«Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 2022 жылғы есебі

«Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй

инспекциясы бөлімі ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша

2022 жылғы есебі:

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру»

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»,

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою»,

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару»

 

2022 жылы «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 301 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - азаматтардың 251 өтініші қаралды, бұл мемлекеттік қызмет Kezekte.kz платформасында «Shanyraq» - «Тұрғын үйге кезекке қою ақпараттық сервисі» электрондық базасы арқылы электрондық түрде көрсетіледі, 15 жұмыс күні ішінде тегін негізде қаралады;

2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі - азаматтардың 48 өтініші қаралды, бұл мемлекеттік қызмет «e-qazyna.kz» базасы арқылы электрондық нысанда 30 күнтізбелік күн ішінде тегін негізде көрсетіледі.

3) «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі - 2022 жылдың өткен кезеңінде азаматтардың өтініштері келіп түскен жоқ, бұл мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық үкіметтің Web-порталы арқылы, электрондық нысанда, тегін негізде 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

4) «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою» мемлекеттік қызметі, азаматтардың 2 өтініші қаралды, бұл мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық үкіметтің Web-порталы арқылы, электрондық нысанда, тегін негізде 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

5) «Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару» мемлекеттік қызметі, 2022 жылдың өткен кезеңінде азаматтардың өтініштері келіп түскен жоқ, бұл мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық үкіметтің Web-порталы арқылы, электрондық нысанда, тегін негізде 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселесі бойынша хабарлатыным, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24039 тіркелген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығын басшылыққа алады;

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде бөлім қызметкерлері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23983 тіркелген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығын басшылыққа алады.

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі м.а. 2020 жылғы 31 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын басшылыққа алады.

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою» және «Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде бөлім қызметкерлері «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің 2021жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығының нормаларын, «аазаматтық қорғау туралы» және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады.

2022 жылғы 15 желтоқсанда тұрғын үй алуға кезектілік тізімдерін түгендеу басталды, ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады.

 

2022 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есеп
Дата публикации
17 января 2023