"Жезқазған қаласының
тұрғын үй қатынастары және
тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ
2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп
"Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсетіледі, атап айтқанда:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары болып табылады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері – "Concordia group" ЖШС-мен қызмет көрсетуге жасалған шарт негізінде kezekte.kz электрондық портал арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-Өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күні.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарландыру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
15 маусымнан 2024 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған 2758 азаматтардың ұялы телефондарына 1414тен құжаттарын жаңарту туралы хабарарлама «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі» жіберді. Бүгінгі күнде Жезқазған қаласы бойынша 1841 азаматтың сәйкессіздік табылып, жұмыс органы өңдеп, өңдеу аяқталды. 845 азаматтың сәйкессіздіктер табылған жоқ. Жұмыс органы өңдеді, өңдеу аяқталды. 71 азаматтың тексерулері аяқталмаған.
2024 жылдың 15 маусымынан 31 маусым аралығында 841 азамат қабылданды.
Сәйкессіздік түрі және саны бойынша статистика жасалғанда, ішінде әлеуметтік статус деректерін тексеру, мемлекеттік қызметшілердің туралы мәліметтерді тексеру, балалардың құжаттарын тексеру, ЖСН дұрыстығын тексеру, тізім және ішкі санаттарын тексеру туралы екендігі анықталды.
Көпбалалы отбасылар (оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа", I және II дәрежелі "Ана даңқы" немесе "Батыр ана" атағы бар көпбалалы аналар) – 459
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 565
Халықтың әлеуметтік осал топтары – 1168
Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар – 641
Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары – 16
Сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеу бойынша 6 қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 бас тарту, 5 тіркелді.