
Саметеева Дидара Абылаевна 1990 жылғы 8 қазанда дүниеге келген.
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП), сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша The University of Edinburgh (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.
«Экономикалық және қаржылық саясат» бағыты бойынша 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген.
CFA бағдарламасының кандидаты, қазіргі уақытта Level II емтиханына дайындық жүргізуде. «Алтын белгі» белгісінің иегері.
2014-2017 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінде бас менеджер болып жұмыс істеген.
2017-2018 жылдары «Қазақстан қор биржасы» АҚ Қаржы департаментінде жұмыс істеген.
2018 жылғы шілдеден 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінде жұмыс істеген.
2026 жылғы маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қаржы нарықтары департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.