
Ерлан Әлжан 1985 жылы туған.
2008 жылы Қарағанды "Болашақ" өзекті білім беру институтын Құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Қарағанды "Болашақ" университетін Қаржы мамандығы бойынша, 2018 жылы өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша бітірген.
2009-2011 жылдары Қарағанды қаласы бойынша Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген.
2011-2012 жылдары - Қарағанды облысы облыстық соты кеңсесінің №2 Шет аудандық соты кеңсесінің сот отырысының бас маманы-хатшысы болған.
2012-2013 жылдары-Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияны тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2013-2014 жылдары-Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) заң қызметі департаментінің талап қою жұмысы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы лауазымында болған.
2014-2019 жылдары-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің бақылау және наразылық-талап-арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, басшысы болған.
2020 жылдан 2022 жылға дейін – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу департаментінің директоры қызметін атқарды.
2023 жылғы 9 қаңтардан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.