Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылуы туралы есеп
Есепті кезең: 2025 жыл
Бекітілген: Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығымен
Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – БҚДА)
1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
|
№ |
Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы |
Аяқтау нысаны/ өлшем бірлігі |
Жауапты орындау шылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
Бөлінген қаражаттың игерілуі |
Түсініктемелер |
||
|
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
1-нысаналы көрсеткіш. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі
|
% ЖІӨ-дегі ЖҚҚ |
ҰЭМ, ЖАО, СИМ, БҚДА, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП |
9,5 |
|
|
|
Статистикалық жұмыстар жоспарында және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделген 2025 жылғы «ЖАӨ-дегі орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі» көрсеткіші бойынша статистикалық ақпарат 2026 жылғы 30 қыркүйекте қалыптастырылады және Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында www.stat.gov.kz. еркін қолжетімділікте орналастырылады
|
|
|
2-нысаналы көрсеткіш. Бәсекелестіктің дамуын тежейтін тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою |
|
|
14 |
14 |
|
|
Орындалды Агенттікпен есепті кезеңде 14 тауар нарықтарына кіру кедергілері жою байынша шаралар қабылданды: 1) «Геодезия және кеңістіктік деректер ұлттық орталығы» РМК шарттарды тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасуға жол берілетін өнім берушілер тізімінен алып тастау; 2) геологиялық ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы алуды белгілейтін тармақтарды алып тастау; 3) егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасы айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, әлеуетті өнім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуін алып тастайтын нормамен толықтыру; 4) су есептеу аспаптарын және ақпараттық-өлшеу жүйесін өнім берушілердің өтінімдерді беру ашықтығын қамтамасыз ететін норманы бекіту; 5) өндірістік базаның орналасқан жеріне қарамастан, субъектілердің дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге қолжетімділігін қамтамасыз ету; 6) ЖЖМ көтерме және бөлшек сауда нарығындағы бағаларды мемлекеттік реттеуді жою; 7) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдерін қабылдау бойынша «Oil transport management» ақпараттық жүйесін пилоттық режимде пайдалануға беру; 8) «Documentolog» жүйесін пайдаланушылар мен басқа жүйелерді пайдаланушылар арасындағы кедергісіз хат алмасуды қамтамасыз ету; 9) «Meta Platforms, Inc.» компаниясының авторлық құқықтарды қорғау бөлігінде ҚР заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету; 10) балық шаруашылығы саласындағы шағын ауқымды кәсіпорындар үшін инвестициялық субсидиялауға қолжетімділік кеңейтілді; 11) бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияны пайдаланғаны үшін жыл сайынғы ақы туралы норманы алып тастау; 12) азық-түлік тауарларын өндірушілер мен өнім берушілер үшін ритейл нарығына кіру кезінде сауда желісі тарапынан сыйақыларды алып тастау; 13) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алуды арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімінде жүргізуге мүмкіндік беретін норманы бекіту; 14) (тұрақты қалалық және (немесе) қала маңындағы жолаушылар мен багажды тасымалдау) маршруттарына екі және одан да көп электрондық төлем жүйесінің операторларымен қызмет көрсетуді көздейтін норманы бекіту. |
|
|
1-бағыт. Негізгі қуатқа қол жеткізу |
||||||||
|
1. |
1-іс-шара. Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауарлардың (мұнай өнімдері, коммуналдық-тұрмыстық көмір) ең аз үлесі мен көлемін айқындау |
бұйрық, мұнай өнімдерін беру жоспары |
СИМ, ЭМ, ИИДМ, БҚДА
|
|
|
|
|
Орындалды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге тиіс көмірдің ең төменгі үлесін жалпы жылдық көлемнің 52% дейін ұлғайтуды көздейтін Биржалық тауарлар тізбесі бекітілді. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңға және Мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес, Энергетика министрлігі ай сайын жоспарланатын айдың алдындағы айдың 25 кешіктірмей, жоспарланатын айдағы мұнай өнімдерін өндіру көлемі мен мұнай жеткізушілердің өтінімдері негізінде Мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын бекітеді. |
|
2. |
1-1-іс-шара. Биржадан тыс мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ету және тиісті жауапкершілікті бекіту |
Бұйрық |
СИМ |
|
|
|
|
