«Қазақтелеком» АҚ жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын оларды жер асты инженерлік коммуникацияларының иелерімен міндетті түрде келісу қажеттігін еске салады.
Келісілмей жүргізілген жер қазу жұмыстары байланыс кабельдерінің зақымдануына, телекоммуникация желілерінің жұмысының бұзылуына, халыққа, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға көрсетілетін байланыс қызметтерінің үзілуіне, сондай-ақ кінәлі тұлғалардың материалдық жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.
Апаттық жағдайлардың алдын алу және байланыс желілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын жұмыстар жүргізілетін орынды келісу және байланыс кабельдерінің өту бағытын нақтылау үшін «Қазақтелеком» АҚ-ға хабарласуларыңызды сұраймыз.
Жер қазу жұмыстарын келісу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қысқа нөмір – 1437.
Жер қазу жұмыстарын уақытылы келісу байланыс желілерінің зақымдануының алдын алуға, апаттардың туындауына жол бермеуге және байланыс қызметтерінің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастықтарыңызға және телекоммуникациялық инфрақұрылымды сақтауға жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды.
Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.
2 және 11 мамыр - кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.
Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдық ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету маршрутизаторы іске асырылды.
Жаңартылған сервистер халыққа құқықтық тәуекелдер мен қауіптер бойынша қарапайым және түсінікті кеңестерді, құқықтық өзін-өзі қорғау және кеңес беру құралдарын, қылмыстық қудалау органдарына онлайн өтініш беру үшін 102-ге, «Qamqor.gov.kz» сервисіне тиісті сілтемелерді ұсынады.
Осыған ұқсас GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында іске асырылды.
# Заң_мен Тәртіп
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру құқығын алған азаматтардың құқығы
2024 жылғы 22 қарашада мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Тұрғын үйді жекешелендіру бөлігіндегі Заң нормалары 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді, енді азаматтар жекешелендіру үшін әкімдіктерге жүгіне алады.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес жекелеген санаттар өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3) Чернобыль АЭС салдарларын жоюға қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
5) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар;
6) бұрынғы КСРО қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда қызметті өткеру кезінде мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер;
7) еңбек өтілі бар әскери қызметшілерге, азаматтық қорғаныс, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне – 20 жыл, мүгедек бала болған жағдайда – 10 жыл;
8) қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, АМО, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;
9) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары;
10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.
Қалған азаматтар мұндай тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша, яғни тұрғын үйдің баланстық құнынан тұрғын үйдің физикалық тозуын шегергендегі құны бойынша сатып ала алады.
Анықтама үшін тұрғын үйдің баланстық құны – әкімдіктің бухгалтерлік есебінде көрсетілген осы тұрғын үйді салуға немесе сатып алуға жұмсалған ақша сомасы.
Физикалық тозу жыл сайын үйдің баланстық құнының 2% құрайды.
Бүгінгі күні Индустрия және құрылыс министрлігі Жекешелендіру қағидаларына (Үкіметтің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы) бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендету бөлігінде және қалдық құны 15 миллион теңгеден асатын пәтерлер үшін бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізді, ол 2025 жылғы 3 ақпанда күшіне енді.
Айта кету керек, жекешелендіру міндет емес, құқық және халықты баспана сатып алуға ешкім мәжбүрлемейді.
Жекешелендіру арқылы тұрғын үйге меншік құқығын алу үшін өтініш беруші Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе E-GOV арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауы үшін келесі құжаттарды береді:
– жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған тұрғын үйді жекешелендіру туралы өтініш;
– жалдау шарты;
– мүлікті тегін алуға құқығы бар азаматтар санатына мүшелігін растайтын құжат.
Тұрғын үй комиссиялары күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту береді.
Сонымен қатар, Заң, егер бұл құқық осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жүзеге асырылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайта жекешелендіру мүмкіндігін қарастырады.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар.
Алайда, қолданыстағы заңнама мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайталап алуға тыйым салмайды.
Бұл ретте, азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бір рет көрсетілетінін атап өтеміз.
«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.
2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Ол азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреді. «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді тіркеу және бөлумен айналысатын толыққанды даму институтына айналады. Реформа тұрғын үй алу кезегіндегі азаматтарға баспана беру процесінің ашықтығын арттыру мақсатында жүргізілді.
Сондай-ақ осы заң аясында жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлерде тұратын 71 мыңға жуық азаматқа пәтерлерін жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Жалдамалы тұрғын үй иелерінің көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтары, ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б.
Әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды. Оның 13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды.
Одан бөлек, 2300 азаматқа ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары түрінде 2,6 млрд теңге бөлініп, 10,4 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалдау ақысының бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй төлемдері субсидияланды.
«Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2024 жылы 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 64 мыңға жуық отбасын қолдауға мемлекет 1 трлн. теңге бөлген. Мемлекет жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады.
2025 жылы елімізде 19 млн. шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн. шаршы метр салу жоспарлануда.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.