2023 жылғы 20 желтоқсанда Агенттік қызметкерлері «Цифрлық дәуірдегі бәсекелестікке қарсы байланыстыру және бірігу» (Tying and Bundling in Digital Era) тақырыбы бойынша ICN біржақты іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының вебинарына онлайн қатысты.
Агенттіктің спикері ретінде Қаржы нарықтары департаментінің директоры Сүйіндіков Асылхан сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында спикер қосымша қаржылық қызметтерді, атап айтқанда Қазақстанда тұтынушылық кредиттер беру кезінде сақтандыру қызметтері түріндегі кейс туралы айтты. Сондай-ақ, тергеп-тексеру аясындағы негізгі мәселелер және анықталған бұзушылықтарды жою үшін Агенттік тарапынан қабылданған әрекеттер көрсетілді.
Вебинарда Түркия, Италия, Австралия сияқты елдерді монополияға қарсы реттеу саласындағы сарапшылар да баяндама жасады.
Жалпы, ICN виртуалды алаңы әлемнің 140-тан астам елінің монополияға қарсы ведомстволарының тәжірибесімен, кейстерімен және озық тәжірибелерімен алмасу үшін пайдалы дереккөз ретінде қызмет етеді.