Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы ІІ тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы талдамалық анықтама

                                                                                                                 Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы ІІ тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы талдамалық анықтама

 

  1. Мемлекеттік қызметтер түрі:

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (бұдан әрі –- Агенттік) 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  • «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау»;
  • «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру».

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамалар:
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы
    21 сәуірдегі №29 бұйрығымен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
  • Агенттік төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі №6 бұйрығымен бекітілген «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саны мен сапасы бойынша ақпарат:
  • «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет бойынша:

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» мемлекеттік қызметі электрондық түрде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде (https://elicense.kz/) жүзеге асырылады.

2026 жылдың ІІ тоқсанында 48 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- 31 өтінішхаттар есепті кезеңде түскен (келісім берілді – 9, мәміле сұрау салуға және талдау жүргізуге байланысты тоқтатылды – 15, материалдардың толық болмауына байланысты қарауға қабылданбады – 2, монополияға қарсы органның келесімін талап етпейді – 2,  қаралуда – 3);

- 2025 жылдан өткен 2 өтінішхат бойынша келісімдер ұсынылды. Сонымен қатар, 2026 жылдың І тоқсанында түскен 15 өтінішхат бойынша келісімдер берілді.

  • «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша:

«Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электрондық түрде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде (https://elicense.kz/) жүзеге асырылады.

2026 жылдың ІІ тоқсанында «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша тауар биржасы қызметіне 2 лицензия берілді:

- тауар биржасы секторындағы клирингтік қызметті жүзеге асыруға 0 лицензия;

- тауар биржасы саласында делдалдық қызметті жүзеге асыруға 2 лицензия.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. 

«Мониторинг» ИАЖ-не сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзу және көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
17 июля 2026