«Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

«Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері – egov.kz электрондық портал арқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – жекешелендіруге өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 30 күн.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт немесе ЖАО тұрғын үй комиссиясының дәлелді бас тартуы.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7-тармағына сәйкес келесі тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды:

1) олардың біреуі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда, жекелеген жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;

2) уақытша құрылыстарда;

3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;

4) тұрғын емес үй-жайлардың одан әрі тұруға жарамсыздығына қарай оларды қайта жабдықтауға жататын үй-жайлар;

5) әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы;

6) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы;

7) бұзылуға жататындар;

8-1) лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген;

           «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері құқылы. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;

      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;

      4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;

      5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығуы салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер;

      6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;

      7) мыналар:

      еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған;

      еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған және жасына қарамастан мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар.

      Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған, тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;

      7-1) өз-өзіне қол жұмсау (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда), қылмыстық құқық бұзушылық жасау, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан қаза тапқанды (қайтыс болғанды) қоспағанда, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;

      8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;

      9) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар;

      10) ішкі істер органдарының күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбелiк есеппен он және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

           «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;

      3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса;

      4) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-9-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып, міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Жалға алушының отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері қол қойған, тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш;

2) неке қию (некені бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмелері (қажеттілігіне қарай, ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);

3) жалдау шарты не тұрғын үйге ордер;

4) басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп таныған жағдайда, соңғысы оларды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;

5) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың көшірмесін не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;

8) тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екенін растайтын құжат;

9) Қағидалардың 8 – тармағына сәйкес жекешелендірілген жағдайда-мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.

Дата публикации
12 марта 2025