Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі, № 23 үй мекенжайы бойынша орналасқан Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеуді белгілеу туралы

Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі,  № 23 үй мекенжайы бойынша орналасқан Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеуді белгілеу туралы

 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының   97-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес, Саран қаласының   әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі, № 23 үй мекенжайы бойынша орналасқан Саран қаласының мемлекеттік   тұрғын үй  қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Саран қаласының әкімі                                                                  Д. Бұлқайыр

 

Саран қаласы әкімдігінің

2026 жылғы «__» ______

№ __________

қаулысына

1 қосымша

Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі, № 23 үй мекенжайы бойынша орналасқан Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдегі пәтердің шаршы метрі үшін ай сайынғы төлем мөлшерінің есебі

Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі, № 23 үй мекенжайындағы 60 пәтер, "Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан № 23 үйді қайта құрылымдау" обьектісі 2026 жылдың 9 қыркүйегінде қабылдап алу комиссиясы актісінің негізінде пайдалануға қабылданды.

Сатып алынған пәтерлердің толық құны – 864 600 000 мың теңге.

Жоғарыда аталған пәтерлердің жалпы ауданы - 2755,7 м².

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі (Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі).

А= Ц/Т/12

А – мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);

Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

Т – ғимараттың қызмет көрсетуінің есептік мерзімі (жыл), ҚР ҚН 1.04-26-2022 "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу" құрылыс нормаларына сәйкес - 100 жыл.

201509 "Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға беруден түсетін кірістер" коды бойынша Саран қаласы бюджетінің кірісіне аударылатын ақша қаражатының сомасы:

864 600 000 : 2755,7 = 313 750 теңге – 1 м2 құрылыс құны.

313 750:100:12= 1 шаршы метр үшін 261,4 теңгені құрайды.

 

2026 жылдың  "__" ______

№ ___

Саран қаласы әкімдігінің

қаулысына

2 қосымша

Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі, № 23 үймекенжайында орналасқан, Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері

№

п/п

Мекен-жайы

Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге)

1

Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі, № 23 үй,  пәтерлері: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60.

            261, 4

 

Ақтас кенті, Әлия Молдағұлова көшесі, № 23 үй мекенжайы бойынша орналасқан Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеуді белгілеу туралы
Дата публикации
29 сентября 2026