Тимирязев ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға жыл сайынғы түгендеу жүргізу туралы хабарлама

Тимирязев ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан

тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға жыл сайынғы түгендеу

жүргізу туралы хабарлама

 

 

           2025 жылғы 10 ақпан және 31 наурыз аралығында Тимирязев ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға жыл сайын түгендеу жүргізілетін болады. Түгендеу тұрғын үйге мұқтаж азаматтар туралы деректердің өзектілігін тексеруге бағытталған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.       

          «Тұрғын үй қатынастары туралы»ҚазақстанРеспубликасыЗаңының           71-бабының5-тармағынасәйкесжергіліктіатқарушыоргандартұрғын үйге мұқтажретіндеесептетұрғаназаматтардыңтізімін жыл сайынжаңартып отыруға міндетті.Түгендеупроцесіндемемлекеттікжәнежалға алынған тұрғын үй қорынантұрғынүйгемұқтажазаматтардыңдәстүрліжәнеэлектрондықесебіпайдаланылатынболады.

           Осыған байланысты, Тимирязев ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған барлық азаматтарды деректерді уақтылы тексеру үшін қажетті құжаттарды ұсынуға шақырамыз.

            «Тимирязев ауданы әкімдігінің СҚ, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» КММ осы процестің маңыздылығына назар аударады және әрбір азаматтың ынтымақтастығына үміттенеді.

Тимирязев ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға жыл сайынғы түгендеу жүргізу туралы хабарлама
Дата публикации
12 февраля 2025