Орындалды СИМ 2025 жылғы 3 қазандағы № 286-НҚ бұйрығымен Биржалық сауда қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) биржадан тыс мәмілелерді тіркеу механизмін өзектендіру, оларды тауар биржаларында тіркеу тәртібін, мерзімдерін және нысанын айқындау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Қағидаларда биржалық тауарларды саудалаудың жекелеген секцияларының ережелерін ескере отырып, биржалық тауарды сатушының өзі жасасқан биржадан тыс мәмілелерді тауар биржасында тіркеуді қамтамасыз ету міндеті көзделген. Биржадан тыс мәміле тіркелмеген жағдайда, тауар биржасы биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімді қабылдаудан бас тартады. Бір жұмыс күні ішінде себептері көрсетілген жазбаша бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Сатушы үш жұмыс күні ішінде көрсетілген бұзушылықтарды жоюға және мәмілені тіркеу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті. Сондай-ақ әртүрлі уақыт кезеңдері үшін қалыптастырылған биржадан тыс индикаторлардың мәндерін салыстыру арқылы тауар биржасының биржадан тыс индикаторды қалыптастыру бойынша құзыреті көзделген, бұл тікелей келісімшарттар бағаларының өзгеру динамикасын бағалауға мүмкіндік береді. |
|
2-бағыт. Тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту |
||||||||
|
3. |
14-іс-шара. Тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне монополияға қарсы орган жүргізген талдаудың нәтижелері бойынша жетекшілік ететін салаларда бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту |
тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталары |
Салалық ОМО, БҚДА |
|
|
|
|
Орындалды. БҚДА уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 2025 жылы бәсекелестікті дамыту бойынша 6 жол картасын бекітті: - 2025 жылғы 10 ақпандағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді бөлшек және көтерме саудада өткізу нарықтарында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен (бұрын көмір өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган, қазіргі уақытта – Энергетика министрлігі) және Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп; - білім беру саласындағы 2025 жылғы 17 сәуірдегі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп; - 2025 жылғы 26 мамырдағы құс еті (тауық) және астық қабылдау кәсіпорындары нарықтарында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп; - денсаулық сақтау саласындағы 2025 жылғы 30 қазандағы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп; - 2025 жылғы 24 желтоқсандағы сауда объектілері арқылы азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізу нарығында Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп; - 2025 жылғы желтоқсандағы электрондық құжат айналымы және ақпараттық технологиялар қызметтері нарықтарында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп. |
|
4-бағыт. Мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту |
||||||||
|
4. |
20-іс-шара. Тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне мемлекеттік тапсырмалар институтының қатысуы мен ықпалын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру |
ПӘ-ге ақпарат |
БҚДА |
|
|
|
|
Орындалды Бюджеттік Кодексте қызметтерді мемлекеттік тапсырмаға жатқызу критерийлері айқындалған. Белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне енгізуге тыйым салынды. Монополияға қарсы органға конкурс арқылы бәсекелестік ортаға беруге жататын жұмыс көлемін айқындау құзыреті берілді. Бюджеттік Кодекс қабылданғанға дейін мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірлесіп орындаушыны таңдауы конкурстық рәсімдерді өткізбей жүзеге асырылғанын атап өткен жөн, бұл бәсекелестікті шектеуге әкелді. Сондай-ақ мемлекеттің қатысуын және мемлекеттік тапсырмалар институтының тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне ықпалын барынша азайту мақсатында БҚДА конкурстық рәсімдер арқылы жеке секторға қаражаттың белгілі бір көлемін қосалқы мердігерлікке беру бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде қолда бар 389,3 млрд теңгенің 38,1 млрд теңгесі (немесе 9,8%) бәсекелес ортаға берілді. |
|
5. |
21-1-іс-шара. |
Заң жобасы |
БҚДА |
|
|
|
|
Орындалды Қазіргі уақытта Мемлекеттік тізілімге 18 мемлекеттік монополия субъектісі және 25 арнайы құқық субъектісі енгізілген. 