«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы

 

 

 

   Басшының 2023 жылғы 2 мамырдағы № 29/1 бұйрығы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2023 жылғы 1 мамырдан 2024 жылғы 1 маусымға дейін.

Талдау жүргізу кезеңі 2024 жылғы 1 мамырдан 24 мамырға дейін. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:

  1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ өз қызметінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру шаралары туралы», «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлықтарымен, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы». «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен, өзге де заңнамалық актілермен, коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы ережемен.
  2. ҰЙЫМДЫҚ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы. Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын қарау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне мемлекеттік лауазымға 2 қызметкер қабылданды, 2 қызметкер өз еркімен жұмыстан шығарылды, 1 қызметкер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 10-бабының 1) тармақшасында, 50-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыстан шығарылды, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ. Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестес болу фактілері жоқ. Есепті кезеңде мониторингті жүзеге асыру кезінде сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылмаған.

 2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу мәселелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау. Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімдерінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилиирлену фактілері және сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері анықталған жоқ.

2.3. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.4. Бақылау функцияларын іске асыру. Сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі бақылау функцияларын іске асырмайды.

2.5. Мемлекеттік сатып алуды талдау. Мемлекеттік сатып алуды талдауды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

 

3.1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау. Бөлім қызметкерлерінің саны 2023 жылғы шілде-2024 жылғы мамырда штат бойынша 6 адамды құрады, нақты жұмыс істейтіндердің саны - 3 адам (Құрылыс секторы меңгерушісінің бос орны, мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, бас маман есепші). Талданатын кезеңде тағайындалғандар саны - 3 адам. Бос жұмыс орны 3 адам.

3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилиирлену фактілері жоқ. Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталмаған.

3.3. Мемлекеттік қызмет көрсету. Бөлім 16 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру

- Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу

- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

- Есепке алу және кезекке тұру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру

- Ағаштарды кесуге рұқсат беру

- Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту

- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу

- Энергия өндіруші энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру

- Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау

- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару

- Қауіпті техникалық өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу

- Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру

- Тұрғын үй сертификаттарын беру

- Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру.

Талдау жүргізу барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14-тармағымен келіспеушілік анықталды, есепке алу және кезекке қою мемлекеттік қызметіндегі коллизия, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы. Кезектегілердің ескі Е-әкімдік ақпараттық платформасынан тұрғын үй қоры базасына қоныс аударуы кезінде ақпараттық жүйедегі іркілістерге байланысты кезекте тұрғандардың бір бөлігі тізімнен шығарылды, соның салдарынан жаңа KEZEKTE ақпараттық платформасында кезекте тұрғандардың бір бөлігі жоқ. Ұсыным: «Concordia Group» ЖШС-не ақпараттық жүйеге кезекте тұрғандарды қалпына келтіру мүмкіндігін толықтыру туралы ұсыныс жолдау (ұсынымды іске асыру мерзімі: 2024 жылғы қараша). Талдау жүргізу барысында сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі - СЖТ) толтыруда сәйкессіздік анықталды. СЖТ толтыру нысаны жаңартылғаннан кейін «Энергия тиімділігі сыныбы» деген жол пайда болды, алайда ғимараттардың, құрылыстардың, имараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларына сәйкес сынып энергия аудитін айқындайды. Осыған байланысты құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну мемлекеттік қызметінде коллизия бар, Ұсыным: «ҰАТ» АҚ Е-лицензиялау мемлекеттік қызметтер порталында түзету жүргізсін (ұсынымды іске асыру мерзімі: 2024 жылғы қараша).

 3.4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері. Бөлімде азаматтардың өтініштері бойынша өтініштерді қабылдау, азаматтарды жеке қабылдау кестесі жүргізіледі. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған журнал бар. Өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес қаралады. Бөлімге көрсетілген кезеңде (2023 жылғы 1 шілде - 2024 жылғы 1 мамыр) Е-otinih бағдарламасы арқылы жеке тұлғалардан барлығы 83 өтініш келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштер сумен жабдықтау және тұрғын үй беруден бас тарту бойынша болды. Е-лицензиялау мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жалпы 111 өтініш келіп түсті, Заңда белгіленген бұзушылықтар жоқ, барлық өтініштер уақтылы қаралады. 2023 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар жоқ.

3.5. Мүдделер қақтығысын реттеу. Персоналды басқару жөніндегі қызметті, аффелирлендіруді, жақын туыстары мен жекжаттарының бірлескен қызметін зерделеу кезінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу анықталған жоқ. Талдау объектісі қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу процесінде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Тексерілетін кезең ішінде командалық орын ауыстырулар болған жоқ.

3.6. Бөлім жүргізген мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізілді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары әзірленеді және бекітіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы
Дата публикации
04 июня 2024