Автомобиль жолдары және көлік
Саран қаласының аумағы арқылы өтетін жолдардың жалпы ұзындығы 87,2 км, оның ішінде Саран қаласының жергілікті маңызы бар 74 км, Ақтас кентінің 9,2 км және облыстық маңызы бар 4 км, оның ішінде:
- негізгі, жалпы ұзындығы 33,899 км,
- кенттік, жалпы ұзындығы 49,301 км.
Асфальтбетонды жабыны бар жолдардың үлес салмағы 58,1% (43 км), қиыршық тасты жабыны бар жолдардың 21,6% (16 км), қара жолдардың 20,3% (15 км) құрайды.
Жолдардың тығыздығы орташа және шаршы км-ге 0,37 км құрайды.
Қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту 5 жыл бойы тұрақты оң серпінге ие.