2025 жылы жүргізілген талдаулардың қорытындысы және БҚДА Басқарма шешімі бойынша тізілімге 9 арнайы құқық субъектісі енгізілді: 1) «Қазақстан ГИС орталығы» АҚ; 2) «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ; 3) «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК; 4) «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ; 5) «Қаржы орталығы» АҚ; 6) «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ; 7) «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК; 8) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ; 9) «Қазстандарт» ШЖҚ РМК. Арнайы құқық субъектілерінің 5 операторлық функциясы мен мемлекеттік монополия субъектісінің 1 функциясын алып тастауға бағытталған заңнамалық түзетулер (6-шы монополияға қарсы пакет) қарастырылған. Анықтама: 1) Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру саласындағы бақылау есепке алу аспаптары деректерінің операторы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; 2) Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы бақылау есепке алу аспаптары деректерінің операторы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; 3) Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өтуінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы – «Қазавтожол» АҚ; 4) Ғарыштық байланыс жүйесінің операторы – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ; 5) Жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің операторы – «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ; 6) Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру және сүйемелдеу – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК. |
|
6-бағыт. Ауыстырып қосудың шығасылары мен кедергілерін жою |
||||||||
|
6. |
31-іс-шара. Тұтынушылар үшін тауар нарықтарында ауыстырып қосудың шығасылары мен кедергілерін жоюды қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
БҚДА, ОМО |
|
|
|
|
2024 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, оның шеңберінде электрмен жабдықтау функциясын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан өңірлік электр желілік компанияларына (бұдан әрі – ӨЭК) беру көзделген. Анықтама: ӨЭК электр энергиясымен жабдықтаумен тек өздерінің электр желілері бар өңірлерде ғана айналысуға құқылы. Осылайша, электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы тұтынушы жалғыз электр энергиясын берушісі бар бөлшек сауда нарығының монополиялық құрылымына байланысты орналасқан жері бойынша өнім берушіні ауыстыра алмайды. Электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу моделін реформалауға байланысты, Энергетика министрлігі 2025 жылғы сәуірде ПӘ-ге бақылаудан алу қажеттігі туралы хат жолдады. Президент Көмекшісінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 25-1897-1 «Келісемін» қарарына сәйкес, БҚДА-ға Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есептік ақпаратты дайындау кезінде Энергетика министрлігінің ақпаратын назарға алу ұсынылады. |
2-бөлім. Ішкі және сыртқы әсерді талдау
|
Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсері |
Қабылданған шаралар |
|
1 |
2 |
|
Ішкі факторлар: |
|
|
Экономикалық талдаудың тереңдігі. Нарық субъектілерінен кері байланыс (тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестердің отырыстары). |
Кәсіпкерлік кодекстің 196-бабына және 90-6-бабының 11) тармақшасына сәйкес, монополияға қарсы орган тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу бойынша құзыретпен қамтамасыз етілген. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу – басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу, монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылдауды алдын ала айқындайтын бәсекелестік саясатты іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Жалпы 2025 жылы 50 жуық тауар нарығы талданды. Бұл ретте көп жағдайда бұл жедел шаралар ретінде жүргізілген тауар нарықтарына жоспардан тыс талдаулар болып табылады. Оның ішінде БҚДА 17 тауар нарығы жоспарлы режимде талданды. Сонымен қатар, БҚДА жанында Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кедергілер жөніндегі кеңес) жұмыс атқарады. Кедергілер жөніндегі кеңестің функцияларының бірі «кедергілерді анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу, кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың кедергілерді жоюға бағытталған ұсыныстарын қарау және бағалау» болып табылады. Осылайша, жүргізілген талдаулардың және Кедергілер жөніндегі кеңестер отырыстарының нәтижелері бойынша, БҚДА анықталған кедергілерді жою үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстарды қалыптастырды. |
|
Сыртқы факторлар: |
|
|
Мемлекеттік органдардың кедергілерді жою бөлігіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылы. |
БҚДА анықталған кедергілерді жою бойынша ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдарға жіберді. Өз кезегінде мемлекеттік органдар бәсекелестікті дамыту жолындағы 14 кедергіні жоюға ықпал ететін жұмыстар жүргізді. |
3-бөлім. Талдамалық жазба
Шешуге құжат бағытталған проблемалар мен міндеттерді шешу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) монополияға қарсы органның, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдардың барлық қызмет түрлерін қамтитын және бәсекелестікті дамытудың орта мерзімді пайымын көрсететін саясат құраушы құжат болып табылады.
