
Қамбарбекова Айша Нұржанқызы 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2005 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы «Отырар» университетінде хатшы болып бастаған.
2011–2015 жылдары «Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім инспекторы, директордың орынбасары және директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
2016–2019 жылдары «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына өңірлік координатор және өңірлік инспектор қызметтерінде еңбек еткен. 2018 жылы «SA-GAZ» ЖШС директордың орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде еңбек етеді. 2019–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті, кейіннен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінде талдау бөлімінің бас маманы және талдау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2023 жылдан бастап 2026 жылғы 13 шілдеге дейін Агенттіктің Агроөнеркәсіптік кешен департаментінің бас консультанты қызметін атқарды.
2026 жылғы 13 шілдеден бастап Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.