Сәтбаев қаласының аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушіні айқындау

Хабарландыру

«Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 367-бабының 2 және 4-тармақтары негізінде Сәтбаев қаласының аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушіні айқындау жөніндегі конкурс (тендер) жариялайды. Конкурсқа (тендерге) қатысу үшін өтінімдерді ұсынудың соңғы күні мен уақыты 2023 жылғы «15» ақпан сағат 18: 00-ге дейін. Конкурсқа (тендерге) қатысуға ниет білдірушілер «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не конкурс (тендер) құжаттарының жиынтығын алуға жазбаша өтінімді мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 108, 1 қабат, 2 каб. Анықтама алу үшін 8(71063) 33435, телефоны арқылы хабарласуға болады. Электронды пошта:dorogi_satpaev@mail.ru.

Дата публикации
01 февраля 2023