Тұжырымдаманың негізгі рөлі – бәсекелестікке тікелей немесе жанама әсер ететін және елдің жалпы экономикалық саясатына интеграцияланған басқа мемлекеттік саясаттармен синхрондалған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласында біртұтас саясат құру.
Тұжырымдама нарық субъектілері үшін қолайлы бәсекелес орта құруға және бәсекелестікті тежейтін жүйелі кедергілерді жою, бәсекелестікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру арқылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында көзделген қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жәрдемдесуге бағытталған.
Тұжырымдамаға сәйкес бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
Аталған 6 бағыт шеңберінде есепті кезеңде 6 іс шара іске асырылды (олардың ішінде 3 жыл сайынғы).
Сонымен қатар, Президент Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-01-31.80-2 қарарымен Тұжырымдаманың іске асырылуы Агенттіктің жұмыс бақылауына берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының 75-1-тармағына сәйкес Агенттік Президент Әкімшілігіне Тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы есеп жіберді (2025 жылғы 20 наурыздағы № 01-04/Д-694//24-1761-1 хатпен).
Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу барысы туралы ақпарат
«Негізгі қуатқа қол жеткізу» 1-бағыт шеңберінде:
«Тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту» 2-бағыт шеңберінде:
1) 2025 жылғы 10 ақпандағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді бөлшек және көтерме саудада өткізу нарықтарында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен (бұрын көмір өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган, қазіргі уақытта – Энергетика министрлігі) және Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп. СИМ Жол картасы шеңберінде биржадағы коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемін 2% ұлғайту, яғни оны 52% дейін жеткізу бөлігінде Биржалық тауарлар тізбесін бекіту бойынша бұйрық жобасы әзірленді.
Жоғарыда аталған акт қабылданды, коммуналдық-тұрмыстық көмір көлеміне қолжетімділіктің еркіндігі мен ашықтығы артады деп күтілуде;
2) 2025 жылғы 17 сәуірдегі білім беру саласында Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп.
Жол картасының іс-шараларын іске асыру қорытындысы бойынша деректер базасын цифрландыру және интеграциялау есебінен қосымша білім беруде мемлекеттік тапсырысты бөлудің ашықтығы арттырылды; оқулықтарды сатып алу кезіндегі әкімшілік кедергілер төмендетілді, бұл білім беру ұйымдарын 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді; дербестендірілген қаржыландыру элементтері (мектепке дейінгі және қосымша сегменттер) енгізілді, бұл қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекелестікті күшейтеді.
Тұтастай алғанда, орындалған іс-шаралар негізінен институционалдық және цифрлық сипатқа ие болып, бәсекелестікті дамытудың инфрақұрылымдық негізін қалайды. Олардың тиімділігі – ашықтықты арттыру, қолмен басқаруды азайту және жекелеген процедуралық кедергілерді жою болып табылады;
3) 2025 жылғы 26 мамырдағы құс еті (тауық) және астық қабылдау кәсіпорындары нарықтарында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп.
Жол картасы шеңберінде қазіргі уақытта келесі іс-шаралар іске асырылды.
Бірінші. Құс шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар үшін 2025 жылғы желтоқсанда айналым қаражатын толықтыруға 5% мөлшерлемемен несие беру бағдарламасы іске қосылды. Аталған механизмді дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы №51 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарта отырып, жабу деңгейі 85% дейінгі несиелерді кепілдендіру механизмін енгізу көзделуде. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі несиелік бағдарламаларға қатысу критерийлерін бекіту бойынша жұмыс жүргізуде, жаңартылған механизмді ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосу жоспарлануда.
Екінші. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы №189 бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізілген тауық еті субсидиялануға жатпайтыны туралы норма енгізілді.
Қабылданған шара мемлекеттік қолдауды ішкі нарықты қамтамасыз етуге қайта бағдарлауға, бюджет қаражаты есебінен экспорттық жеткізілімдерді ынталандыруға жол бермеуге, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және отандық өнімнің ішкі тұтынылуын ынталандыруға бағытталған.
