«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу талдамалық анықтамасы
Басшының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 38 бұйрығы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын кезең: 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 1 мамырға дейін. Талдауды өткізу кезеңі: 2025 жылғы 5 мамырдан 5 маусымға дейін.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру шаралары туралы», «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»жарлықтарымен, «Автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. бұйрығымен, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымы қызметпен айналысудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен, өзге де заңнамалық актілермен, коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы ережемен.
2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын қарау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне 1 қызметкер мемлекеттік лауазымға қабылданды, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестес болу фактілері жоқ.
Есепті кезеңде мониторингті жүзеге асыру кезінде сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің қызметкерлеріне 2 тәртіптік жаза қолданылды.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу мәселелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.
Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімдерінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі үлестес фактілер.
Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері анықталған жоқ.
2.3. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде рұқсат беру функцияларын бейімдеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.4. Бақылау функцияларын іске асыру.
Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде бақылау функциялары іске асырылмайды.
2.5.Мемлекеттік сатып алуды талдау.
Мемлекеттік сатып алуды талдауды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3.1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.
2024-2025 жылғы мамырдағы бөлім қызметкерлерінің саны штат бойынша 7 адам болды, олардың саны іс жүзінде жұмыс істейтіндер -4 адам (бос орын ТҮКШ секторы меңгерушісі, мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, бас маман -есепші).
Талданатын кезеңге тағайындалғандар саны-1 адам. Бос орын- 3 адам.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилиирлену фактілері жоқ.
Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Бөліммен 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
- ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
- Эскизді (эскиздік жобаны)келісу - Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;
- Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
- Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту;
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу;
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру;
- Ауданаралық (облысішілік, қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау;
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
- Қауіпті техникалық өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу;
- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану;
- Тұрғын үй сертификаттарын беру;
- Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру.
Талдау жүргізу барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14-тармақшасы арасында қайшылықтар анықталды.
Мемлекеттік қызметтегі соқтығысу есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы. Кезекте тұрғандар Е-әкімдік ескі ақпараттық платформасынан тұрғын үй қоры базасына көшкен кезде кезекте тұрғандардың бір бөлігі ақпараттық жүйеде іркіліске байланысты тізімнен алынып тасталды, соның салдарынан kezekte жаңа ақпараттық платформасында кезекте тұрғандардың бір бөлігі жоқ.
Ұсыныс: «ConcordiaGroup» ЖШС ақпараттық жүйеге толықтыру туралы ұсыныс жіберу кезекте тұрғандарды қалпына келтіру мүмкіндігі
(ұсынымды іске асыру мерзімі: 2025 жылғы қараша).
Бөлімде азаматтардың өтініштері бойынша өтініштер қабылданады, азаматтарды жеке қабылдау кестесі жүргізіледі .
Шағымдар мен ұсыныстарға арналған журнал бар.
Өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес қаралады.
Бөлімге көрсетілген кезеңде (2024 жылғы 1 мамыр-2025 жылғы 1 мамыр) e - otinih бағдарламасы арқылы барлығы-26 жеке тұлғалардың өтініштері келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштер сумен жабдықтау және тұрғын үйден бас тарту бойынша болды.
Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы Е-лицензиялау жалпы 69 өтініш түсті Заңда белгіленген бұзушылықтар жоқ, барлық өтініштер уақтылы қаралады.
2024 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылған адамдар жоқ.
Персоналды басқару жөніндегі қызметті, аффелизацияны, жұмысқа қабылдау кезінде жақын туыстары мен жекжаттарының бірлескен қызметін зерделеу кезінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.
Талданатын объект қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Тексерілген кезеңде командалық қозғалыс болған жоқ.
3.6. Бөлім жүргізетін мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізілді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары әзірленеді және бекітіледі.
Жалпы нұсқаулар:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
- Мемлекеттік қызмет, еңбек заңнамасы, Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мәселелері бойынша заңнаманы мүлтіксіз сақтауға міндетті.
- Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығына бақылауды күшейту.