Осы Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік Қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын айқындайды және олардың құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аулаларды қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды тұлғалар үшін елді мекендердің аумағын абаттандыру тәртібін айқындайды.