Саран қаласының аумағында жедел басқару орталығының жүйесімен біріктіріліп:
- адамдар көп жиналатын жерлерде - 38 дана;
- панорамалық - 6 дана;
- аулалық - 168 дана бейнебақылау камерасы орнатылған;
2021 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Саран қаласының автомобиль жолдарының қиылыстарында және саябақтарында 154 бейнекамера, оның ішінде: 110 тіркелген камера, 35 бұрылмалы камера, МТНБ тану 10 АБК (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері) орнату жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы Саран қаласының жылы аялдамаларында 3 дана бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашу жөніндегі деректерді іздеу және талдау үшін технологиялық құралдарды пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде мониторинг шараларын арттыру болып табылады. Бұдан басқа, коммуналдық меншіктің сақталуын және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру. Бұлтты бейнебақылау жүйесі арқылы қылмыстық оқиғалар үшін айтарлықтай әлеуеті бар аудандарда немесе қылмыс деңгейі жоғары аудандарда қарсы іс-қимыл шараларын жасауға негізделген профилактика.
Бұлтты бейнебақылау жүйесі бір-бірінен қашықта орналасқан бейнекамералардан (қаланың әртүрлі аудандарында немесе әртүрлі қалаларда) бейнелерді орталықтан бақылауға және жазуға мүмкіндік береді.