«Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есебі:
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру»
«Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға
анықтама беру»
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»
2020 жылы «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 277 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - азаматтардың 173 өтініші қаралды, аталған мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы ЭҮП не ХҚКО арқылы СБӨ бағдарламасы арқылы (автоматтандырылған қызмет) 15 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі;
2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі - азаматтардың 103 өтініші қаралды, бұл мемлекеттік қызмет ЭҮП арқылы электрондық нысанда және баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы 30 күнтізбелік күн ішінде тегін көрсетіледі.
3) «Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызметі 2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді, 2020 жылдың өткен кезеңінде азаматтардан өтініштер келіп түскен жоқ, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЖАО 5 жұмыс күні ішінде тегін негізде көрсетеді;
4) «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі - азаматтардың 1 өтініші қаралды, бұл мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық үкіметтің Web-порталы арқылы, электрондық нысанда, тегін негізде 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
«Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысын басшылыққа алады;
Азаматтардың өтініштерін қабылдау «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» сервистік бағдарламалық өнімнің көмегімен e-gov.kz порталында жүргізіледі.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде бөлім қызметкерлері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын» басшылыққа алады. Тұрғын үйді жекешелендіру бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау e-gov.kz порталында орналастырылған мемлекеттік тізілім сайтының көмегімен жүргізіледі.
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын басшылыққа алады.
ТҮКШ бөлімінің zhkh.saran.gov.kz сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша келесі ақпарат орналастырылған:
Е-gov.kz порталына жіберілетін санаттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепте тұрған азаматтардың кезектілік тізімдері.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, қағидалары;
2020 жылғы 15 желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік тізімдерін түгендеу басталды.