ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 29 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық айналымын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылды, онда АГТС-қа тұрмыстық баллондарды құюға тікелей тыйым салу белгіленді.28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу 5-тармақ. Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады, олар тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті.
Газ баллонын АГТС-қа құюға жол берілмейді. Баллондарды газбен толтыру тек мамандандырылған газ толтыру станцияларында жүзеге асырылады. Тұрмыстық баллондарды құятын АГТС иелеріне қатысты ӘҚБтК-нің 170-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қолданылады, мұнда 75-тен 700 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған .
"Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ
бас маман Ержанова К. А.
тел. 77-34-10

Дата публикации
11 октября 2024