Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ЮНКТАД-пен өзара әрекеттесу

БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) — БҰҰ Бас Ассамблеясының органы, оның басты мақсаты дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдерді әлемдік экономикаға интеграциялауға және сауда мен инвестициялар арқылы дамуға жәрдемдесу болып табылады.

Жыл сайын ЮНКТАД алаңында Женева қаласында (Швейцария) әлемнің түрлі елдерінің монополияға қарсы органдарының өкілдерін, сондай-ақ бәсекелестік саласындағы ірі сарапшыларды жинайтын бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық тобының (ҮСТ) отырысы өтеді.

ЮНКТАД ҮСТ жұмысы бәсекелестік туралы заңдарды және оларды қолданудың нұсқаулықтарын әзірлеуде ұлттық және өңірлік деңгейде көмек көрсетуді, сондай-ақ Бәсекелестік туралы заңдарды неғұрлым пәрменді қолдану үшін институционалдық әлеуетті нығайтуды қамтиды.

Агенттік жыл сайын ҮСТ отырыстарында офлайн / онлайн форматта белсенді қатысады.

2021 жылғы 7 шілдеде Агенттік Төрағасы Женева қаласында (Швейцария) өткен ХІХ ҮСТ отырысында сөз сөйлеп, онда екі трансшекаралық картель - қазақстандық мамандар Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп тергеуге қол жеткізген Делрус компаниясы және NF PHARMA бойынша ұлттық деңгейде анықталған сөз байласу бойынша кейстерді ұсынды. Жаңалық сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/227342?lang=ru.

2023 жылғы 5-7 шілдеде Агенттік қызметкерлері ЮНКТАД бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының кезекті XXI отырысына онлайн форматта қатысты.

ҮСТ-нің жиырма бірінші сессиясындағы консультациялар келесі тақырыптарға арналды:

- Шектеу іскерлік практиканы бақылау үшін көпжақты негізде келісілген әділ қағидаттар мен қағидалар кешенінің F бөліміне сәйкес басшылық қағидаттар мен рәсімдерді іске асыру туралы баяндама.

- Трансшекаралық картельдер бойынша жұмыс тобының баяндамасы.

- Монопсониялар көтерген бәсекелестік саласындағы құқық қолдану мәселелері.

- Бәсекелестік пен өнеркәсіптік саясат арасындағы өзара іс-қимыл.

- Бәсекелестік және тұрақтылық саласындағы заңнама мен саясат.

- Бәсекелестік заңнамасы мен саясатына ерікті сараптамалық шолу: Парагвай.

- Бәсекелестік саласындағы заңнама мен саясат саласындағы әлеуетті арттыру мен техникалық көмекке шолу.

- Бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының жиырма екінші сессиясының алдын ала күн тәртібі.

- Бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының жиырма бірінші сессиясының баяндамасын бекіту.

Толығырақ ақпарат (материалдар, презентациялар және т. б.) келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://unctad.org/meeting/intergovernmental-group-experts-competition-law-and-policy-twenty-first-session

2023 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров ЮНКТАД электрондық сауда апталығы шеңберінде (Женева қ., Швейцария) БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы ұйымдастырған «Цифрлық экожүйелер және бәсекелестік құқық: экологиялық тәсіл» сессиясына спикер ретінде қатысты  (негізгі мәселелер мен қатысушылардың құрамы туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады: https://bricscompetition.org/ru/events/67).

Сессия барысында Агенттік Төрағасы жүргізілген соңғы тергеп-тексерулер шеңберінде қазақстандық тәжірибесімен, сондай-ақ монополияға қарсы Заңнаманы өзгертуге кешенді көзқарас цифрлық нарықтың қарқынды дамып келе жатқан динамикасын ескере отырып, тиімді құқықтық қорғау құралдарын белгілеуге қалай әсер ететіні туралы бөлісті.

2024 жылғы 3-5 шілдеде Агенттік делегациясы ЮНКТАД бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының Женева қаласында (Швейцария) жыл сайынғы отырысына қатысты.

ҮСТ отырысы келесі тақырыптарға арналды:

- Бәсекелестік және кедейлікті азайту саласындағы саясат мәселелері бойынша дөңгелек үстел

- Бәсекелестік және аймақтық экономикалық ұйымдар

- Цифрлық нарықтар мен экожүйелердегі бәсекелестік туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету: мәселелер мен саясат нұсқалары

- Шектеу іскерлік практиканы бақылау үшін көпжақты негізде келісілген әділ қағидаттар мен қағидалар кешенінің F бөліміне сәйкес басшылық қағидаттар мен рәсімдерді енгізу туралы есеп

- Трансшекаралық картельдер бойынша жұмыс тобының есебі 

- Бірігуді бақылау стандарттарындағы соңғы өзгерістерге арналған дөңгелек үстел 

- Бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат саласында әлеуетті арттыру және техникалық көмек көрсету жөніндегі шараларға шолу.

 

Спикерлердің презентацияларымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://unctad.org/meeting/intergovernmental-group-experts-competition-law-and-policy-twenty-second-session

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы