
1986 жылы туған.
2005 жылы Экономика және құқық колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы ҚазГЗУ Алматы заң академиясын «заңтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясын «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген
2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бақылау және талап қою жұмысы департаментінің бас сарапшысы.
2014-2015 жылдары-Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
2015 жылғы шілде - 2015 жылғы желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
2015 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2020 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.