|
№ |
Жиі қойылатын сұрақтар |
Жауаптар |
|
1 |
Ортақ мүлікті жеке мақсатта пайдалану (жертөле, подъезд) |
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкі пәтер иелеріне ортақ меншік құқығында тиесілі және оны жеке мақсатта пайдалануға жол берілмейді. Осыған байланысты заңсыз пайдалануды тоқтату бойынша шаралар қабылданады. |
|
2 |
Подъездде жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, шатыр жөнделмеген |
Қазақстан Республикасының ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 34-бабына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкі (подъезд, шатыр) пәтер иелеріне ортақ тиесілі. Ортақ мүлікті күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстары пәтер иелерінің шешімі негізінде басқарушы орган (ПИК) арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындар тарапынан өтініш түскен жағдайда, тұрғын үй инспекциясы тексеріс жүргізіп, басқарушы ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тиісті талаптар қояды. |
|
3 |
ПИК тарапынан үйге тиісті күтім жасалмайды |
ПИК көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы ұйым ретінде тұрғын үйді күтіп-ұстау, ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге міндетті. ПИК қызметінің сапасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, тұрғындар ең алдымен басқарушы ұйымға жазбаша түрде жүгінеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 47-бабына сәйкес, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару үшін келесі нысандардың бірін таңдауға міндетті: 1. тікелей бірлесіп басқару. 2. мүліктің меншік иелері бірлестігі. Осыған байланысты, тұрғындар жалпы жиналыс арқылы басқару нысанын қайта қарауға немесе өзгертуге құқылы. Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясына келіп түскен өтініш негізінде тексеріс жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. |
|
4 |
Жалдамалы келісім шарттың ұзарту туралы |
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 92 бабы Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды. Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн. |
|
5 |
Әкімдіктен жалға алған үйдің құнымен жекешелендіру туралы |
Құқықтық негіз: «Тұрғын үй саясатын реформалау туралы» заңға сәйкес, бұрын сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді енді жекешелендіруге болады. Жекешелендіру тәсілдері: Қалдық құны бойынша сатып алу: Тұрғын үйдің құнын бірден немесе 10–15 жылға бөліп төлеу арқылы. Тегін жекешелендіру: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар жандар, Чернобыль апатының зардап шегушілері сияқты жеңілдікті санаттар үшін сақталады. Цифрландыру: 2026 жылғы 12 шілдеден бастап жекешелендіру ережелеріне жаңа өзгерістер енгізіледі. Енді көптеген құжаттар (отбасы құрамы, табыс туралы анықтамалар) «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы автоматты түрде алынады, бұл бюрократияны азайтады. |