Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
s.shakhanov@azrk.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Шаханов Саят Еркінұлы
Қазақстан Республика Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы
Общая информация, образование

Шаханов Саят 1982 жылы дүниеге келген.

2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, ал 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

Карьера

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қарағанды облысы бойынша инспекциясының Тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастады.

2012 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қарағанды облысы бойынша инспекциясының Тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2012 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қарағанды облысы бойынша инспекциясының Тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қарағанды облысы бойынша инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың қараша айынан 2015 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Тауар нарықтарының мониторингі және талдау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Теміртау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Сарыарқа ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың қараша айынан 2020 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2020 жылғы қазан айынан 2021 жылғы наурыз айына дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2021 жылғы наурыз айынан 2026 жылғы қазан айына дейін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде білім алды.

2026 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы