Агенттіктің Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) 2026 жылдың II тоқсанында 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-де 2024 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең бойынша ішкі бақылау жүйесінің және ішкі процестерді (бизнес-процестерді) басқарудың жұмыс істеу тиімділігін бағалау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізді.
2026 жылдың I тоқсанында ІАҚ басшысы лауазымының бос болуына байланысты ІАҚ тарапынан аудиторлық іс-шаралар жүргізілген жоқ.
Аудиторлық іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ аудит объектісінің қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау бөлігінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша ІАҚ тиісті ұсынымдар берді. Есепті күнге оларды орындау мерзімі әлі басталған жоқ.
Аудиторлық іс-шараның материалдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жолданды, сондай-ақ ІМАК-тың (ТБЖ/ҚБ) ақпараттық жүйесіне енгізілді.