GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ

 

 

 

13 октября 2026
Әкім сағаты
ТКШ
Қоғамдық қауіпсіздік
Білім беру
13 октября 2026
«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ»

Шахтинск қаласында мектептер мен балабақшалар маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанына ақпараттық құрылымдар орнатылды.
Құрылымдар келесі нысандардың маңында орналастырылды:
- «С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ;
- «Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия» КММ;
- «С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ;
- № 7 жалпы білім беретін мектеп» КММ және «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК;
- «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК және «Снегурочка» бөбекжайы» КМҚК;
- «Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ және «Ботагөз» бөбекжайы» КМҚК;
- «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ және «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК;
- Жеңістің 40 жылдығы көшесі («Гиппократ» емханасының аялдамасы).
Құрылымдар жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтаудың және жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде мұқият болудың қажеттігін еске салады.
Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТКШ
09 октября 2026
«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ»

Шахтинск қаласында «Лидер» гипермаркетінің артындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін тазалау жұмыстары аяқталды.

Бұл аумақта ұзақ уақыт бойы қоқыс жиналған. Аумақ жиналған қоқыстардан тазартылып, ретке келтірілді.

Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда!

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

09 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Білім беру
05 октября 2026
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Еңбектеріңіз, даналықтарыңыз және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге амандық, құрмет, шабыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.

ТКШ
01 октября 2026
Мердігер ұйымдармен жұмыс кеңесі өткізілді

Кеңес барысында қаланы абаттандыру жұмыстарының орындалу барысы, сапасы мен қарқыны талқыланды.

Әр бағыт бойынша жұмыстарды аяқтаудың нақты мерзімдері белгіленіп, мердігер ұйымдарға белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Жұмыстардың орындалу барысы тұрақты бақылауда.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТКШ
29 сентября 2026
Құрметті Шахтинск қаласының және Шахан, Долинка, Новодолинский кенттерінің тұрғындары!

 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 1 қазан күні сағат 00:00-де басталады.

Жылытуды іске қосу белгілі бір уақытты қажет ететін техникалық рәсімдерді жүргізуді талап ететінін еске саламыз.

Бірінші кезекте жылу әлеуметтік сала нысандарына — мектептерге, балабақшаларға және ауруханаларға беріледі.

Тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу дайындық актілеріне сәйкес және «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС-мен келісу бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Өтініштер бойынша байланыс телефондары:

«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС техникалық бөлімі:
* 8 (72156) 4-94-12
* 8 (707) 34-34-194

«Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ:
* 8 (72156) 3-58-97

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТКШ
22 сентября 2026
Аппараттық кеңес өткізілді

Бүгін аппараттық кеңес барысында Жанат Маратұлы Қақарманов Шахтинск қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы ретінде таныстырылды.

Жанат Маратұлының «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі — 16 жыл 10 ай. Тағайындалғанға дейін «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ ТҚК жұмысы мәселесі жөніндегі бас инспектор қызметін атқарған.

Жанат Маратұлына жаңа әрі жоғары жауапкершілікті қызметінде табыс пен жемісті еңбек тілектері білдірілді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:

-көппәтерлі тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау және көмір өндірушілердің иелігіндегі көмірдің болуы;

жеке бастамалар мен Ұлттық жобалар аясында жаңа жұмыс орындарын құру және халықты, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту;

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және мемлекеттік білім беру тапсырысының басымдықтары;

9 айдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының күтілетін игерілуі;

-бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жұмыс, сондай-ақ проблемалық мәселелер қамтылған жарияланымдарға мемлекеттік органдардың уақтылы ден қоюы.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

ТКШ
21 сентября 2026
Шахтинск қаласында «Өзіңнен баста» жалпыұлттық челленджі және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Қаланы абаттандыру жұмыстарына депутаттар, еңбек ұжымдарының өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында 100-ден астам ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар қала аумағында қоғамдық орындарды, орман алқабын және төбені тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік қорытындысы бойынша:
— 20 гектар аумақ тазартылды;
— 5 тонна қоқыс жиналып, шығарылды;
— 10 арнайы техника жұмылдырылды;
— 800 адам қатысты.

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы бірлескен жұмыстар таза әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

«Өзіңнен баста» — тазалықты өзіңнен баста!

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы