Тұрмыстық газ жабдығын пайдалану

Тұрмыстық газ жабдығын пайдалану  кезінде өрт пен жарылысқа жол бермеу үшін     

  • Қабаттылығы2 қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ;
  • Суықтан шыққан баллонды бірден ҚОСПАҢЫЗ, оны жылу көздеріне жақын қоймаңыз-ол газды жарылысқа әкеліп соғады;
  • Газдың ағып кетуін тексеру үшін отты ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ (осы мақсатта сабын ерітіндісін қолданыңыз);
  • Газ аспаптарын қосу кезектілігін сақтаңыз:АЛДЫМЕН СІРІҢКЕНІ ЖАҒЫҢЫЗ, СОДАН КЕЙІН ГАЗ БАЛЛОНЫН АШЫҢЫЗ:
  • Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз ҚАЛДЫРМАҢЫЗ,қайнаған сұйықтық отқа құйылмайтынына көз жеткізіңіз;
  • Балаларға газ аспаптарын пайдалануға жол БЕРМЕҢІЗ және оларды қараусыз қалдырмаңыз,
  • Үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ;
  • Тамақ пісіру аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ҰМЫТПАҢЫЗ.

                                           

Дата публикации
22 июля 2024