Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігінің 

аппарат басшысы

М. Дәрібаев (қолтаңба бар)

2026 жылғы «3» сәуір

  

 

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

 

№

Ұсыным

Құрылымдық бөлімше

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

1

Құжаттарды электрондық форматта өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін функционалды енгізе отырып, Агенттіктің «Антитраст» бағдарламалық қамтылымындағы «Экономикалық шоғырлану» модулін пысықтау.

 

ЦД, ЭШМКБД

 

2026-2027 жылдар

«Антитраст» бағдарламалық қамтылымды жетілдіру

2

Монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу әдістемесін әзірлеп, бекіту қажет, онда оның ішінде хабарламалар және алдын ала ескертулер шығару (жіберу) тәртібін көздеу, оларды қолдану негіздерін, құжаттардың нысандарын айқындау, сондай-ақ олар болған кезде тиісті ден қою шаралары дайындалатын бәсекелестікті қорғау туралы заңнама саласына жататын бұзушылықтар белгілерінің тізбесін бекіту.

ТД, БҚРД

 

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізілген күннен бастап 2 ай ішінде

Монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу әдістемесін (қағидаларын, тәртібін) бекіту туралы бұйрық

3

Агенттіктің регламентінен хабарламалардың жобаларын орталық аппаратқа келісуге жіберу практикасын жою және аумақтық органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен дербес шешім қабылдауды ұсыну.

 

ТД,  БҚРД

 

 

2026 жылғы мамыр

 

Бұйрық

4

Оның ішінде тергеп-тексеру материалдарын сақтау көзделген монополияға қарсы тергеп-тексерудің құрылымдық бөлімшелері пайдалануы үшін ақпараттық жүйені  толық функционалдық әзірлік жағдайына келтіруді қамтамасыз ету.

ЦД, ТД

2026 жыл

Ақпараттық жүйенің пилоттық режимнен өндірістік (жұмысқа) пайдалануға  көшуін жүзеге асыру

 

 

Дата публикации
17 июля 2026