобалары біріктірілсін;

- жаңа заңға тәуелді актілердің жобаларын қабылдауда жүйелілікті қамтамасыз ету, яғни біріккен Жарлық бекітілгеннен кейін қаулылар мен бұйрықтар қабылдау.

Жарлықтың біріккен жобасы ағымдағы жылғы 14 тамызда Президент Әкімшілігіне енгізілді.

 

32.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығы

БҚДА

2026 жыл тамыз

 

Орындалуда.

БҚДА «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары уәкілетті орган «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіткеннен (жариялағаннан) кейін орындалады (МҚІА Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы).

 

45.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығы

БҚДА

2026 жыл тамыз

 

Орындалды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 213/НҚ бұйрығы қабылданды.

 

58.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығы

БҚДА

2026 жыл тамыз

 

Орындалуда.

БҚДА мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібінің қағидалары уәкілетті орган мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібінің үлгілік қағидаларын (МҚІА Төрағасының бұйрығы) бекіткеннен (жариялағаннан) кейін орындалады.

 

60.

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 мамырдағы бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығы

БҚДА

2026 жыл шілде

 

Орындалуда.

Бір реттік ақшалай көтермелеу түріндегі сыйлықақы беруді, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуды қоспағанда,

мемлекеттік қызметшілерге көтермелеуді қолданудың үлгілік қағидаларын

уәкілетті орган бекіткеннен кейін БҚДА Төрағасының бұйрығы жойылуға қойылады (МҚІА Төрағасының бұйрығы).

 

70.

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 213/НҚ бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығы

БҚДА

2026 жыл шілде

 

Орындалуда.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін (МҚІА Төрағасының бұйрығы) уәкілетті орган бекіткеннен кейін немесе Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізу қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін БҚДА Төрағасының бұйрығы жойылуға қойылады.

 

77. 

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығы

БҚДА

 

Орындалды.

«Бәсекелестік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2026 жылғы 19 тамыздағы № 6 бұйрығы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 тамызда № 39652 болып тіркелді.

2026 жылғы

 19 тамыз

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҚДА — Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпарат «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Дата публикации
06 октября 2026