Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара әрекет

ЭЫДҰ бәсекелестік комитетімен өзара іс-қимыл шеңберінде 2015 жылы Қазақстан Республикасының бәсекелестік саясаты мен заңнамасына бірінші шолу (Шолу) өткізілді.

Шолу негізінде 2016 жылы ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялауға бағытталған бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізілді.

ЭЫДҰ ұсынымдарын орындау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылғы 17 маусымда Қазақстан ЭЫДҰ бәсекелестік комитетіне қатысушы ретінде қабылданды.

ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысу озық тәжірибені зерделеуге және үздік бәсекелестік тәжірибелерді енгізуге, әлемнің неғұрлым дамыған елдерімен интеграцияны күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, «Монополияға қарсы қызмет жұмысының тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру. Жаңартылған қызмет еркін бәсекелестікті ілгерілетуге бағытталуы керек» Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының іске асыру жөніндегі жол картасының 53-қадамы Агенттіктің орындауында тұр (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы).

Сонымен қатар, ЭЫДҰ алдындағы міндеттемелерді орындау шеңберінде Агенттік 2015 жылдан бастап жыл сайын ЭЫДҰ сайтында (ағылшын тілінде) бағалау сауалнамаларын толтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Мысалы, 2023 жылдың сәуір айында Агенттіктің қызметі бойынша бағалау сауалнамасы дайындалып, толтырылды, ол 2022 жылдың қорытындысы бойынша сандық көрсеткіштерді қамтитын 5 бөлімді қамтыды.

Бұдан басқа, Агенттік ЭЫДҰ Хатшылығына жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөніндегі 2022 жылғы қабылданып жатқан шаралар туралы жылдық есепті ЭЫДҰ сайтында кейіннен жариялау үшін ағылшын тілінде жолдады (ЭЫДҰ өз сайтында жыл сайын монополияға қарсы органдардың жылдық есептерін жариялайды).

ЭЫДҰ-мен одан әрі өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 958 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттама (Меморандум) бекітілді. Екінші шолуды өткізу 2022-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарында (Action Plan) бекітілуге сәйкес 2024-2025 жылдары көзделген (2022 жылғы 22 қарашадағы ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қосымша).

2023 жылдың басында Агенттік ЭЫДҰ Бәсекелестік комитетінің төрағасы Ф.Женни мырзамен Екінші шолуды өткізу жөніндегі жұмыстарды бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазіргі уақытта Агенттік ЭЫДҰ командасымен келісім жобаларын және екінші шолуға техникалық ерекшеліктерді келісу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, халықаралық шарттар жасасу жөніндегі ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы Екінші сараптамалық шолу жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы ҚР мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде. Шолуды қаржыландыру 2024 жылдың басында жоспарланған.

2023 жылғы 12-16 Маусымда агенттік қызметкерлері ЭЫДҰ Бәсекелестік комитетінің және оның № 2 және № 3 жұмыс топтарының отырысына онлайн қатысты.

ЭЫДҰ отырыстарына келесі тақырыптар бойынша сontributions дайындалды:

- «Жазаны жеңілдетудің тиімді бағдарламаларының болашағы».

- «Бәсекелестікке араласудың артықшылықтары туралы хабардар ету».

- «Бәсекелестік пен инновация арасындағы байланыс». 

- «Алгоритмдік бәсекелестік».

Сontributions-пен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.oecd.org/competition/roundtables.htm

 

2023 жылғы 4-8 желтоқсан аралығында Агенттік Төрағасы Марат Омаров бастаған делегация ЭЫДҰ іс-шараларына, сондай-ақ ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі 22-ші Жаһандық форумына қатысу үшін Париж қаласына жұмыс сапарын жүзеге асырды.

ЭЫДҰ бәсекелестік апталығы шеңберінде Агенттік Төрағасы «Картельдер туралы істердегі экономикалық дәлелдер», «Монополияға қарсы реттеудің нарықтан тыс тиімділігі» және т. б. тақырыптар бойынша ЭЫДҰ дөңгелек үстелдер мен сессиялық отырыстарында спикер ретінде сөз сөйледі.

ЭЫДҰ алаңында өткен маңызды оқиға 2024-2025 жылдарда «Қазақстандағы бәсекелестік құқық және саясат» ЭЫДҰ-ның екінші сараптамалық шолуы» жобасын іске асыру туралы ЭЫДҰ-мен келісімге Агенттік Төрағасы қол қойды.

Екінші сараптамалық шолудың мақсаты басқа елдердің озық тәжірибесі негізінде Қазақстанның бәсекелестік саясат жүйесін жетілдіру бойынша ЭЫДҰ ұсынымдарын алу болып табылады.

Жалпы, ЭЫДҰ сайтында Агенттіктің «Бәсекелестік және инновация - құқық қолдану істеріндегі инновациялардың рөлі», «Монополияға қарсы органдардың оңтайлы құрылымы, ұйымдастырылуы және өкілеттіктері», «Монополияға қарсы реттеудің нарықтан тыс тиімділігі мәселелері», «Картель істерінде экономикалық дәлелдемелерді пайдалану» және «Жұмсарту бағдарламаларының баламалары» тақырыптары бойынша шолу ақпараты (contributions) жарияланды.

Елдік contributions-пен ЭЫДҰ сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.oecd.org/daf/competition/roundtables.htm.  

Документы
Ұсынымдар
31 декабря 2024
ЭЫДҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЯСАТЫ МЕН ЗАҢНАМАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ШОЛУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАРЫН ОРЫНДАУ МӘРТЕБЕСІ
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
0
Бәсекелестік заңнамасын жетілдіру қадамы/24KZ
События
19 марта
ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ ӨБО-НЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 20-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы