Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы

ЖОБА

Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері  бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 

  1. Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті қосымшаға сәйкес бекітілсін. 
  2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 1637/33 «Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы» Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қырқүйектегі № 5463 болып тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

Шахтинск қалалық мәслихатының

сессиясының төрағасы

 

Шахтинск қалалық
мәслихатының хатшысы

 

  Ж. Мамерханова

 

Келісілді:

«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы.

 

 

 

Ж. Жакупов

 

 

 

 

 

 

 

 

Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы
Дата публикации
22 декабря 2022