Үшінші. Мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінің (МАСЖ) мобильді қосымшасы әзірленді, ол пайдаланушыларға нақты уақыт режимінде мобильді қосымша және GosAgro.kz веб-порталы арқылы өтінімдердің тізілімдері мен мәртебелерін, күту парағын және нұсқаулықтарды қарауға және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мобильді қосымша іске қосылып, Android және iOS платформаларында жарияланды.
Ақпаратқа ашық және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету нарық қатысушылары үшін кемсітушіліксіз жағдайлардың қалыптасуына ықпал етеді және мемлекеттік қолдау тетіктеріне деген сенімді арттырады, бұл агроөнеркәсіптік кешендегі бәсекелестік ортаның дамуына тікелей әсер етеді;
4) денсаулық сақтау саласындағы 2025 жылғы 30 қазандағы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп.
Жол картасына сәйкес, бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттарды түпкілікті дереттеуді іске асыру мерзімі 2026 жыл деп белгіленген болатын, алайда дәрілік заттарға ҚҚС енгізілуіне және бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттар бағасының өсу тәуекеліне байланысты іске асыру мерзімі 2027 жылға ауыстырылды.
2023 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде барлық (1707) рецептісіз босатылатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу жойылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мониторинг нәтижелері мемлекеттік реттеуден шығарылған дәрілік заттардың айтарлықтай қымбаттамағанын көрсетеді, бұл бәсекелестік ортаның бағаны өз бетінше реттеуді қамтамасыз ететінін айғақтайды;
5) 2025 жылғы 24 желтоқсандағы сауда объектілері арқылы азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізу нарығында Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп.
Жол картасы шеңберінде сауда өкілдері үшін сауда үстемелерін қолдану мәселелері және оларды есептеу әдістемесі бойынша түсіндірмелер жүргізілді.
Сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінде ӘМАТ өткізетін барлық өндірушілер мен көтерме саудагерлер үшін 15% сауда үстемесін сақтау бөлігіндегі заңнама нормалары түсіндірілуде. Заңнаманы түсіндіру жұмыстары ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету, баға жағдайының өзгеруіне жедел ден қою, нарық қатысушылары үшін баға белгілеудің ашық шарттарын жақсарту, әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Қабылданған шаралар нарық қатысушыларының тәртібін арттыруға, заңнама талаптарының бірізді қолданылуын қамтамасыз етуге, белгіленген үстеме деңгейінен асып кету жағдайларын азайтуға және ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының қалыптасу ашықтығын күшейтуге мүмкіндік берді;
6) 2025 жылғы желтоқсандағы электрондық құжат айналымы және ақпараттық технологиялар қызметтері нарықтарында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп.
Жол картасы жүйеаралық құжат айналымы кезіндегі өзара іс-қимыл қағидаттарын әзірлеуді, қызмет көрсетушілерді ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін технологиялық стандарттарды енгізуді, жеке ұйымдарға электрондық үкіметтің құжат айналымы шлюзіне қолжетімділік беруді, цифрлық деректердің мемлекетке тиесілілігі мен технологиялық ашықтық қағидаттарын заңнама деңгейінде бекітуді көздейді.
Бұл шараларды іске асыру адал бәсекелестікті дамытуға, цифрлық сервистердің тиімділігін арттыруға және отандық ІТ-нарықтың инновациялық өсуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Осылайша, экономиканың тиісті салаларында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу жұмысына үкіметтік органдар тартылды.
«Мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту (экономиканы мемлекет меншігінен алу)» 4-бағыт шеңберінде:
2025 жылы жүргізілген талдаулардың қорытындысы және БҚДА Басқармасының шешімі бойынша тізілімге 9 арнайы құқық субъектісі енгізілді (21-1-іс-шара). Агенттік арнайы құқық субъектілерінің 5 операторлық функциясынан және мемлекеттік монополия субъектісінің 1 функциясынан айыруға бағытталған заңнамалық түзетулерді (алтыншы монополияға қарсы пакет) әзірледі (заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді).
Орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат.
Жоқ.