2021 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығыменбекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 6 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:
2021 жылы бөліммен барлығы 377 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- Сервистік бағдарламалық өнім арқылы электрондық түрде «мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 312 қызмет;
- Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталы ресурсы арқылы электрондық түрде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 58 қызмет www.gosreestr.kz;
- «Электрондық лицензиялау» веб-порталы арқылы электрондық түрде «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 7 қызмет www.elicense.kz.
Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің ақпараттық стендтерде және Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, энергетика, көлік, экология және тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты және Регламенті, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тәртібі және қажетті ақпарат орналастырылған.
Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.2021жылғы есептік кезеңі бойынша Бөліммен 3мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Бөлімде Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе МОНИТОРИНГ ЫАЖ модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Бөлім жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын құрады.
2021жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру бойынша ішкі бақылау өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 5 бұзушылық анықталды және барлық бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.
Келешекте қызмет алушылардыңқолайлы және сапалымемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2022жылда Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.
Жалпы, 2022 жылғы жұмыс қызмет алушылардың ыңғайлылығын арттыру мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады
«Шахтинск қаласының
ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ Ж. Жакупов